Салық кодексінде геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстарын ҚҚС- пен салық салу тәртібі сақталған. Мәселен, геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстары бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Бұл жағдайда геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстары деп әзірлеуге көмірсутегі мен минеральдық шикізат кен орындарын (шоғыр) іздестіруді, барлауды, бағалау мен дайындауды қамтамасыз ететінбелгілі жұмыста қолданылатын өзара байланысты жиынтық түсініледі. Геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстарына мынадай жұмыстар жатады:

  • жер қойнауының жағдайына мониторинг жүргізу, сейсмоболжау;
  • геологиялық, геофизиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсірулер;
  • пайдалы қазбаларға болашақты айқындаумен тұтастай алғанда республика аумағының геологиялық құрылымын зерттеу;
  • теңіз геологиялық-геофизикалық, ғылыми және тақырыптық зерттеулер;
  • ғылыми- геологиялық зерттеулер;
  • жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізі болып табылатын мемлекеттік геологиялық карталарды құру;
  •  пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру мен барлау және оларды бағалау;
  • геологиялық барлау мен геологиялық іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде тікелей пайдаланылатын мүлікті тасымалдау;

әзірлеуге көмір сутегі мен минералдық шикізат кен орындарын (шоғырларын) іздестіру, барлау, бағалау мен дайындауды қамтамасыз ететін лаборраторлық, топографо-геодезиялық, карта жасау, бұрғылау, кен үргілеу және басқа да жұмыстар.

Арнайы, қосарлама жұмыстарды қоса геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарының нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына, геологиялық жұмыстар өндірісіне геологиялық- әдістемелік талаптар, ғылыми- техникалық мүмкіндіктер, геологиялық объектінің ерекшеліктері мен зерттеу мақсатын ескере отырып әрбір геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру (ғылыми- геологиялық) объекті бойынша жер қойнауын пайдаланушыда  жобалық- сметалық құжаттамасымен (жұмыс бағдарламасымен) айқындалады.

Арнайы жұмыстардың кейбір түрлері (сызба- ресімдеу, сараптама және т.б) басқа мамандандырылған ұйымдардың күштерімен орындалуы мүмкін және геологиялық барлау мен геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы жұмыстарды орындау қажеттілігі геологиялық объектінің жобалық- сметалық құжаттамасында (жұмыс бағдарламасында) негізделеді және көрсетіледі. Бұл ретте, жеңілдік жер қойнауын пайдаланылушымен осы жұмыстарды орындауға шартты тікелей жасаған ұйымдарға ғана қолданылады.

Орнату мен бағалау  кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге геологиялық зерттеу, барлау және дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жүргізген шығыстар, төленген жазылмалы бонус сомасы мен коммерциялық табылу бонусы жеке топ құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қарауы бойынша айқындалатын нормалар, бірақ 25 пайыз мөлшерінде амортизацияның шекті нормасын жоғары пайдалы қазбаларды өндіруді бастау сәтінен амортизациялық аударымдар түріндегі жылдық жиынтық кірістен шегеріледі.

Осы шығыстар мыналардан басқа табиғи ресурстарды өндіруге геологиялық зерттеу мен дайындық жұмыстарын өткізу кезеңінде жасалған келісім-шарт жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған кірістер сомасына оларды кеміту жолымен түзетуге жатады:

  1. пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған кірістер;
  2. Кодекс ережелеріне сәйкес жылдық жиынтық кірістен алып тастауға жататын кірістер.

3.  Арнайы салықтар мен жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері

Арнайы салықтар мен жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдеріне мыналар жатады:

— үстем пайдаға салық;

— бонустар(жазылмалы,коммерциялық табу);

— роялти;

— өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.

Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың кесімді төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттабелгіленген мөлшер мен тәртіпте ақшалай нысанда төленеді:

1)         жазылмалы бонус;

2)         коммерциялық табу бонусы.

Жасалынатын келісім-шарттың техникалық-экономикалық есептеріне сәйкес жасалынатың келісім-шарт бонустардың бір немесе екі түрі қолданылады.

Жазылмалы бонус келісім-шарт аумағында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы үшін жер қойнауын пайдаланушының бір жолғы кесімді төлемі болып табылады.

Бұл ретте, жазылмалы бонустардың бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, ал соңғы мөлшері кен орнын (аумақтардан) жер қойнауын пайдаланушы үшін берілетін экономикалық құндылықтарды ескеріп, келісім-шартта, бірақ бастапқы мөлшерлерден кем еместе белгіленеді.

Жазылмалы бонус келісім-шартпен белгіленген мерзімде, бірақ оның күшіне ену сәтінен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей бюджетке төлеуге жатады, ал декларация төлем мерзімі басталған айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша аумақтық салық органына жер қойнауын пайдаланушы береді.

Коммерциялық табылу бонусы келісім-шарт аумағында әрбір коммерциялық табылу үшін, оның ішінде, алғашқы белгіленген алынатын қорларды ұлғайтуға алып келетін кен орнын қосымша барлау барысында пайдалы қазбаларды табу үшін белгіленеді.

Оларды одан кейін өндіруді көздемейтін пайдалы қазбалардың кен орнын барлау өткізуге келісім-шарттар бойынша коммерциялық табылу бонусы белгіленбейді.

Коммерциялық табылу бонусының мөлшерін есептеу үшін:

—         салық салу объектісі кен орнына пайдалы қазбалардың алынатын қоларын мемлекеттік органның осы мақсаты үшін уәкілетті бекіткен көлемі болып табылады;

—         база пайдалы қазбалардың алынатын қорларын бекіткен көлемінің құны болып табылады, ол төлемді жүзеге асыру күнінен осы пайдалы қазбаның биржа бағасын ескеріп айқындалады;

—         ставка әрбір келісім-шартта жер қойнауын пайдалануды жүзеге асырудың жеке жағдайларын ескеріп, бірақ 0,1 пайыздан кем емес тиісті коммерциялық табылу бойынша алынатын қорлардан бекітілген құнға пайыздарда белгіленеді.

Коммерциялық табылу бонусының мерзімі келісім-шартпен белгіленеді, ал салық декларациясы төлем мерзімі басталған айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша аумақтық салық органына жер қойнауын пайдаланушы береді.

Роялти төлеушілер есепті кезеңде оларды сату орны болды ма, болмады ма, оған қарамастан мемлекеттік меншіктегі технологендік минералдық құрылымдарды алу мен пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Роялти өз мұқтаждарына пайдаланылды ма немесе сатып алушыға сатылды ма, оған қарамастан өндірілетін пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша жеке төленеді.

Үстеме пайдаға салық төлеушілер пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін осы келісім-шарттар жағдайында жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өндіруге келісім-шарттар мен өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратындардан басқа жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін жер қойнауын пайдаланушы төлеуді (беруді), сондай-ақ мыналардан басқа Кодекспен көзделген салық және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуді көздейді:

— шикі мұнайға және басқа да пайдалы қазбаларға акциз;

— үстеме пайдаға салық;

— жер салығы;

— мүлік салығы.

Алайда, бұл жер қойнауын пайдаланушылар осы төлемдерді төлеуден босатылмайтынын білдірмейді. Аталған төлемдер өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда Республика үлесінде ескеріледі, ол республикалық және жергілікті бюджеттердің көзі болып табылады.

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт шарт болып табылады, оған сәйкес Қазақстан Республикасы оның шотынан осы жұмастармен байланысты жүргізу мен келісім-шарт аумағына пайдалы қазбаларды өндіруге құқықтың төлемді негізінде жер қойнауын пайдаланушыға беріледі және мынадай шарттары болуы тиіс:

—         бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;

—         Қазақстан Республикасының үлесін және жер қойнауын пайдаланушының пайдасын айқындау;

—         пайдалы өнімді (өтемақылық өнімнің шегерімінен кейін бөлуге жататын өнім) бөлу (заттай, ақшалай) нысаны;

—         өндірілген өнім бөлімін айқындау, келісім-шарт бойынша (өтемақылық өнім) жұмыстарды орындауға шығыстарды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыға меншікке беріледі;

—         бағаны белгілеу және ақшалай теңгерімде өнімді бөлу кезінде өнімнің құнын айқындау.

Өтелетін шығыстар деп жұмыстардың бағдарламасын орындау кезінде нақты шегілген жер қойнауын пайдаланушының негізделген шығыстары түсініледі. Өтелетін шығыстарды өтеуге жіберілетін өнімді шекті бөлу барланатын кен орнының экономикалық құндылығын ескеріп, әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленеді, бірақ есепті салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндірілген пайдалы қазбалардың жалпы көлемінен 80 пайыздан аспауы тиіс.Өтелетін шығыстар келісім-шартпен көзделген тәртіпте бекітіледі.

Өтелетін шығыстардың құрамына мыналар енгізіледі:

1)     келісім-шарттың күшіне ену сәтіне дейін жер қойнауын пайдаланушы нақты шеккен шығыстар:

келісім-шарттың қорытындысына тиесілі сатыдағы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға және әзірлеуге шығыстар;

келісім-шарттың күшіне енуне дейін жүзеге асырылған және осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау және барлау жұмыстарына шығыстар;

2)          Кодекспен белгіленген шығыстардан басқа оның барлық қызмет кезеңі ішіндегі және келісім-шарттың күшіне ену күнінен бастап жер қойнауын пайдаланушы шеккен шығыстар.

Өтемақылық өнім есебінен өтелетін шығыстар.

Жер қойнауын пайдалану құқығына конкурсқа қатысу үшін жарна төлеу бойынша шығыстар;

Геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша шығыстар;

Олар бойынша келісім-шартпен шектеу белгіленген олардың асу бөлігіндегі баптар негізіндегі шығыстар, оның ішінде әкімшілік шығындары;

Жеткізу (бөлу) пунктінен сату пунктіне дейін осы өнімді жеткізуге шығыстарды қоса пайдалы өнімнің үлесі мен өтемақылық өнімді жер қойнаын пайдаланушыға тиісті сатумен байланысты шығыстар, тасымалдау кезіндегі шығыстар, нысаналы пунктке өнімді тасымалдау кезінденгі сақтандыруға шығыстар, комиссиялық және өзге де шығыстар;

Акционерлердің (құрылтайшылардың) талаптары бойынша жүзеге асырылатын қаржы-шаруашылық қызметін ревизиялаумен (аудитпен) байланысты шығыстар;

Келісім-шартпен белгіленген өз міндеттемелерін салық төлеушілердің орындамауы немесе дұрыс орындамауымен байланысты туындайтын шығыстар;

Экскурсияларға және саяхаттарға жолдамалардың құнын төлеумен байланысты шығыстар;

Сот талқылауларамен байланысты шеккен шығыстар;

Жер қойнауын пайдаланушылардан мемлекеттік органдар өндіріп алатын айыппұлдар мен өсімдер;

Келісім-шарт бойынша қызметке жатпайтын басқа да шығыстар.

Жер қойнауын пайдаланушының шығыстары мыналарға азайтылады:

оларды алумен байланысты шығыстардың шегерімімен келісім-шарт бойынша алынған немесе құрылған мүлікті жалға тапсыру үшін жалға алу төлемін алумен байланысты операциондық кірістердің сомасы;

келісім-шарт шегіндегі қызметтен алынған өзге де кірістердің (айыппұлдардың, өсімдердің, тұрақсыздық айыптарының және т.б) сомасы.

Заттай нысанда өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін белгілеү мен төлеу тәртібі.

Оған қол қою сәтіне дейін заттай нысанда роялти төлеуге келісім-шартқа қосымша келісім-шартты жасау жағдайында міндетті түрде оның салықтық сараптамасы жасалады.

Бұл ретте, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін төлеудің заттай нысаны төлемнің ақшалай нысандағы осы төлемдері үшін келісім-шартта белгіленгенге тең болуы керек.

Келісімде өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін төлеудің заттай нысанды белгілеу кезінде міндетті түрде мыналар көрсетіледі:

1)      республиканың роялти және үлесіне келетін өнімнің бөлігіне мемлекет атынан алушы (бұдан әрі – алушы);

2)      жеткізудің пункті мен шарты.

Республиканың роялти және үлесін төлеу есебіне берілетін өнімді     жер қойнауын пайдаланушының беру мерзімі келісімде ақшалай нысанда төлем үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шартта      белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінің мерзіміне сәйкес келуі керек.

Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген төлемдерді төлеу мерзімдерінен кешіктермейтін мерзімде алушыға өнімді береді.

Ақшалай нысанда төлеу үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген төлемдерді төлеу мерзімінде алушы келісім-шарт жағдайына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы есептеген ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін мемлекеттік бюджетке аударады, сондай-ақ өз бетімен өнімнің тиісті көлемін оған жер қойнауын пайдаланушы толық және уақтылды беруге бақылауды жүзеге асырады.

Жер қойнауын пайдаланушы мен алушы салық органына мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша келісім-шартпен белгіленген мерзімдегі заттай нысанда өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін төлеу (беру) мөлшері мен мерзімі туралы есеп беруді ұсынады.

Алушы алынған өнім үшін қаражатты бюджетке аударудың толықтығы мен мерзімдерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жауапкершілікте болады.
Тағы рефераттар