Жер нарқының дамуында келесі факторлар шешуші роль ойнайды:
- Заңдардың нарықтық шарттарына сәйкес келуі, яғни заңдар мен нормативтік актілердің бар болуы және прогрессивтілігі;
- негізгі құнның туралығы, дәлелділігі, бағаға , нарықтық сұраныс әсерінің ескерілуі,
- жер учаскесінің адамдарды қызықтыруы;
- келісім шарттарды жасаған кезде олардың құқықтық негізінің болуы.
2001 жылдың соңында мемлекеттің қатысуымен жер учаскелерін сату – сатып алу бойынша 1184,6 млн. теңге құнындағы аумағы 1954,8 га. жер сатылған.
Жер учаскелерін сатумен бірге мемлекет жерді түрақты пайдалану құқында сату жөнінде шарттар жасады. Олардың саны 2001 жылдың соңында 370 болып, 44 млн. теңгені құрайтын аумағы 27074,0 га жер сатылады.
Сонымен бірге мемлекет жеке иелікке ақшасыз, құнсыз негізде жеке, көмекші шаруашылықпен айналысу үшін 100,0 мың га жер учаскесін, оның ішінде 60,0 мыңнан көбірек жерді бау-бақшаға саяжай құрылысына 12 мың га шамасындағы жерді құрылыс пен түрғын үймен қамту мақсатында берді. Мұның барлығы да жердің екінші рыногының базасын қалыптастыру болып саналады.
Екінші нарық азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасында жасалған келісім шарттар негізінде қалыптасады. Ол сату – сатып алу операцияларын қамтиды. Жерді сату –сатып алу кең масштабта азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар тарапынан жүргізқледі. Жер айналымының тағы да бір экономикалық механизмі жерді арендаға беру. Бұл дегеніміз жерді уақытша және төлемді пайдалану. Оңтүстік Қазақстанда жалға берілетін жердің көлемі жылдан- жылға ұлғаюда. Жерді уақытша пайдалануға жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекет жалпы сомасы 1639 жер учаскесін берген.
Оңтүстік Қазақстанда 1994- 2001 жж. аралығында уақытша пайдалануға берілген жер учаскелері.
Кесте 3
Жылдар |
Жасалған келісім шарттар |
Аумағы, га |
Бағасы млн. теңге |
1994 |
16 |
15 |
3,0 |
1995 |
6 |
180 |
6,8 |
1996 |
263 |
990 |
9,3 |
1997 |
320 |
11760 |
36 |
1998 |
168 |
1380 |
10,8 |
1999 |
205 |
600 |
3,8 |
2000 |
355 |
2381 |
12,2 |
2001 |
226 |
3857,9 |
6,7 |
жалпы |
1639 |
14200 |
88,6 |
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары комитетінен
алынған мәлімет негізінде құрылған.
Негізгі арендаторлар – ауылшаруашлық ұйымдары, шаруа қожалықтары жеке азаматтар және серіктестіктер. Арендалық жерлердің көп бөлігі – ауылшаруашылық ұйымдарының пайдалануында. Мәні жағынан екінші арендаторлар – жеке тұлғалар мен серіктестіктер. Олардың жалпы пайдаланылып отырған жерінің жалпы аумағы бүкіл облыс жерінің 26% -н құрайды.
Соңғы жылдары жер участогын жеке иелікке сатып алу азайып жерді уақытша пайдалануға алу күннен күнге өсіп келеді. Бұл жағдай азаматтардың жердің құнын төлеп сатып ала алмаудың нәтижесі деп көрсетіледі.
Тәжірибе көрсеткендей жердің ауылшаруашылық айналымынан шығып қалуының басты себебі, жер ресурсы сол жердің барлық экономикалық шаруашылық мүмкіндіктерін бағаламайды, әрине бұл барлық жағдайда емес. Сондықтан да жерді жалға беруді мақсатқа сәйкес дамыту керек.
Кесте 4
Қазақстан Республикасындағы жер құны
Қалалар |
1 кв.м жердің базалық құны |
Астана
Алматы Ақтау Ақтөбе Атырау Қарағанды Көкшетау Қостанай Қызылорда Павлодар Талдықорған Тараз Орал Өскемен Шымкент |
1180 (411 болатын) 717 145 137 123 190 114 123 129 114 137 181 114 145 181 |
Ауылшаруашылық жерлерін пайдалану схемасы.
Бастапқы жер пайдаланушылар.
Жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттен не бұл құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.
Жеке тұлғалар.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
Мемлекеттік заңды тұлғалар – түрақты және уақытша жер пайдалану құқығы
Кейінгі жер пайдаланушылар
Бастапқы жер пайдалану мәртебесін сақтап қалатын пайдаланушылардың кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.
Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін беруге құқылы.
- субаренда;
- уақытша құнсыз жерді пайдалануға ;
- мүлкін алуға (сату – сатып алу, сыйлау, ауысу,кепілдік т.б.)
Қазіргі таңда аймақтың жер нарқының 80% -ы елді-мекендерде шоғырланғанымен қалада ерекше дамыған. Әсіресе, бұл процесс Шымкентте интенсивті түрде жүріп келеді. 2002 жыл 1 қаңтардағы жерді есепке алу комитетінің берген мәліметі бойынша мемлекеттік иеліктен 2329 жер учаскесі (655,6 млн. теңге көлеміндегі 747,9 га) жеке иелікке сатылады. 2003 жылы қабылданған “жер туралы” Заңның қабылдануымен ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер тек уақытша пайдалануға берілетін болды да, тұрақты түрде жер пайдалану жойылды.
Шымкентте жыл сайын барлық түрдегі шамамен 350 келісім шарт жасалады. Оған қатысатын жерлердің көлемі орташа 320 мың га.
Тағы рефераттар
- Зорлықсыз жыныстық қылмыстар
- Мемлекет ұғымы
- Қажетті қорғану
- “Мәдениет” ұғымының мазмұны қандай?
- Қазақстан Республикасы су көздерінің қысқаша сипаттамасы