Жазба жұмысының инновациялық түрлері туралы қазақша реферат

Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты — балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді. Щығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі туралы орыстың педагог ғалымы М.И.Рудякова «Творческий диктант не является разновидностью диктанта, а скорее это самостоятельная работа типа сочинения» дейді (Сборник диктантов по орфографий и пунктуаций. М., «Просвещение», 1991, 4-бет). В.М.Гусинова мен К Еркібаеваның «Сборник текстов для изложении» деген оқу құралында «Тексты взятые из произведений классической и современной художественной литературы, научно-популярной литературы, периодической печати должны помочь в формировании у школ гражданственности,  любви  к труду,  стремлени гуманитарным знанием» деген пікірлерінің пәнаралық байланыстағы шығармашылық диктанттарға да қатысты жағы бар (А„ «Рауан», 1998, 4-бет).

Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену — тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.

Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктантының жаңа түрі; модельге негізделген диктант; «өзің тап» диктанты; «бестік» диктанты.

Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру,

Шығармашылық дикганттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну (ол — мәтінді оқушының ары қарай жалғастыруы үшін беріледі); оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді ұсыну.

Диктант жазар алдында шығармашылық конкурс жариялауға болады. Конкурс оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады. «Словарь-справочник по методике русского языка» деген еңбегінде М.Р.Львов былай дейді: «В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его жизненная позиция. Творческие работы — сильное воспитательное средство» (М., «Просвещение», 1988, 68-бет). Осы пікір шығармашылық диктанттарға да тән. Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымы, көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет пен қазақ тілінде өтіліп жатқан материалдарды байланыстыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, тіл дамьпу оны жүргізудің басты мақсаты болып табылады.

Сөздік диктанты. Сөздік диктант дәстүрлі оқыту әдістерінде бұрыннан бар. Сөздік диктантының өзіндік ерекшелігін пікірлерден көруге болады: «Его отличителъная черта состоит в том, что диктуются слова, словосочетания, а не предложения. Словарный диктант может быть предупредительным, обьяснительным, контрольным. Он позволяет экономит время, концентрировать внимание учащихся на нужных орфофаммах, обогощать и активизировать внимание учащихся на нужных орфограммах, обогощать и активизировать словарь учащихся» деп пікірін білдіреді М.Р.Льбов. (Сборник диктантов и изложений. А., «Жеті жарғы», 2001, 149-бст).

Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.

 

1-кесте. Сөздік диктанттың 1 түрі

Мұғалім оқитынсөздер Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
Көксерек Аңшылар ауылға әкелгенқасқырдың бөлтірігі
Құрмаш Көксеректі бауырына басып, аялапөсірген бала

 

Сөздік диктанттың 2 түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.

2-кесте. Сөздік диктанттың 2 турі

Мағынасы Сөздер
Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты Көксерек
Бөлтірікті өсірген бала Құрмаш
Көксеректі бастан теуіп,еңіреген адам Құрмаштың әжесі

 

Мұндай диктанттарды қазақ тілінің кай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.

Сөздік диктантының тіл дамытудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады: оқушыларды қазақ тілінен оқып жатқан тақырыптарды қайталап, оны әдебиетпен байланыстыра отырып, жаңа мақсатта пайдалануға, білімдерін тереңдетуге көмектеседі; сауатты жазуға, сөздік қорын дамытуға әсер етеді; еске сақтау қабілетіне игі ықпалын тигізеді.

Сөздік диктанттарды түрлендіріп отыруға болады. Оқушыларды қызықтыра отырыл, тиімді әдіс-тәсілмен алған білімдерін ары қарай дамытуға дағдыландыру керек.

Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Бұл жөніндегі Н.Г.Пищугиннің «Мы будем представлять модель как знаковую систему, отображающую какой-либо объект. Она может приобретать форму схемы, макета, графики, и существовать в виде реального объекта, который в таком случае становится подобием другого (моделируемого) объекта» деген пікірі оның маңызын ашып тұрғандай (2.3).

Модельдеу технологиясықазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.

Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармадан алынады Мысалы, 6-сыныпта оқып жатқан Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің негізінде жазғызуға болады. Көп нүктенің орнына оқушылар керекті сөзді тауып жазады, яғни Мағжанның өзіне берген бағасын еске түсіре отырып жазады. Екінші кезеңде мұғалім алдарына ұсынған модель-сызбаны толтырып, диктантты ары қарай жалғастырады.

Үлгі:

Арыстанмын,

Мен кім?

Жолбарыспын

 

Күнмін

Тұлпармын

 

Бұлтпын,

Желмін

Екінші кезенде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиетпен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.

Сөздік диктанттың бұл түрі мына кезеңдерден тұрады. Бірінші кезенде тапсырмалар беріледі, мақсат түсіндіріледі. Екінші кезеңде оқушылар керекті сөздерді теріп жазады, өлеңнің түпнұсқасындағы сөздерді дәл жазу арқылы ақын «Меннің» моделін толтырады. Үшінші кезенде қазақ тілі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Модельдеріндегі есімдіктерді, зат есімдерді тауып, түлғасына қарай талдайды. Талдау түрлері мұғалім қалауына қарай басқаша да болады. Төртінші кезеңде оқушы өзіне «Мен кім?» деген сұрақ қоя отырып, «Мағжан ізімен» деген тапсырма орындайды. Онда олар өздеріне өздері баға беріп, өз «Менін» толтырады. Бесінші кезеңде осы соңғы тапсырманы «Сен кімсің?» деген сұрақ арқылы, бір-біріне баға беру арқылы жалғастырады. Осы жұмыстардың үлгісі төмендегідей болады.

Мағжанның «Мені»

Мен кім? — Арыстанмын

— Жолбарыспын
Оқушының өз «Мені»

Мен кім? — Жас тұлпармын

— Жас қыранмын т.с.с.

Бір-біріне берген баға:

Сен кімсің? — Үлгілі баласың

— Адал доссың т.с.с.

Соңғы бесінші кезеңдегі тапсырмалардың білімділік мәнімен қатар тәрбиелік мәні де зор. Ол әділдікке, турашылдыққа, өз-өздерін бағалай білуге әсер етеді. Сөздік диктанттарда да оның тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлген жөн.

Сөздік диктанттардың тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы:

Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болды.

Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді.

Үшіншіден, өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады.

Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді.

Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды. Бұл үрдіс бесінші, алтыншы кезеңдерде жүзеге асады.

Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі- «Өзің тап». «Өзің тап диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көніл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.

«Өзің тап» диктанты арқылы тіл дамыту үрдісін жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін төмендегі жолдармен жүргізуге болады.

6-сынып. Қазақ тілі: Көсемше.

Әдебиет: Д.Исабекое «Ата үміті».

Берілген тапсырмалар

1.   Көсемшелерді қайталаңдар.

2. Д.Исабсковтің «Ата үмітінің» мазмұны мен бас
кейіпкерлерін еске түсіріндер.

3.Алдында үзінді жатыр. Асты сызылған көсемшелердің
«Ата үмітіндегі» түпнұсқасын табыңдар.

4.Диктантты жазып болған соң мәтіндегі 2 көсемшеге,
түпнұсқадағы 2 көсемшенің жасалу жолына талдау жасаңдар.

Түн жарымы ауды. Немересі ойлап жатып-ақ қалғып кетіпті. Жас ұлғайған сайын ұйқы үркек бола ма, ертеңге де керек адамбыз, дем алайын деп қанша көз жұмса да, Тоқаңның кірпігі айқаспай-ақ қойды. Әрі Омаштың осы кезге дейін қайтып оралмауы ойын сан-саққа шашыратып, көңіліне әлдеқалай бір күдік пен қорқыныш туғызды. «Бұ патшағар қайда жүр? Әне бір тентек суды жұтып-жұтып қазан арыққа түсіп кеттіме екен? Жеті түнде мас боп келсе, апшымызды тарыдай шашыратьт, немеремнің жүрегінің отын алады~ау. Аспаннан түскен әзірейілдей боп қайдан ғана сап ете түсіп еді, бар болғыр. Ала сиырды үш мезгіл тұқыртып арқандау мұң боп жургенде, адырда ұйықтап, дермене өру не теңім еді. Е, Алла, әйтеуір, арты қайырлы болса болығаны да.

«Өзің тап » диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды: оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; сөздік қорының баюына ықпал етті; пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды.

Бестік диктанты.Шағын шығармашылық диктанттардың бірі — «Бестік» диктанты.

Оның моделі төмендегідей:

12         3       4        5

Сөз сөйлем — сұрақ-жауап — жазу.

Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады. Мысалы, 6-сыныпта М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан «Біржан сал Абай аулында» деген үзінді берілген. Оқушылар алдын ала диктантты жазудың әдістерін меңгеруі керек. Сол себептен де мүғалім түсінік жұмысын жүргізеді. Әдебиеттен өтіп жатқан шығарманы қайталал оқып, қайталауды тапсырады. Дайындық кезеңі үйде орындалады. Ал сабақта мұғалім диктанттың тақырыбын жазады. Оның моделі әр оқушыға таратылады, модельден ауытқуға болмайды, оның қатары қатаң сақталады.

Диктантты жүргізу әдістемесі

Мұгалім «Сөз» дегенде, бала «Біржан» деуі мүмкін немссе «Абай» деуі мүмкін.

Мұғалім «Сөйлем» дегенде оқушылар «Біржан Абай аулында» немесе «Біржан Абай аулында қонақта отыр» деуі мүмкін. Енді сұрақ қойылады.

Сұрақ: — Біржан Абай аулына неге келген?

«Өнерімен үлгі беруге келген» немесе «Абай оның әнін тыңдауға шақырған» деген сияқты жауаптар айтылуы мүмкін.

3-кесте. Диктант жүргізу барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалім сұрағы Оқушы жауабы Оқушы жазғандиктант мәтіні
Сөз Біржан Біржан Абай аулында
Сөйлем Біржан Абай аулында Өнер шашуға келді.
Сұрақ: Неге келді?
Жауап Өнер шашуға келді.

Түзету жұмыстарынан кейін дайын болған мәтінді мұғалім қайталап оқып жазғызады. Осы үлгіде диктант ары қарай жалғасады.

«Бестік диктанттың» өзіндік ерекшелігі сол — мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс-әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.

«Бестік» диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушылардың алдында жатады. Мұғалім сұрақтарына оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді.

Бұл диктанттың ұтымдылығы.

«Бестік» диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады; оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.

Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді.
Тағы рефераттар