Жарнама нарығының қарқынды даму бағыттары туралы қазақша реферат

Жарнама нарығына кеткен шығындар бойынша көрсеткіштерді 1 кестеде көруге болады.

Жарнама нарығының даму бағыттарын Қазақстан мен Ресейді салыстыру негізінде қарастыруға болады.

Кесте 1

Жарнама нарығына кеткен шығындар бойынша берілген көрсеткіштер (млн. долл.) 

Жылдар

2008 2009 2010 (болжам)

Ресей

15965 14326 17 235

Қазақстан

902,8 692,3 969,22

 Көрсеткіштер бойынша, 2009 жылы жарнама нарығына кеткен шығындар Ресейде 10,3%-ға және Қазақстанда 23,3%-ға төмендеді. Бірақ болашақта орта шамамен Ресейде 17% және Қазақстанда 40% өсу байқалады.

Жарнама нарығының дамуына негізгі ресурс теледидарлық бюджет болып табылады. Теледидарлық жарнама нарығы 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 21,3%-ға кем, яғни 549,2 млн долларды құраған. Жылтыр журналдар нарығындағы ірі ойыншылардың  (Cosmopolitan, Burda және т.б.)  пайда болуымен байланысты баспасөз бетіндегі жарнаманы да атап айтуға болады. Бұл соңғы екі жылдары 1,5 еседен астам нарық көлемі қарқынының өсуіне әкелді.

Жарнама нарығының дамуына көптеген кедергілер әсер етеді. Фирма өз жарнамасында алдау мен дискриминациядан аулақ болуы керек. Міне негізгі таласты мәселелер:

Жалған жарнама.Жарнама берушілер жалған пайымдауларды айтпауы керек, мысалға тауар қайсы бір аурулардан емдейді деп, шынында ондай қасиеті жоқ тауарлар үшін болмайды.

Адастыруға жетелейтін жарнама. Жарнама беруші адасуға потенциальды түрде жетелейтін құлақтандыруды бермеуі керек, тіпті шындық жағдайда онда мүмкін ешкім алданбайтын болсада.

Жоғалатын еліктіргіш жарнама.Сатып алушыларды өтірік уәдемен қызықтыруға болмайды. Мысалға, сатушы 25000 теңге тұратын шетел жиһазын жарнамалайды, ал содан кейін оны осы бағаға сатудан бас тартады.

— Ынталандыру шараларын және қызмет өткізгені үшін жеңілдіктер. Фирма өткізу, ынталандыру шараларын жүргізгені және үгіттеу жұмыстарын орындағаны үшін барлық клиенттерге пропорционалды бірдей жағдайда жеңілдіктер беруге тиіс.

2005 жылы көрсетілген теледидарлық жарнама нарығының даму тенденциясы 2006 жылы да өз жалғасын табуда:

— Жарнамалық уақыт бағасының өсуі;

— Жарнамалық уақытқа және жарнамалық эфирді толтыру деңгейіне сұраныстың өсуі;

— Жарнамалық әсер ету өнімділігінің өсуі.

Эксперттердің болжамы бойынша, жарнамаға қаржы бөлудің өсуі динамикасының негізгі  себептері:

— Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, Қазақстан халқының пайда табысы жоғарылады, бұл халықтың сатып алуына үлкен әсер етеді. Осы көрсеткіштер жарнама берушілерді ұлғайтуға ынталандырады;

— Жарнамалайтын өнімдер категориялардың арасында бәсекелестік күрес өседі. Сондықтан, егер де бір ғана жарнама берушінің жарнамаға қаражат бөлуінің өсуі өз артынан оның бәсекелестер бюджетінің тізбекті өсу реакциясын  тудырады;
Тағы рефераттар