Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды.
Көп тепкен жерден көл шығады.
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Жер тоймай, ел тоймайды.
Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
Жер – ана,
Ел — бала.
Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.
Қыстағы қар — жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
Су — ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет.
Қара жер қарыз арқаламайды.
Жеріне қарай астығы.
Жер тойынбай, ел тойынбайды.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
Судың да сұрауы бар.
Суға кеткен тал қармайды.
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
Көрінген таудың алыстығы жоқ.
Тағы рефераттар
- Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
- Кәсіпорын табысы және оны қалыптастырудың теориялық негіздері дипломдық жұмыс
- Несиенің мәні
- Мәншүк Мәметова
- Білім туралы қазақша мақал-мәтелдер