Қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат еткен қолбасшы, батыр Бәсентиін Жасыбай Өмірұлы хақында Шоқан, М.Жүсіп, Н.Коншин жазбалары; Энциклопедия «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы, баспасөз материалдары бірқатар мәліметтерді ұсынады. Дүниеге келген жері белгісіз, Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған Жасыбай моласын кезінде Шоқан сипаттап жазып кеткен болатын.
Жасыбай Өмірұлының ата-тегін таратуда әртүрлі пікірлерге кездесеміз. Оны Сүйіндіктен («Қызыл Ту» 21.05.91), Қаракесектен (Жамалқожа), Бәсетиіннен тарататын шежіре нұсқалары бар. «Дауа» шығармашылық орталығы даярлаған мақаласында батырдың Қаракесек не Сүйіндік руларынан шыққандығына күмән келтіреді. Әлкей Марғұлан тұжырымдауы бойынша Жасыбай Сүйіндік Олжабайдың апайынан туған жиені болып келеді. Ал жеті атаға дейін қан араластырмау заңы сақталған сол заманда нағашылы жиенді бір руда налу мүмкінсіздігін ескертіп, Жасыбайдың Сүйіндіктен шыққаны жоққа шығарылады. Қаракесек шежірелерінен де Жасыбай есімі ұшыраспауы Жамалқожа мәліметіне сенімсіздік тудырады. Ал жұртқа мәлім Бәсентиін шежіресінде; «Бәсентиін-Бисен-Матай-Өмір-Жасыбай», деп тарқатылады. М.Жүсіп шежіресінде осы үлгіні қолдайды. Мәшһүр аңызындағы: «Сол күндерде Бәсентиін деген руының Таз аталған ұрпағынан Жасыбай деген батырдың беті қайтпай жүрген күн екен», — деп берілген дерегін, сын көзбен қарау қажет деп ойлаймыз. Осы орайда, Бейсеннің Таз, Матай, Сексен, Бүкі, Шоқай туғанын, Матай болуына адамдарының өсіп өнген Таз ұрпағы тасасында айтылып кетуі мүмкіндігін ескертіп, бұл мағұлыматты әлі де болса салыстыру керек деп білеміз. М.Ж. Көпеев жинағы аңыз нұсқалары мен Ф.А. Щербина, Н.Я. Коншин, Д.С. Примак кітаптарында Жасыбай батырдың Баянауылда болған «Қалмаққырған» ұрысында қаза тапқаны баяндалынады.
Қазаннан 1907 жылы басылып шыққан «Сарыарқаның кіндігі» екендігі «кітабында» М.Ж. Көпейұлы батырдың Қызылтау бауырында жер үшін болған шайқаста оққа ұшқандығын мәлімдейді. Тарихта Бәсентиін Жасыбай мен Сүйіндік Олжабай батырлар жүргізген бұл соғыс туралы әр түрлі, бірнеше пікірлер кездеседі.
Ә.Х. Марғұлан еңбегінде 1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары Жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабайдың қалмақтарды тегісімен жойған бір тау «Қалмаққырған» атанады. Б.Адамбаев мақаласында Н. Коншин қолжазбасындағы материал толық сипатталынады: «Жасыбай Баянауыл аймағынан қалмақтарды қазақтар ығыстырған арғы замандарда өмір сүрген… Бұл дұшпанға әлденеше рет соққы берген белгілі батыр. Бір жолы қазақтардың қолбасы батыры Олжабайдың тапсыруымен Жасыбай батыр шағын жасақпен мың-мың қолмен келе жатқан қалмақ қонтайшысын тауда бөгеуге аттанады. Арада кескілескен ұрыс болады. Жасыбай асқан ерлік көрсетеді, бірақ осы соғыста сауытының ашық жерінен, желке тұсынан қалмақ қонтайшысының оғы тиіп, ол содан өледі… Қазақтар ығыса бастайды, осы сәтте қырғын болған жерде Олжабай батырдың өзі жетеді. Шатқалға қамалған қалмақтар «жан сауғалап» ұлардай шулайды. Сонда олардың қонтайшысына Олжабай: «Сендердің бәрін өлген Жасыбайдың бір шынтағына татымайсындар», — дейді. Және жауынгерлеріне жауды аямандар деп тапсырады. Қалмақтар бей-берекет қашып, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалады.
Енді бір деректерде 1752 жылы Әмірсана мен Давациді іздеген Лама Доржының 20000 ойрат әскерімен болған Баянауылдағы ұрысқа оқ тиіп Жасыбай қаза табады. «Халық аңыз әңгімелерінің қайғысына назар аударсақ та Бәсетиін Жасыбай батыр Баянауыл мен Жасыбай көлі маңында болған қырғын соғыста өлген және содан былай батырдың құрметіне Жасыбай көлі деп атап кеткен. Бір назар аударарлық жағдай Қазақстан жерінде Жасыбай атындағы көлдер екеу: бірі Баянауылда, енді бірі Алматы облысы Кеген ауданында. М. Тынышбаев пікірлеріне сүйенсек Жасыбай асуы Шойынды — Жасыбай көлі, «Қалмаққырған» тауы тек жер-су аттарының тарихы ғана емес, қазақ жоңғар майданы барысын бейнелеген соғыс картасы болып табылады.
Жасыбай туралы М.Жүсіп мағұлыматын Н.Я. Коншин дерегімен салыстырып, зерделей қарағанда аңыздары жеке адамдар әрекеттері арқылы қазақ жерлерін қалмақтардан босатуға келген жасақтың әскери қимылдарын, Баянауылдағы болған ұрыс барысын, соғысу тәсілін асу бойын түзеткен қарауылшылық қызметін танимыз. Бұған қарап, Олжабайдың Баянауылға Бәсентиін малы үшін емес, Жасыбаймен бірлесіп қалмақпен шайқасуға келгенін пайымдаймыз. Жасыбайдың, Олжабайдың апайысынан туған жиені екендігін ескерсек өмірде туысқан екі батырдың ешқашан өзара жауласпағаны белгілі болады. Ұрыс алдында Олжабай, Жасыбай қолбасшылар соғыс жоспарын құратын. Жау Жасыбай күткен асу бойында келгенде, ол шағын қолмен бөгеуге міндеттенеді. Осы кезде Олжабай да неігізгі күшімен жетіп, қорашуға тиісті болады. Мақсатына жетіп, қалмақтар талқандалғанымен қазақ әскері қолбасшы, батыры Жасыбайдан айырылады.
Жасыбай батыр екен ту көтерген
18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батырларының бірі Жасыбай батыр жөнінде жыр дастан қалғаны белгілі. Дастанда суреттелетін Ер Жасыбай – Орта жүз ішінде Арғынның Бәсентиін руынан шыққан атақты батыр. Ол Олжабай батырдың досы, жауырыншы, әрі құралайды көзге атқан мерген болған. Ер Жасыбай туралы жыр-дастанмен бірге аңыз-әңгімелер де бар. Олардың ел аузынан жазылып алынған нұсқалары бұрыңғы Қазақ ССР Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында.
Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлі, Жасыбай асуы бар. Ел намысын қорғаған аяулы батыр Жасыбайдың бейіті сол асудың үстінде”.
Жоңғар мемлекетінің хандық тағына таластың нәтижесінде жеңілген ойрат шоңжарлары Амурсана, Даваци мен Банжур Абылайдан пана іздегені белгілі. Жарға тағылған жетім қозыдай пана іздеген бұл қашқындарды шығарып бермедің деп Лама-Доржы бастаған 20 мың ойрат әскері 1752 жылы қыркүйек айында қазақ жеріне басып кіреді. Бұл хабарды естісімен-ақ Абылай батырларға жаушы жіберіп, қазаң айының ортасында Баянауылда жиналу жөнінде жар салады. “Олжабай батыр” жырында осы соғысты сипаттай келе:
“…Келген жолмен шұбырып,
Есепсіз жолда қырылып,
Баян тауын жанапты…
Қайқайып садақ тартқанда,
Қалмақтың тиіп сұм ұғы;
Жасыбай қалды жығылып…” –
деп Жасыбай батырдың қаза тапқанын баяндайды.
Н.Я. Коншиннің дерегі бойынша Жасыбай батыр қалмақтарды қазақтар Баянауыл өңірінен ығыстырған ерте заманда өмір сүрген. Ол – жауларға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға әлденеше мыңдаған қолмен келе жатқан қалмақтарды тауда бөгеп, жібермеуді тапсырады. Мыңға толмас жасақты бастаған Жасыбай асқан ерлікпен соғысады. Бірақ андаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан өледі. Қазақ жасақтары қалмақтарға төтеп бере алмай, ығыса бастайды. Сол кезде қырғын болған таудың шатқалына Олжабай батыр бастаған әскер кіреді.
Осы бір тарихи оқиға Т.А. Енсебаевтың еңбегінде «ХVІІІ ғасырдың 40- — жылдарында жоңғарлар Ертіс өзені жағындағы Баянауыл далаларын басып аламыз деп әрекет жасаған. Қазақтар жауға тойтарыс беру үшін шұғыл қосын ұйымдастырды. Арғындардың әскерін Олжабай батыр Төлебайұлы басқарады, жеке әскери топтардың басында Олжабайдың жиені бәсентиін Жасыбай батыр, Едіге, Жәуке, Алпыс, Жаңабек, Көшет, Дулат, Жалаңтөс батырлар тұрады.
Соғысқа бірінші болып Жасыбай батырдың сарбаздары түседі. Оның әскери тобы тау шатқалында тұрып, қарсыластарды өздеріне тым жақындатып алып, қолдарына найза мен қылыш ұстап, тосқауылдан шыға келген. Жау қаша жөнеліп, Сабындыкөлдің жанында ғана есін жиған. Күні бойы қан шайқас болған. Қорғанып жатқан қазақтар қырғынға ұшыраған. Жоңғар мергенінің оғынан Жасыбай батыр қаза болады. Бұл туралы естіген Олжабай бар әскерімен шабуылға шығып, жауды тас талқаның шығарып жеңеді. Шайқас Баянауылдан Ақшиман жеріне ауысады. Бұл жерде Олжабайдың жоңғарды қоршауға алып, оларды қыра бастайды. Сол кезден бұл жер «Қалмаққырған» деп аталады, яғни қалмақтар қырылған жер» деп түсіну керек. Никогда не вызывай шлюх, пока не попробуешь их — проститутки Чувашии, самые умелые и красивые индивидуалки города. Хочешь знать больше — заходи на сайте.
Қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан таудың іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр қалмақтарға: “Сендердің бәрінді қосқанда өлген Жасыбайдың бір шынтағына тұрмайсындар”, — деп жауынгерлеріне жауды аяған жаралы екендігін ескертеді. Жасыңды тый. Ер елі үшін туады, елі үшін өледі. Қара жерге кіргенше қанын іздеймін боздағымның!
Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың сүйегін жартасты таудың төбесіне кояды. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар кабір басына белгі ретінде үш түп жас қайың егеді. Сол қайыңдар әлі өсіп тұр. Сол жер Жасыбай асуы аталады. Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай көлі аталсын деп ұйғарады. Содан бері Жасыбай көлі аталады.
Жасыбайдың кегін қуған Олжабай батыр Серіктасқа бекінген жау қолын қырып, Ежен ханның ордасын талқандайды. Бұл жерді халық «Қалмаққырылған», «Қалмаққырған» атап кеткен. Қалмаққырған тауы Баянауылдың күншығысына таман 60 шақырымдай жерде. Қалмаққырғанның баурайында қазір Павлодар облысы Май ауданының «Ақшиман» совхозы орналасқан.
Батырдың ата-тегі
Жасыбай батырдың ата-тегі туралы қалыптасқан негізгі пікір бойынша ол — Бәсентиін. Атап айтқанда, Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жарыққа шығарған «Қазақ тарихи жырларының маселелері» («Ғылым», Алматы, 1979 ж.) атты кітаптың 145бетінде: «Халық аныз-әңгімелерінің қайсысына назар аудар-сақ та Бәсентиін Жасыбай батыр(астын сызған — Ж- М.). Баянауыл мен Жасыбай көлі маңында болған кырғын соғыста өлгең және содан былай бұл көлді батырдың құрметіне Жасыбай атап кеткен» деген сөздер осының айғағы. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде де басқа пікір кездеспейді. Сайып келгенде ҚСЭ-нің дерегіне, білгір ғалымдардың жоғарыда келтірген мағлұматына күмән келтірер негіз жоқ.
Оның үстіне қолдағы бар шежірелерді қарап, Жасыбай атты ұрпақты Бәсентиін шежіресінен басқадан таба алмадық. Жасыбайдай батырдың есімі өз руының шежіресіне кірмей қалуы мүмкін емес.
«Ер Жасыбай»
…Ақынның қиыстырса келеді ебі,
Болған іс бәрі айтылмай қалмас тегі.
Аң қуып таудан құлап суға кеткен,
Қалмақтың Шойын деген батыр бегі.
Ол күнде бұл тауларды Қалмақ алған,
Қорған ғып әрбір жерге бекін салған.
Тұлпардың екпінінен суға құлап,
Атанып Шойындыкөл содан қалған.
Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,
Әркімнің ертеден-ақ аузында бар.
Арқадан қазақ ауып өз жеріне,
Қеткен соң ат қойылған Жасыбай көл.
Жасыбай батыр екен ту көтерген,
Басшы ғып біздің қазақ соңына ерген.
Сол жолмен аңғал батыр келе жатса,
Отырған тау басында қалмақ көрген.
Жол тосқан жауыз қалмақ Құба мерген,
Туы бар келе жатқан көзі көрген.
Көрінбей тас түбінде тұра қалып,
Тосыннан садақпенен тартып берген.
Моласы Жасыбайдың тау басында,
Қияның өзі салған қырқасында.
Қалған сөз үлкендерден бірден-бірге,
Өлгендерім болыпты сол қасында.
Бекініп Серіктасқа қалмақ қолы,
Батырлар басқа жаққа кеткен бәрі.
Есітіп бұл хабарды келген дейді,
Бөгенбай, Олжабай мен Малайсары.
Батырдың не секілді бәрі барған,
Қан төгіп қазақ, қалмақ соғыс салған.
Айтуы бұрынғының рас болса,
Қалмақтан осы жолы көп олжа қалған.
Соғыста қолға түскен Құба мерген,
Қалмақтың батырлары көп қырылған.
Серіктас деген атты қалдырысып,
Аталып Қалмаққырған содан қалған.[6, б.60-63]
(Жамал қожа қолжазбасынан үзінді)
Тағы рефераттар
- Мемлекеттің инновациялық дамуындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау ерекшеліктері
- Квант физикасы
- Биологиялық отын саласының дамуы
- Есімше
- Гренландия және Канадалық арктика архипелагы