Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Азамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының енң байтақ жері бар. Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:

  • экономиканың әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
  • тұлғаларды жерге орналастыру;
  • жердің құнарлығын арттыру;
  • жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
  • аумақтың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.

Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр

жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық немесе сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын,өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі. Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынандай санаттарға бөлінеді:

  1. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
  2. елді мекендер жерлер;
  3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
  4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлер;
  5. орман қорының жерлері;
  6. су қорының жерлері;
  7. запастағы жерлер.

Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынандай екі топқа бөлінеді:

1)     тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері,

2)     тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Жерлердің мынандай санаттарына салық салынбайды:

1)    ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2)    су қорының жерлері;

3)    орман қорының жерлері;

4)    запастағы жерлер.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер:

Жер салығы бойынша бірнеше салық жеңілдіктері берілген.

Атап айтқанда:

1)    1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да

міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес;

2)    елді мекендердің жалпы пайдаланудағы жер учаскелеріне салық

салынбайды;

3)    жер салығын төлеуден босатылады:

  • балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық дендрологиялық

және зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;

  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік

табиғат және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау органдары;

  • Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы Қазақ зағиптар

қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелері;
  • Ауыл шаруашылық мақсаттар үшін иеленуге немесе пайдалануға

бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, пайдаланудың алғашқы он жылында;

  • Ұлы отан соғысына қатысушылар және сапарға теңестірілген тұлғалар,

I  және II топ мүгедектері;

  • Құрылғылар алып жатқан 0
  • 0,25 гектар шегіндегі жерлерді қоса алғанда, өзіндік қосалқы

шаруашылық, саяжай салу, бау-бақша үшін алған жеке тұлғалар

Бүгінгі таңда жер салығын төлеуден босатылады.

1)     бірыңғай жер салығын төлеушілер, шаруа қожалықтарына арналған

арнайы салық режимі қолданылатын қызметті пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2)     мемлекеттік мекемелер;

3)     салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асыратын

жер қойнауын пайдаланушылар;

4)     уәкілетті органдардың қылмыстық жазаларды атқару саласындағы

түзеу мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындары;

5)     Ұлы отан соғысына қатысқандар және солардың теңестірілген адамдар

мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектердің ата-аналарының біреуі;

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскілері бойынша;
  • үй маңындағы жер учаскелері бойынша;
  • жеке үй (қосалқы) шаруаларын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері бойынша;
  • гаражға арналған жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелер бойынша;
  • «Ардақты ана» атағына ие болған аналар;
  • «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
  • Діни бірлестіктер.

Тағы рефераттар