Қарағанды қаласы

№81 ЖББОМ мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Абильдина Рымкеш Мырзахметовна

 Айналадағы әлеммен танысу. Экология негізі 

Сабақтың тақырыбы: жануарлардың қысқы мекені. 

Сабақтың мақсаты: жан- жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, көрнекілік, әңгімелеу, ойын.

 

Көрнекілік: жабайы аңдардың суреті.

 

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты пысықтау.

3.Жаңа сабақ.

Жұмбақтар

Жылқы тұмсық,                                   Мынау оған керегі,

Ешкі құйрық.                                      Балды жақсы көреді.

Есек құлақ,                                         Қыс бойы жылы апанда,

Қорқақ өзі, қыли көзі.(қоян)                 Ұйықтау оның өнері.(аю)

 

Ит сияқты ит емес,                              Бұтадан- бұтаға секірген,

Ұнатпайды ол кісіні.(қасқыр)       Кішкентай ғана шапшаң аң.(тиін)

 

-Балалар, орманда қандай аңдар өмір сүреді?

-Олар немен қоректенеді?

— Дала жануарлары  мен үй жануарларының айырмашылығы неде?

-Қыста қай жануар орманда ұйықтап жатады?

-Қай жануар қорқақ?

-Жабайы аңдардың балаларын ата

-Қасқырдың баласы- бөлтірік, аюдың баласы- қонжық, түлкінікі- күшік, қоянның баласы- көжек.

 

Қыста аю апанда ұйықтап жатады. Ол көктем шығып, қар ерігенше осылай ұйқыда болады. Апанда жатып өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю –ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң. Бірақ өзі ешкімге тиіспейді. Көбіне өсімдікпен қоректенеді. Жазда жеміс- жидек тереді.

Қоян қыста үйілген маялардың түбінде ,не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының  арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді.

 

Тауға шықсаң –қалың қар,

Сайға түссең- қалың қар,

Шырша үсті-қалың қар,

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

 

Қорытынды: жабайы аңдардың суретін салу.
Тағы рефераттар