Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау туралы қазақша реферат
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:
— тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
— идея-ойлар жарнамасы;
— пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
— пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама
2. Мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері.
1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.
2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.
3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.
4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады.
Имидж жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
3. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы — өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.
Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық-сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т.б. жатады). Баспа жарнамасының мақсаты-болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру.
Баспасөздегі жарнама. Бұл – хабарландыру және шолу-жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу т.б.). Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы орнына және көлеміне байланысты болады.
Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.
Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.
Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық-беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар.
Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі-түсті жазбалар, билбордтар, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.
Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.
Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.
Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама.
Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.
Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер үшін радио және тележарнама тиімді болып табылады.
Тележарнама – жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады.
Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі – жарнама хабарларын поштамен тарату.
Газет пен журналдағы жарнаманың құны оның беттеріндегі қолданылған ауданының әрбір шаршы сантиметрінің бағасымен есептелінеді. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, газеттер мен журналдардың беттеріндегі оң жақтағы жоғарғы бөлігіне көбірек көңіл аударылады.
Ұлттық компаниялардың тауарды нарыққа жылжыту саясатының қаржылық мүмкіндіктері мен маркетингтік мақсаттарға қатысты өзіндік ерекшеліктері бар.
1-Кесте. Қазақстандық компаниялардың коммуникация түрлері бойынша шығындарының құрылымы
Компаниялар |
Коммуникацияға кеткен шығындардың барлық жиынтыққа шаққандағы үлесі, % |
Жалпы көлемге шаққандағы жарнамаға кететін шығындар, % |
||||||
Жарнама |
Өткізуді ынталандыру |
PR |
Көтермелер және т.б. |
Теледидар |
Баспасөз |
Сыртқы жарнама |
Радио |
|
«Алматы шайы» |
77 |
14 |
5 |
4 |
58 |
2 |
27 |
13 |
«Рахат» |
82 |
— |
— |
18 |
74 |
13 |
— |
13 |
«Беккер және Ко» |
55 |
5 |
10 |
30 |
5 |
19 |
— |
76 |
«Бахус» |
51 |
30 |
9 |
10 |
94 |
5 |
— |
1 |
1-кестеде қазақстандық компаниялардың коммуникация түрлеріне жұмсалған шығындарының көп бөлігі – жарнамаға, ал жарнамалық бюджетте – теледидарға кететіні көрсетілген.
Жарнама құралдарын таңдау процесі мынадай бірнеше кезеңдерден тұрады: жарнама құралдарын қамту ауқымын анықтау; жарнаманың қайталану жиілігі және әсер ету күші туралы шешім қабылдау; оны тарату құралдарын таңдау; жарнама жеткізушілерін таңдау; құралдарды қолдану графигі туралы шешім қабылдау.
Қамту ауқымы – берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы. Қайталану жиілігі – мақсатты аудиторияның өкіліне арналған хабарландыру әсерінің қайталану саны. Жарнаманың әсерін жиынтық бағалау балын (ЖББ) анықтау арқылы өлшеуге болады.
ЖББ-ны басқа журналдармен салыстыру негізінде олардың ішіндегі ең тиімдісін, яғни шығындары азын және көп мақсатты топты қамтамасыз ететінін таңдап алу керек.
Жарнаманың әсер ету күші – жарнаманың тұтынушыға әсер ету дәрежесі.
Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға әсер ететін негізгі факторлар: аудитория көлемі мен құрамы, мақсатты аудиторияның жарнама құралына көзқарасы, тауар мен үндеу түрі және жарнама бағасы.
Аудитория өлшемі мынадай жолдармен анықталады:
а) БАҚ бойынша қамтылатын адамдар саны;
б) жарнама құралдары мен тұтынушылардың байланыс саны;
в) тиімді аудитория – жарнама құралдарымен байланыста болған әлуетті клиенттердің саны. Егер мақсатты аудитория жас өспірімдер болса, онда теледидар мен радио тиімді жарнама құралы болуы мүмкін. Сән киімдерді журнал беттерінде, ал теледидарларды теледидар арқылы жарнамалау тиімді деп есептеледі. Егер хабардың көп бөлігі техникалық ақпараттан тұратын болса, онда жарнаманы арнайы басылымдарда немесе Интернетте орналастыру керек. Жарнама бағасын анықтау үшін әр түрлі БАҚ-тағы жарнама бағаларын салыстыру қажет.
Жарнама бағасы Бж (мың адамға) мына жолмен есептеледі:
Бж= |
Шж |
А |
мұндағы:
Шж – жарнамаға кеткен жалпы шығындар;
А – басылым тиражы немесе бақылау аудиториясы, мың адам.
Жарнама жеткізушілер – бұл жарнаманың әр түрін тарататын нақты құралдар. Бұл – нақты журналдар, телешоу және радиобағдарламалар. Теледидарда жарнама орналыстыруға болатын көптеген арналар мен бағдарламалар бар. Ыңғайлы уақытта жарыққа шығатын бағдарламалар арнайы сұранысқа ие және бағасы өте жоғары болады. Жарнаманы басылымда орналастырғанда оның тиражына, жарнама орнының бағасына, басылым жиілігіне, беделіне, мақсатты аудиториясына, басылым сапасына аса көңіл аудару керек. Мысалы, егер ақпарат бизнесмендерге арналған болса, онда экономикалық басылымдарлы қолдану қажет.
Жарнаманың әсер ету күші аудиторияның құрамына және басылым сапасына тікелей байланысты. Мысалы, косметикалық бұйымдарды арнайы журналдарда жарнамалау керек. Жарнаманың әсер ету күші мен құнына ықпал ететін факторлар арасынан жол таба білуі керек.
БАҚ-та қолданатын график жөніндегі шешімдер. Ол үш түрде болады. Біріншісі – жарнаманы жыл бойы қалай тарату керектігін анықтау. Жарнаманы жыл бойы немесе маусым бойынша беріп отыруға болады. Екіншісі – жарнаманы таратудың жиілігін таңдау. Үшіншіден – белгілі бір кезеңде жарнаманы әркелкі тарату. Мысалы, жарнаманы бір жылда бір рет беруге болады немесе бірнеше рет екпіндетіп жариялауға болады.
Тағы рефераттар
- Топырақты жіктеу (классификация) және олардың географиясының негізгі ерекшеліктері
- Құрылыс өндірісі шығындарының есебі және оның ерекшеліктері
- Оңтүстік Американың тектоникалық құрылымы және жер бедері
- Ғылыми фактілер жинау әдістері
- Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың эволюциясы