Жасөспірімдік жас – сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола бермейді. Сондықтан да сізге жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық және психологиялық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен көмек көрсетуге тура келеді
11-13 жасқа дейін балаға сыртқы орта маңызды рөл ойнайды. Ол сыртқы ортамен үлкен қызығушылықпен танысады, өзінің қиялы мен эмоциясын қосады. Ал жасөспірімдік дағдарыс кезеңінде бала өзінің жан-дүниесіне назар аудара бастайды, іштегі толқуларына қызығушылықпен қарап, айналасындағы адамдар арасында өз дәрежесі мен өзінің бірегей болмысын білгісі келеді.
Жасөспірімдік жастағы бала қанында үлкен көлемде өсу мен жыныстық гормондар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде баланың бойы мен салмағы артып, жыныстық жетілу, көңіл-күйінде өзгерістер байқалады.
Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық және психологиялық өзгерістер мынадай нәтижелерге әкеледі:
ü өз бет-әлпетіне деген қызығушылық;
ü тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;
ü құрбыларымен топтасу;
ü жыныстық қатынас пен жыныстар арасындағы қарым-қатынасқа деген жоғары қызығушылық;
ü жалғызсырау;
ü өзінің жеке кеңістігіне деген қажеттілік және оны қызғану;
ü кесіп айту, үзілді-кесілді пікір;
ü қаталдық көрсету арқылы ренжу.
Жасөспірім болып жатқан оқиғаларды, қоғам және ата-ана талаптарын қалыптасқан санасы арқылы өткізеді. Бала бір нәрсемен айналысып жатқан кезде оны басқа нәрсемен айналысуға мәжбүрлеу еш нәтиже бермейді. Баланы ынталандыру керек. Түсіндіру кезінде қажетті сөздерді тауып қолдану керек. Ашу кезінде айтылып қалған қатал сөздер — реніш, түсініспеушілік ешқандай нәтиже бермейді. Ата-аналарды тыныштандыратын әңгімелесу ғана емес, іс-әрекет те маңызға ие екенін ұмытпау қажет. Ол арқылы бала тұлға ретінде қалыптасады.
Әр ата-ана баласының өз теңін тауып, отбасы бақытына бөленуін армандайды. Алайда оны тек қалау аз. Бала үйде болып жатқан оқиғаларды санасына құйып отырады. Үйдегі қарым-қатынас оның болашағындағы өмірінің үлгісі ретінде қабылдануы керек. Отбасындағы қарым-қатынастар – ол баланың болашақтағы, ересек өміріндегі тәртібі. Бірқалыпты қарым-қатынас, махаббат арқа қағу мен бет сүюмен ғана емес, бір-біріне деген сыйластық, қолдау арқылы болатынын түсіндіру қажет. Бала жыныс арасындағы қарым-қатынастар туралы ойланған кезде, тек сексуальдық қызығушылықтардан бөлек, оған түсіністік және сүйіспеншілік негіздерін түсіндіруіңіз керек. Төсек қатынасы туралы әңгіме уақытында, егжей-тегжейсіз әрі құпиясыз айтылу керек. Сенімді диалог құрып, физиологиялық сұрақтарды түсіндіру керек.
Жасөспірімдік жас – барлық салаға өзгерістер әкелумен қатар, денсаулықта да өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық, психологиялық өзгерістер орын алады. Осы мәселелер бәрі түйінді пробелмаға айналады. Бала үшін ол — ауыр жүк. Алайда жасөспірім осы кезеңнің сынақ уақыты екенін әлі сезбейді. Әлеуметтанушылардың зерттеулері бойынша, әр оныншы бала осы кезеңде өзі-өзіне қол жұмсау туралы ойланады екен. Әр бесіншісі мынадай сөз айтады: «Ештеңе де жақсы емес, үмітім үзілген, жылай бергім келе береді». Жалғызсырау сезімі оларға қорқыныш ұялатады. Ересек өмірге өтуді бақылап, оған жауапкершілікпен қарау керек. Беттегі бөртпелер және майланған шаш (май және жыныстық бездердің көптеп бөлінуінен) жағдайды қиындата түседі. Қыздар мен ұлдарда жыныстық жетілу мен түрлі эмоциялардың орын алуы өмірді жаңашылдықпен толтырады.
Сезім қабілеті де ерекше дами бастайды. Осы кезеңде бала бір нәрсемен айналысуды бастайды. Баланың осы қызығушылығын қолдау керек. Сезімдер даму керек. Ол қиын да күрделі қаншама түндерді жылаумен өткізуі мүмкін, алайда бұл эмоцияларсыз адам тұлға ретінде қалыптаса алмайды. Эмоциялық адам, өзгелерге де қызықсыз әрі тартымсыз болады.
Жасөспірім өмірінде оның мектептегі ұжымы, оның достары, жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде ортасы үлкен рөл атқарады. Ата-анамен қарым-қатынасы жақсы орныққан болса да, олар достарды алмастыра алмайды. Бұл баланың ересек өмірдегі шынайы, реніштер мен қуаныштардың алғашқы тәжірибесі. Балалар оның басымдықтарын достары арқасында қалыптастырады.
Балаға ұжыммен араласуға көмектесу керек, ол үшін маңызды сұрақтарын тыңдап, оның мәселесін шешуде көмектесу керек.
Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек?
1. Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.
2. Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз.
3. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі — өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз.
4. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.vitasite.ru/articles/baby-article/podrostok-article/ — денсаулық тақырыбына арналған сайт;
2) www.nnmama.ru/content/vospitanie/Upperschool/PsyArt1 — ата-аналарға арналған сайт;
3) http://www.megabook.ru/Rubricator.asp?RNode=3465 – энциклопедия.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жасөспірімдер», «жасөспірім жас» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасының банктік несиелеу жүйесі дипломдық жұмыс
- Көмекші өндіріс шығындар есебін ұйымдастыру
- Мұхамбет-Салық Бабажанов (1834-1871)
- Реклондау – клондарды дамыту
- Болмыс философиясы