Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ары – мың жылқы.
Бойдақ жігіт — жұрт күйеуі.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар
Ағайынды жігіттің отарына малы бар,
Жалғыз – жарым жігіттің шығар –шықпас жаны бар.
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.
Шабан жігіт дегенше, жаман жігіт десеңші.
Кісінеген айғырдың үйірін көр,
Шіренген жігіттің үйін көр.
Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
Есі бар жігіт елін табар,
Ессіз жігіт жаттың отын жағар.
Өзім білем жігіттің
Басына ойран салғаны;
Көп біледі деген жігіттің
Басына қорған салғаны.
Ел болатын жігіттер,
Ел намысын жыртады.
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап құртады.
Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.
Жайсы жігіт сапардан:
Елін аңсап қайтады,
Алдына мал сап қайтады.
Жаман жігіт сапардан:
Пістесін шағып қайтады,
Қалтасын қағып қайтады.
Жолдасы жігіттің, олжасы жоқ.
Тағы рефераттар
- Несиенің мәні
- Хаббл эффектісі
- Топырақтың жұту қабілетін анықтау
- Құжат ұғымы және функциясы
- Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар