Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлаудың негізгі бағыттары туралы қазақша реферат

Жергілікті бюджеттің шығыстарыбұл аумақтық тұрғыда жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категорияретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Жергілікті бюджеттің шығыстары —  аумақтық тұрғыда қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі.  Жергілікті бюджет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан  жергілікті бюджет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. [10]

«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:

1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.

2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» үғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-қарсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді. [9]

Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Жергілікті бюджет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік көсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындарышығыстарының құрамына мыналар кіреді:

1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3)  бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4)  көтермелеу жөне ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың біріншітобықорлардың    толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру   болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшіншітоптарын қамтиды.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің үйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сөйкес мемлекет шығыстарының жуйесіарқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «жергілікті бюджет шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды. [11]

Жергілікті бюджет шығыстарының басым бөлігі қогамдык, тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетудіөндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл жергілікті бюджет  шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық төртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақүрылымдық кәсіпорындары мен үйымдарының, өнімі мен қызмет керсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттан-дыруы тиіс.

Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық турлерінің жиынтыгы мемлекет шыгыстарының жуйесінқүрайды.  Жергілікті бюджет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік көсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік қүнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.  Жергілікті бюджет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады.  Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістіқ капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің үзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Жергілікті бюджет шығыстарын ұйымдастыругаоларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражатгарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекетгің шығыстарын ұйымдастыру қағидатгарының бірі жоспарлылықболып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметгік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатыңца мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және ендірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.  Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдісболып табылады.

Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипатымемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың жөне аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. [11,  115 –б. ]

Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипатыберілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыруқаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.

Ресурстарды пайдалануда үнемрежімін сақтау— мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жүмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі қүнтты пайдалануға бағытталған.

3 кесте

Мақтаарал ауданының 2008 жылға арналған бюджеттің шығыс

бөлігінің жоспары.

(мың теңге)

Шығыстар

2007ж

нақты

2008ж

жоспар

Өсім %
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 267 443 242 229 -25 214 91
Қорғаныс 31 882 10 404 -21 478 33
Білім беру 4 980 097 5 727 466 747 369 115
Денсаулық сақтау 150 200 50 133
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 305 466 333 052 27 586 109
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 288 131 64 384 -223 747 22
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 117 507 121 504 3 997 103
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 12 721 11 847 -874 93
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 17 226 6 351 -10875 37
Көлік және коммуникация 46 535 25 000 -21 535 54
Басқалар 15 503 31 288 15 785 202
Ресми трансферттер 305   -305 0
Қарыздарды өтеу 88 463 58 976 -29487 67
Барлығы 6 171 429 6 632 701 461 272 107

Жергілікті бюджет шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы уйлесуіболып табылады.

Жергілікті бюджет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмүны жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Жергілікті бюджет шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысыболып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмүны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

1)   материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

2)  қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;

3)  мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шыгыстардың бірінші тобымемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты. [12]

Жергілікті бюджет шығыстарының екінші тобықоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет, сондай-ақ, қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шыгыстар тұтыну қорынатүсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды       даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Жергілікті бюджет шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы түтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.

Үшінші топтың жергілікті бюджет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруга жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, үйымдарды жөне халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырулған тәртібі олардың қажетті мөлшерін са-лыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғүрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. [11, 119 –б.]

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикага, әлеуметтік-мәдени шараларга, гыльшга, қорғаныс пен басқаруга жұмсалатын шығыстарға бөлінеді. Аумақтық белгісібойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Салалық белгісібойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен өлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Жергілікті бюджет шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғүрльш толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісіболады:

1.Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен уйымдарды қаржыландыруменшікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;

2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру.Сметалық тәртіппен ерекше қүжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық төртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру қолданылады. [14]

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны — бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Демеуқаржыларкезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен үйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ, төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, түрғын ұй-коммуналдық шаруашьшықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жөне қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

4  кесте.

  Салық бойынша жоспардың орындалуын жекелей талдау.

              
        (Жергілікті бюджет)
                 (мың теңге)
Округ аттары. Жарты жылдан бері түскен түсімдер Ауытқу (+) (-)
Жоспар Нақты %
І Асықата өңіріндегі 8 округі        6 236,20         6 376,00         102,20      139,80
ІІ Атакент өңіріндегі 3 округі        3 679,80         3 937,00         107,00      257,20
ІІІ Жетісай өңіріндегі 5 округі        8 882,40         8 948,50         100,70      211,00
IV Достық ауылдық округі        1 579,80         1 531,60          96,90 —     48,20
V Жаңа ауыл ауылдық округі        1 030,80           934,10          90,60 —     96,70
VI Мырзакент өңіріндегі 6 округі        5 421,60         4 686,30          86,40 —    760,40
VII Мырзакент қалашығы        1 567,80         1 116,60          71,20 —    451,20
VIII Еңбекші ауыл округі           749,40           446,00          59,50 —    303,40
IX Нұрлыбаев ауылдық округі           621,60           615,80          99,10 —       5,80
  ЖАЛПЫ БАРЛЫҒЫ      29 769,40       28 591,90   — 1 057,70

Тағы рефераттар