Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.
Жолаушы құқықтары туралы қазақша реферат
Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты — ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі.
Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын құқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, қала ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымаддау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды кояды.
Жолаушы құқықтары:
1) өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге құқылы;
2) белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге қол жүгін ақысыз алып жүруге құқылы;
3) тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар;
Құқықтарымен қатар, жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың жол ақысын төлеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндеттенеді. Тендеме жүкті тасымаддау құқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
Тағы рефераттар
- Рента және өмір бойы асырауда ұстау курстық жұмыс
- Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- Өзіне баға беру әдісі
- Гидросфера-биосфера элементі және табиғи қор ретінде туралы қазақша слайд, презентация тегін
- Ас – адамның арқауы