Жер планетасы бұдан 4,7 млрд жыл бұрын қалыптасып, оның эволюциясының алғашқы кезеңі атмосфера, гидросфера, литосфераның абиогенді физико-химиялық қалыптасуы мен олардың арасындағы қатынастардың қарқындауы арқылы болды. Вулкандар әсерінен жүретін геологиялық және геохимиялық үрідстер нәтижесінде азот пен көміртегі оксидтері бөлініп шығып, сутегі, метан, аммиак және су буларынан тұратын атмосфераны қалыптастырды.

Биота 4,7 млрд жыл бұрын қалыптаса бастады және Жердің географиялық қабықшасының эволюциясында үлкен роль атқарды. Биота қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге орта жағдайларын өзіне қолайлы бағытта өзгертті де. Жер эволюциясының алғашқы 4 млрд жылында биота литосфера, гидросфера мен атмосфераға айтарлықтай өзгеріс енгізетін фактор бола қойған жоқ. Жер эволюциясының екінші кезеңі прокариоттардың — бір клеткалы ядросыз организмдердің, 3,3 млрд жыл бұрын қарапайым көкжасыл балдырлардың пайда болуымен сипатталады. Алайда, биотикалық фактор әлі де Жердің құрылымдық-структуралық белсенді компоненті болған жоқ еді.

Үшінші кезең 1,9-2,0 млрд жыл бұрын, эукариоттар – бір клетаклы ядролы организмдер пайда болған кезден басталады. Нәтижесінде 1,2-1,0 млрд жыл бұрын мұхитта қарапайым көп клетаклы өсімдіктер мен жануарлар пайда бола бастады. Төртінші кезеңде биотаның қарқындап дамуы Жердің географиялық қабықшасы эволюциясының аса маңызды факторларының біріне айналды. Бұл соңғы 600 млн жылда өтті. Осы кезеңде биота фотосинтез арқылы Жердің көмірқышқыл газды атмосферасын азотты-оттекті атмосфеарға айналдырып, атмосфераға миллиондаған тонна молекулалық оттегі бөліп, озон қабатын қалыптастырып, омыртқалы жануарлардың құрылыққа шығуына алғы шарттар жасады. Органикалық әлемнің эволюциясының осы кезеңінде атмосфера фотосинтездің негізгі компоненті – көмірқышқыл газына байытылып, ал оттегі мөлшері біршама азайды. Палеозойдың көп бөлігінің барысында СО2 атмосферадағы концентрациясы 0,1-0,4% болды. СО2 бұндай концентрациясында авторофты өсімдіктердің көпшілігінің өнімділігі ең жоғарғы шегіне жетіп, түзілген орасан зор биомасса түрлі өзгерістерге ұшырап, нәтижесінде жанғыш органикалық пайдалы қазбалардың мол қоры түзілді. Бұнымен қатар автотрофты өсімдіктердің массасы, онымен бірге Жер бетіндегі тірі организмдердің массасы азайды. Бесінші кезең — Жерге бұдан 65 млн жыл бұрын диаметрі 9 км алып аспан денесінің құлауы және экологиялық жағдайдың кенет өзгеруі нәтижесінде жануарлардың көпшілігі, оның ішінде динозаврлар да қырылып, бұл сүт қоректілердің дамуына себеп болды.

4,5-5 млн жыл бұрын адам тәрізді маймылдардан гоминидтер тұқымдастығының ажырауы бесінші кезеңнің соңы болды. Адамның алғашқы қауымдық ата-тегі табиғи құралдарды қолдан жасауды үйренді. Олар австралопитектерге жақын, 2,5 млн жыл бұрынғы ертедегі гоминидтер (Homo habіlіs — қабілетті адам) тас дәуір –олдувай дәуірінің бізге белгілі мәдениетін жасаушылар болды. Алғашқы палеолитте (шамамен 900-300 мың жыл бұрын) австралопитек- гоминидтер біршама жетілген құралдар жасай бастап, архантроптардың (Homo erectus – тік жүретін адм) ертедегі ашелл және шелл мәдениетін сақтаушылардың қалыптасуына жағдай жасады.

Бесінші кезеңде 40-100 мың жыл бұрын антропогенез процесі қазіргі заманғы адамның (Homo sapіens – саналы адам) физикалық типінің қалыптасуымен аяқталды, ал бұдан соң 12-7 мың жыл бұрын алғашқы қауымдық қауымлық құрылым аяқталып, құл иеленушілік қоғам қалыптасып, Жер дамуының антропогендік кезеңі басталды: орман ағаштары кесіліп, өртеліп, мал және егін шаруашылығы дами бастады.

Аса маңызды оқиғалардың хронологиясы

15 млрд жыл бұрын — Үлкен жарылыс.

3 минуттан кейін — Әлемнің заттық негізі түзілді (фотондар, нейтрино мен антинейтрино сутегі, гелий және электрондар ядроларының қоспасымен).

Бірнеше жүз мың жылдан кейін – атомдар (жеңіл элементтердің) пайда болды.

14 — 12 млрд жыл бұрын — әртүрлі масштабтағы құрылымдардың (галактикалардың) түзілуі.

10 млрд жыл бұрын – алғашқы жұлдыздар пайда болып, ауыр элементтердің ядролары түзілді.

5 млрд жыл бұрын – Күн пайда болды.

4,7 млрд жыл бұрын – Жер пайда болды.

4,5 млрд жыл бұрын – Жерде тіршілік пайда болды.

3,3 млрд жыл бұрын – бір клетаклы ядросыз организмдер пайда болды.

2 млрд жыл бұрын – клеткада ядро түзілді.

1 млрд жыл бұрын – организмдер жануарлар мен өсімдіктерге бөлінді.

500 млн жыл бұрын – жануарларда қаңқа пайда болды (хордалы жануарлар).

450 млн жыл бұрын — өсімдіктер құрлыққа шықты.

320 млн жыл бұрын – жануарлар құрлыққа шықты (алғашқы амфибиялар – ихтиостегиялар – балық құйрықты және төрт жүзу жарғақты жануарлар).

290 млн жыл бұрын – динозаврлар пайда болды.

167 млн жыл бұрын – алғашқы ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар мен археоптерикстер).

150 млн жыл бұрын – алғашқы сүт қоректілер пайда болды.

65 млн жыл бұрын – динозаврлар жойылып, сүт қоректілер эволюциясына жол ашылды.

14 млн жыл бұрын — қарапайым гоминидтер – рамапитектер пайда болды.

5-6 млн жыл бұрын – антропогенездің басы.

Қазіргі заманңы ғылымға тек қана даталар ғана белгілі екендігін айта кету маңызды, ғалымға сонымен қатар, лкен жарылыстан басталып осы күнге дейін жалғасып жатқан Әлемнің эволюциясының механизмдері де белгілі. Бұл – бір ғана жүз жылдықта ғылымның қол жеткізген фантастикалық қорытынды деуге болатын жағдай.

Атақты америкалық астроном Карл Саган (1934 жылы туылған) Әлемнің эволюциясының көрнекті моделін жасады, ол бойынша, космостық жыл шамамен біздің 15 млрд жылымызға, ал 1 секунд – 500 жылға тең; сонда эволюцияның уақыты жердегі бірліктермен есептегенде төмендегідей болады екен:

лкен жарылыс 1 қаңтар 0 сағ 0 мин

Галактиканың түзілуі 10 қаңтарда

Күн системасының түзілуі 9 қыркүйекте

Жердің түзілуі 14 қыркүйекте

Жерде тіршіліктің пайда болуы 25 қыркүйекте

Мұхиттағы планктон 18 желтоқсанда

Алғашқы балықтар 19 желтоқсан

Алғашқы динозаврлар 24 желтоқсанда

Алғашқы сүт қоректілер 26 желтоқсанда

Алғашқы құстар 27 желтоқсанда

Алғашқы приматтар 29 желтоқсанда

Алғашқы гоминидтер 30 желтоқсанда

Алғашқы адамдар 31 желтоқсанда шамамен 22 сағат 30 минутта пайда болған.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Биологиялық эволюция, оның құрылымы.

2. Биологиялық эволюцияның механизмі.

3. Бимологиялық эволюцияның қозғаушы күштері: негізгі және қосымша.

4. Катастрофалық құбылыстар, түрлердің жойылып кетуі, олардың себептері жөніндегі гипотезалар мен теориялар.

5. Кратер түзілу үрдістері, олардың себептері мен периодтылығы.

6. Радиоактивті элементтер, радиоактивтіліктің тірі организмдерге тигізетін зардаптары.

7. Рифтогенез, оның кезеңдері, мутация туралы түсінік және рифтогенездің биосфера эволюциясының барысына әсері.

8. Жердің магниттік өрісі, оның биосфера дамуындағы ролі.

9. Динозаврлар, олардың Жер биосферасы фаунасында үстемдік құруы, тіршілігі және жаппай жойылып кетуі мен оның себептері жөніндегі жорамалдар.

10. Озон қабаты, қышқыл жаңбырлар туралы түсініктер.

11. Жердің геомагнитті өрісінің инверсиялары және басқа да құбылыстар, олардың биосфераға әсері.

12. Антропогенез, оның негізгі кезеңдері мен оларға

тән белгілер.

13. Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері, олардың себептері мен биосфераға әсерлері.

14.Магниттік дауылдар, олардың себептері мен биосфераға әсерлері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Горелов А.А. Концепции современного естествознания. Москва: Центр, 1997, 208 б.
  2. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов, Под ред. проф. В.Н.Лавриненко, проф. П.Ратникова. –М.: Культура и спорт, ЮНЙТИ, 1997, -271 б.
  3. Мукашев З.А. Концепции современного естествознания: курс лекций. Алматы: ВШП Әділет, 1998, 150 б.
  4. Потеев М.И. Концепции современного естествознания – СПб.: изд-во «Питер , 1999. –352 б.
  5. Рузавин Г.И. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1999, -288 б.
  6. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М.: Высш школа.: 1990
  7. Андреев И.Л. Происхождение человека и общества. – М.: Мысль, 1982.
  8. Будыко М.И., Голицын Г.С., Израэль Ю.А. Глобальные климатические катастрофы.-М.: Гидрометеоиздат, 1986.
  9. Вернадский В.И. Биосфера. Различные издания.
  10. ВладимирскийБ.М., Кисловский Л.Д. Космические воздействия и эволюция биосферы. – М.: Знание, 1986.
  11. Газенко О.Г., Пестов И.Д., Макаров В.И. Человечество и космос. – М.: Наука, 1987.
  12. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л.: Наука, 1990.
  13. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Различные издания.
  14. Дикерсон Е.Р. Химическая эволюция и происхождение жизни. 103 б.
  15. Ивахненко М.Ф., Корабельников В.А. Живое вещество Земли. М. 1987.
  16. Каратаев О.Г. Проблемы электромагнитной совместимости. –М.: Знание, 1988.
  17. Кендрью Дж. Нить жизни. М., 1968.
  18. Костицын В.А. Эволюция атмосферы, биосферы и климата. М. 1984.
  19. Крывелев И.А. История религий : Очерки в 2 т. М.: Мысль, 1988.
  20. Кун Т. Структура научных исследований. М., 1975.
  21. Майр Э. Эволюция. М., 1981.
  22. Матюшин Г.Н. У истоков человечества. –М.: Мысль, 1982.
  23. Монио А.С., Шишков Ю.А.. История климата. Л.: 1979.
  24. Неручев С.Г. Уран и жизнь в истории Земли. – Л.: Недра, 1982.
  25. Николов Т.Г. Долгий путь жихни. –М.: Мир, 1986.
  26. Новиков И.Д. Эволюция Вселенной.-М.: Наука, 1983.
  27. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. М., 1974.
  28. Почтарев В.И. Земля- большой магнит.-Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
  29. Пригожин И., СтенгерсИ. Время, хаос, квант. М., 1994.
  30. Реймерс Н:Ф: Пиродопользование. Словарь-справочник. М.: 1990.
  31. Семнов Ю.И. На заре человеческой истории. М.: Мысль, 1989.
  32. Сноу Ч. Две культуры. М., 1973.
  33. Станы и народы мира. Общий обзор. М.: 1978, т.1
  34. Тинберген Н. Социальное поведение животных. М., 1992.
  35. Ушаков С.А., Ясаманов Н.А. Дрейф материков и климаты Земли. М. 1984
  36. Чижевский А.Л. Эхо солнечных бурь.
  37. Филиппов Е.М. Вселенная, Земля, жизнь. –Киев: Наукова думка, 1983
  38. Филиппов Е.М. Ядра, излучение, геология. – Киев: Наукова думка. 1984
  39. Филиппов Е.М. О развитии Земли и биосферы. – М.: Знание, 1990. 48 б.(Новое в жизни, науке, технике. Сер. «Науки о Землең; б.5
  40. ФлинтР.Ф. История Земли. М. 1978.
  41. Эйнштейн А., Инфельд Л. Эволюция физики. М., 1965.

Тағы рефераттар