Мазмұны

Кіріспе…..9
1. Жерді пайдалану құқығының мәні мен қоғамдағы маңыздылығы…..12
1.1 Жерді пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы…12
1.2 Жерді пайдалану құқығының режимі…….27
1.3 Жерді пайдалану құқығының түрлері…….37

2. Жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық негіздері…..40
2.1 Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметі…40
2.2 Жерді пайдалану құқығының субъектілері және олардың құқықтары мен міндеттері….62
2.3 Жерді пайдалану құқығын жетілдірудің өзекті мәселелері…….80

Қорытынды…..87
Пайдаланылған әдебиеттер…..96

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай ұрығын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс-шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзыреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистикка бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халықымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.

Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема – ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалануда және жерді қорғау саласындағы заңдарды және басқару органдарының қызметтерін реформалауды талап етуде, осыған байланысты жер реформасына заңгер ретінде үлес қосу.

Жұмыстың объектісі. Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастардың дамындағы жерлерді ұтымды түрде пайдалану құқығы болып табылады.

2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады.

Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конститутциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.

Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы – Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы – Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2010 жылы – Бюджет, Салық кодекстері әзірлеп, қабылданды. Бірқатар өңірлерде экологиялық қиын жағдай орын алған біздің ел ішін ең өзекті мәселе табиғат қорғау заңнамасын, оның ішінде халықаралық міндеттемелер мен дамыту болып табылады.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (жерді ұтымды пайдалану) қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек.

Күннен-күнге жер дауларының көптен кездесуіне байланысты жерді пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы әлі де жалғасын табуда.

Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығын зерттеуге арналған еңбектер аз десек қателеспейміз және олар негізінен жерді ұтымды пайдалануды құқықтық түрде реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады.

Дегенменде Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен Ә.Е.Еренов, Ә.С.Стамқұлов, С.Б.Байсалов, К.А.Шайбеков, Н.Б.Мухитдинов, Ә.Е.Бектұрғанов, Д.Л.Байдельдинов, Л.К.Еркінбаева, Ж.Х.Қосанов, А.Х.Хаджиев, С.Т.Культелеев, Б.Ж.Абдіраимов, Е.Ш.Дүсіпов, Ә.Ерәли, Н.Батырбаев, Б.Бегалиев, С.Мұстафаев және т.б. бөліп айтуға болады.

Жерді пайдалану құқығын төмендегідей ресейлік ғалымдар зерттеген Иконицкая И.А.,Краснов Н.И., Ерофеев Б.В., Фомина Л.П., Карамышева О.В., Топорнин Б.Н., Сыроедов Н.А., Быстров К.Е, Боголюбов С.А., Волков Г.А., Крассов О.И., Камышанскийлер және т.б. айтуға болады.

Дипломның зерттеу объектісі болып – республикамыздағы нарықтық қатынастар мен құқықтық реформаның жүргізілуіне байланысты, жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық реттелуі, жер пайдалану құқығы және онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық құқықтық қатынастар танылады. Ал, зерттеу пәні – жер пайдалану құқығы туралы ұғым, жер пайдалану құқығының объектілері, осы құқық институтының субъектілері және олардың құзіреттері, құзіреттерінің құқықтық жағдайы, олардың қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы жер ұтымды түрде пайдалану құқығының құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдарымыздағы кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді көрсете отырып, теориялық қорытындыларды негіздеу және жер пайдалану құқықтарын реттеуді қамтитын жер заңдарын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау, мен үшін болашақ заңгер ретінде алға қойған мақсат болып отыр.

Мен, зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, жүйелік, нақты-тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістермен қарастырғандыжөн санадым. Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғылымдардың жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативті-құқықтық деректермен, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектерін зерттеп қарастырдым.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер туралы қабылданған еліміздің заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Азаматтық заң актілері, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативті-құқықтық актілері зерттеудің нормативтік базасын құрайды.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы жерді ұтымды түрде пайдалануды құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері – зерттеудің негізгі нәтижелерінің бірі. Жұмыста жаңа немесе жаңашылдық сипаттағы өзіндік қорытындылар мен ұсыныстар назарға ұсынылады.

Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  Диплом жұмысы / 98 бет
Тағы рефераттар