Зорлау: құқықтық біліктіліктің ерекшеліктері, теория мен тәжіребенің проблемасы туралы қазақша реферат

Зорлау- қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлауда ҚК 2-тармағында көрсетілгендей-ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей- аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.

Қылмыс обьектісі болып әйел адамның жыныстық бостандығы, ал кәмелетке толмағандарды зорлау кезінде кішкентай қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығы болып саналады. Және де зорлау кезінде денсаулығына қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытудың өзі ерекше орын алады.

Заң зорлауды жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрмнсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы деп анықтама береді.(ҚК ҚК 120бабының 1-тармағы). Бұл жерде ҚР ҚК 120бабының диспозициясы үш топқа бөлінеді және де олар өзінің сипаты бар обьекті бар деген ойға келуге болады:

  • Кәмелетке толған әйелді жәбірленушіге және де тағы да басқаларға күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жыныстық қатынасқа мәжбірлеу.
  • Кәмелетке толған әйелдің дәрменсіз күйін қолданып жыныстық қатынасқа түсу
  • Он төрт жасқа толмағандармен жыныстық қатыннасқа түсу және кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу

Осы жоғарыда көрсетілгендердің өзіне тән қол сұғу обьектілерінің бар болғанына қарамастан мұның барлығын бір ҚР ҚК 120 бабына жинауға мүмкіндік береді.

Зорлық жасалған кезде жасына басқа негіздемелеріне қарамастан жәбірленуші тек әйел жынысы бола алады. Тәжірибе көрсеткендей зорлау бөтен әйелдерді ғана емес өзінің әйелін, бірге тұратын әйелін, және де өзінің туыстарына қарсы жасалатыны да белгілі.

Қылмыстың обьективті жағы заңмен көрсетілгендей  жәбірленушіге және дебасқа да адамдарға жыныстық қатынасқа  зорлық көрсету немесе дәрменсіз күйін пайдалану болып табылады.

Зорлау кезінде әйел мен ер адамның арасындағы жыныстық қатынастың  зорлық нәтежиесінде болған болмағаны үлекн рөл атқарылады.

Ал қалған жыныстық сипаты бар «зорлық жыныстық қатынас» ҚР ҚК 121бабымен қарастырылады және де олар зорлау сияқты бағаланады ҚК120 бабымен қарастырылмайды.

Зорлық деп тек тән зардабы қана емес психологиялық зардап деп те түсіндіріледі.

Тәндік зорлық- денсаулыққа зиян келтіру, денеге ауыр жарақаттар салу, көмекке шақыру мүмкіндігінен айыру, байлап қою, қамап қоюдан тұрады. Тәндік зорлық жәбірленушінің денесімен сипатталады. Және де тән зардабы оның сыртқы денесімен қатар оның ішкі органдары да зардапануы мүмкін. Мысалы есіркі заттары, токсикалық немесе психотроптық заттар қолдану.

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты бұл жағдай әйел адамын дәрменсіз күйге әкелу сияқты бағалануы тиіс деп өз көз қарастарын айтып өтті. Осы көзқараспен келісе отырып,тағы осы екі белгіні біріктірлуі тиіс сиқты-  тәндік зорлықпен (оның ішкі органдарына оның келісімінсіз әсер ету) оның дәрменсіз жағдайға әкелуі және оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып оны зорлауы.

Психологиялық зорлау- жәбірленушіні қорқыту, дене зардабын саламын деп қорқыту, денсаулығына ауыр зардаптар әкелкмін деп, оның балаларына, туысқандарына және ол танымайтын адамдарға да дене жарақатын саламын деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қорқыту жәбірленушіге ақиқат түрінде көрінуі тиіс, тек осы қорқыту ғана оның қарсылығын тоқтата алады. Осы қорқытулардың барлығы қылмыстың обьективті жағына кіреді, және де қосымша квалификацияны талап етпейді.

Тәндік және психологиялық зорлық тек жбірленушіге қарсы ғана қолданылмайды және де сонымен қатар басқа да адамдарға қолданылады. Мысалы сол жәбірленуші әйелді құтқару ниетімен немесе көмекке шақыру ниеті болған жағдайда.

Бірақ мұндай жағдайларда оның зорлық мақсатын анықтап алынуы тиіс.Егер де басқаларға күш қолдану жәбірленушінің қарсыласуын басып осы арқылы оның жыныстық қатынасқа  келісімін алу мақсатында болса кінәлінің әрекет біліктілігі Толық ҚК 120бабына сәйкес келеді.

Егер де басқа адамдарға күш қолдану тиімсіз куәгерлерді, жәбірленушінің қорғаушыларынан құтылу мақсатында болса, кінәлінің

әрекеті өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыстар бойынша жауапқа тартылуы біліктеледі. Осындай беттегі адам өлтіру ҚК 96 бабының 2-тармағы «к» тармақшасымен біліктілуі тиіс ( зорлаумен қатар немесе басқа қылмысты жасыру мақсатында)

Зорлықтың екі түрі де жыныстық қатынастың алдын болуы тиіс. Мақсаты- жәбірленушінің қарсылығын басып және оның еркінсіз зорлық жасау.

Зорлауда жәбірленушінің еркінен басқа жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануда негізге алынады яғни құрбан адамның өзімен не болып жатқанын сезіне алмай, қарсыласуға шамасы келмей әрекетсізденуі.

Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы есінен айрылу ауруы салдарынан болуы мүмкін ( диабетикалық ком, стенокардин приступі, эпилептикалық есінен айрылу және т.б) стреске байланысты талу жағдайы және т.б.

Тәндік қарсылық көрсете алмау ынтықтықпен, тәндік жетіспеушіліктермен, және қозғалу функцияларының жоғалтуы  ( паралич, острохондроз, артроз) және де т.б. қылмыскердің немесе оның сыбайластарының тәндік әрекеттерімен түсіндіріледі1.

Субьективті жағынан- зорлау тек тікелей қасаөаналықпен жасалады. Кінәлі өзінің жыныстық қатынасты зорлау арқылы жасап отырғанын, және де жәбірленушінің келісімінсіз, еркіне қарсы бара жатқанын сезініп отыр. Қылмыстың себебі жыныстық құштарлығын қанағаттандыру болып табылады.  ҚР Жоғарғы Сот Пленумының редакцияда 23сәуір 1993ж №1   «Заңдылықты соттардың тәжірибеде, зорлауға жауаптылықты регламенттеуді қолдану туралы» жарлығында зорлау тікелей қасақаналықпен міензделеді және көрсетілген жағдайларда әйел жынысынан жыныстық құмарлығын қанағаттандыруды бұрмалау нысанында болуын зорлау деп саналсын делінген. Басқа да қылмыс себептері де кездеседі мысалы кек алу, адамның ар намысын таптау. ҚК 120 бабының 2-тармағында  зорлау біліктілігі деп мыналар саналады:

  • Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса
  • өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен  жасалса
  • жәбірленушіге соз ауруын жұқтырвп алуына әкеп соқса
  •  бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипатындағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса
  • көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса

Топтық деп- жәбірленушіге байланысты  адамдардың сөз байланысып жасаған зорлау әрекеттерін айтамыз.Осы жағдайда зорлау жыныстық қатынастарға қатыспаған, бірақ жәбірленушіге қарсы зорлық жасау әрекеттерінде қатысқан адамдар, топтық зорлаудың атқарушылары реттінде біліктіленуі тиіс. Осындай топта атқарушылар қатарында әйелдерде болуы мүмкін.

Өлтіремін деп қорқыту— ҚК 103 бабының белгілеріне сәйкес келетін, тез арада зорлаушы жәбірленушінің өмірін қиып немесе денсаулығына зияндық келтіремін депқорқытуы. Қорқыту сөз жүзінде, белгілі әрекеттермен, қару жарақты пайдалану арқылы немесе қару ретінде белгілі бір затты қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Аса қатігездікпен зорлау— өзіндік білікті белгісі бар, ҚК 120бабының 2-тармағында көрсетілген жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға бағытталған әрекет. Жыныстық маньяктың жәбірленушіге қарсы аямаушылық әрекеттеріне, садизмдік әрекеттері болған жағдайда  бұл тармақтың ҚК 120бабына енгізілуі құқықтық жүйемен ақталған.

ҚР ҚК 26 бабының 1-тармағында көрсетілгендей өз еркімен қылмысты аяғына жетуден бас тартса қылмыстық жауыпқа тартылмайды. «Үзілді-кесілді» термині қастандық жасауда да, дайындалу да үлкен рөл атқарады.

Тәжірибеде дәл осы «дайындалу» сөзіне байланысты көптеген түсінбеушіліктер пайда болады, өз еркімен қылмысты аяғына дейін жетуізуден ба тарты ма, жоқ әлде уақытша өзіне тиімді уақытқа дейін өз ісін тоқтата тұрды ма.

«Үзілді-кесілді қарсылықтың» түсінігі қылмыстың ұйымдастырушысының, қылмысты жасаушының, қылмыстық топтың басшысының ерекшеліктерін сипаттау кезінде толық ашылады. Барлық қатысушылардың қылмысты өз еркімен және нақты қылмысты аяғына жеткізуден бас тартуы тек белсенді түрде қатысқанда жүзеге асырылады. Қылмысты ұйымдастырушы және басшысы өз уақытылы басқару органдарын ескертіп немесе басқа да жолдармен қылмысты аяғыны жеткізуді тоқтата алады. Ал қылмысты орындаушы өзіне тәуелді қылмысты тоқтату үшін барлық шараларды қолданған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылмайды. Егер орындаушы өз еркімен әрекет және әрекетсіздік нысанындағы қылмыстан бас тартса, онда басқа қатысушылар қылмысты тоқтату үшін белсенді қатысса қылмыстық жауаптылықтан босата алады.

Кейбір жағдайларда егер кінәлінің еркісіз зорлау тоқталған жағдайда, оның әрекеттерін ҚК 24 бабына сәйкес қарастырады, яғни қылмысты жасауға оқталуы немесе дайындалуы бойынша қарастылады.

Дайындалу деп- жәбірленушінің үсіндегі киімін жұлып алуы және тәндік зардаптар немесе психикалық шаралар қолдану болып табылады.

Оқталу деп зорлашының іс-әрекеттері болып табылады, мысалы физиологиялық қатынастардың жиынтығы.

Сотталушының  жыныстық қатынасты жасау мақсатында ма немесе болмаса осы мақсатты орындау үшін жасалған жасалмағанын істі шешу кезінде зорлауға оқталу екенін анықтау керек. Және де осыған байланысты зорлауға оқталуды әйелдің ар-намысына, қадір қасиетіне және де жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты  басқа қол сұғушылықтан ажырата білу қажет.

Кәмелет жасқа толиағандарды зорлау- 14-18 жас арасындағы қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғу және де тәндік жыныстық даму жүйесіне қол сұғылады.

Көрсетілген қүндылықтарды ұорғауды күшейту қажетілігі, мұндай қол сұғушылыққа жазаны күшйтуге әкеп соқтырды. Сонымен қатар заң субьективті принциптнен шыға зорлауда кінәлі адамның кінәлілігін дәлелдеуді кәмелетке толмағандарға беруді қажет деп санап отыр. «Көрінеулік» термині кінәлінің нақты оның жасын білгенін түсіндіреді. Кінәлінің жәбірленушінің жасын білгені туралы субьективті қатынасын анықтай отырып тергеу және сот оның айғағын толық тыңдап оны барлық нақты осы іс бойынща жағдайлармен салыстырулары тиіс. Және де жәбірленушінің тәндік белгілерін, кінәлімен сөйлесу кезінен өзін-өзі ұстау және жасын қалай айтқаны анықталуы тиіс. Егер де субьектінің шынымен білмегені анықталса осы біліктілікті қолдануға болмайды.1

ҚК 120бабының 3-тармағында айрықша біліктілік белгілері бойынша  зорлауға жауаптылық тағайындалған:

а) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп  соқтырса

б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ\ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса

в) жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрнеу біле тұрып

Жасөспірімді зорлау— осыған қарамастан кінәлінің әрекеттері  ҚК 124 бабы мен ҚК 120 бабының 3-тармағы «в» тармақшасыда көрсетілген қылмыстар жиынтығымен біліктіленеді, егер олар әр түрлі уақытта жасалса, әртүрлі уақытта жасалып өзінің белгілі бір өзіндік мақсаты болса, егер де бұзақылық әрекеттер қылмыстық қатынастың алдын да болса, себебі бойынша жасалмаса, кінәлінің еркіне байланысты болмаса,ондай жағдайда оны қылмысқа дайындалу немесе қылмыс жасауға оқталу деп қарау тиіс(ҚК 24бап және 120 баптың 3-тармағы «в» тармақшасы).

Жасөспіріммен жыныстық қатынас бұзақылық әрекеттен кейін жасалады, ол ҚК 120 бабымен біліктіленуге жатады, ал қалған көрсетілген әрекеттер қылмыстың обьективті жағынның басталуы ретінде қарастырылады.

Сот тәжірибесінде көрсетілген факт кішкетай қыз зорлау процесінен кейін, өз еркімен де жыныстық қатынасқа түседі. Бірақ бұл оны жауаптылықтан құтылмайды, себебі ҚК 120бабтың 3-тармағы «в» тармақшасында шартында көрсетілгендей -жасөспірімдігін біле тұра зорлау, оның дәрменсіз күйін пайдалану жасөспірімдердің он төрт жасқа толғанша дейін қорғалады. Келесі ерікті жыныстық қтнастар ҚК 120бабымен біліктіленуі керек.

Зорлау абайсызда жәбірленушінің денсаулығна ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ\ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе  өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса(ҚК120 бабының 3-тармағы «б» тармақшасы) ҚК 120бабында өзіндік айрықша зорлаудың үш біліктілігі жинақталған

Біріншісі ҚК 111бабында берілген абайсызда денсаулыққа ауыр зардап әкелу. ҚК 120 бабының қолданылуында абайсызда өлімге әкелу сияқты (ҚК 120 бабының 3-тармағы «а»тармақшасы) зорлаумен (жыныстық қатынас немесе зорлық көрсету) көрсетілген қылмыстың салдарынан болған ауыр зардаптардың байланысын дәлелдеу қажет. Егер дәлелдеме болмаған жағдайда кінәлі бөлікше яғни әр бабқа біліктіленеді яғни ҚК 120бабы және ҚК 111 бабы.

Соған қарамастан егер кінлі абайсыздық нысанында жасаса осы көрсетілген салдардан ҚК 120бабының 3-тармағы «б» тармақшасына сітлтелуі мүмкін.Кейбір салдар( есту, көру, сөйлеу қабілетінен айрылса, нашақорлық аурумен, токсикоманиялық аурумен ауырып қалса немесе бір органына айрылса) тәндік зорлықпен оның қарсылығын басу мақсатында жасалуы мүмкін. Органның жұмысын жоғалтуы (бала тууға жарамсыздық), жүктіліктің үзілуі, психологиясының бұзылуы- жыныстық қатынастармен теңестіріледі.

Бұл ҚК 120 бабының 3-тармағы «б» тармақшасының біліктілігіне әсер етпейді,біріқ нақты абайсыздық нысанындағы кінәліліктің обьективтік жағығын жоюға міндеттене алады.

Вич ауруын жұқтыру зорлау кезінде ҚК 120 бабының 3-тармағы «б» тармқшасымен қамтылады. Қосымша біліктілік ҚК 116 бабымен нақты қол сұғушылық болған жағдайда талап етіледі.

Заң жарлығынан шыға келе барлық нақты қылмыстық іс бойынша ауырлық салдарын олардың айрықша біліктілігі бойынша шығарылу мүмкіндігін сот анықтайды.

Бірақ шығыс себептеріне барлық осы сұрақты шешу  жағдайларда міндетті шарты болуы керек: ауыр зардаптар зорлау салдарынан немесе зорлауға оқталудан келеді, яғни кінәлінің осы қылмыста жасаған әрекеттерінің обьективті жағына кіруі және себебімен байланысы (абайсызда және қасақана).

Және тағы басқа ауыр салдар кінәлә сияқты жәбірленушінің әрекеттерінен болуы мүмкін. Оның зорлау кейін болған, өзіне зиян келтіру әрекеттері, жыныстық қатынастың басталуына дейін, ол жыныстық қатынастан құтылу мақсатында болуы мүмкін.

Және сот тәжірибесі зорлаудың салдарына мынаны байланыстырады мысалы, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе оқталуы. Бірақ бұл салдар зорлаушыға дәлелдеу барысында қосымша мақсат немесе абайсыздықта оның тарапынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жазылады.Егер мұндай нұсқаны көрсетпесе жәбірленушінің өзін өзі ұстауы, оның болатынын білмей және оған ҚК 120бабының 3-тармағы «б» тармақшасымен бұл белгі бойынша шығарылып жазылады.( мысалы әйел зорланып жыныстық қатынасқа бірнеше рет түскен оған қарамастан өзін өзі өлтірудіқолданбаған. Егер оның күйеуі, жақын туысқандары оған зорлаудың себебі болған оның өзін  адамгершіліксіз ұстауы деп бетіне басып ол өзін өзі өлтірсе оын кінәліге жабуға болмайды

Басқа ауыр зардаптарға қажетті қатынасты барлық түрлері ауыр

Зардаптар денсаулыққа зиянды жәбірленушіге ҚК 111бабының 1-

Тармақшасында көрсетілгендей өмірге зиян емес ,шығуы бойынша

қарауы.1

. ҚК120 бабының 3-тармағы«б» тармақшасы барлық ауыр зардаптар зорлаудан салдарынан болған немесе зорлауға қастандық жасаудан болған зардаптар толық қамтылатын өмірге қауіпті емес бірақ шығысы бойынша ауырға жатқызылады.

Зорлпудан немесе зорлауға оқталудан келген зардаптар барлық ауыр зардаптар  ҚК 120 бабының 3- тармағы «б» тармақшасымен қамтылады және де 103 бабы қосымша біліктілікті талап етпейді.

Сонымен қатар себепті  денсаулыққа қасақана зиян келтіру жәбірленуші  зорлаудан кейін мысалы кек алу үшін немесе құрбандығының көрсетілген қарсылығын басу мақсатындағы себептер жиынтығы ҚК 120 бабы ҚК 103 бабымен бірге біліктіліктің.

Сот тәжірибесіне ауыр біліктіліктің ережелері мен мүмкіндік адам өлтіруге қатысты және ауыр зардаптары зорлаудың ҚК 120бабының 3- тармақ «б» тармақшасында көрсетілген. ҚР Жоғарғы Сотының түсіндіруі бойынша, адам өлтіру басқа қылмыстармен қатар біліктілікті талап етеді, баптардың жиынтығымен ҚК осыған қарамастан өзіндік екі қолсұғылмаушылық жасайды.

Он төрт жасқа толмағандарды көрнеу (120 бап 3-тармақ,»в» тармақшасы).

Осы бөлімнің қорғау обьектісі- қыздың адамгершілік қалыптасуы және де дұрыс тәндік және жыныстық даму мен  жыныстық қолсұғылмаушылығы болп табылады.

Жасөспірімді зорлау оның  дәрменсіз күйін пайдалану жағдайын қолдану жағдайын қолданып жасалатын қылмыс болып табылады. Жәбірленуші өзінің жасына байланысты өзімен болып жатқан әрекеттердің салдарын түсіне алмайды.
Тағы рефераттар