Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты, нақты, заттық тітіркендіргіштерге қарағанда, сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады. Сондықтан (әсіресе бозбалалық шақта), негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен (ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау – түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.
Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі, қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.
Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары, организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен, күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін — өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М.: ФиС, 1990.
Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.
Дыхан Л. Б., Кукушин В. С., Трушкин А. Г. Педагогическая валеология. Март, 2005, 527 с.
Мохнач Н. Н. Валеология. Конспект лекций: Учебное пособие для вузов. 2004.
Тағы рефераттар
- Кәсiби бағытталғандықты құрастырудың ерекшелiктерi
- Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
- БСО мәтіндерін әрбір пән бойынша қамтылуы
- Қылмыстың сылтауы және мақсаты
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ дипломдық жұмыс