Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен жұмысы туралы қазақша реферат

МҮГЕДЕКТЕРДІ  ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17/236-III  шешімімен 2006-2008 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалту бағдарламасы, осы Бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспарымен қоса, жасалды және облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17/236-III  шешімімен бекітілді.

2007 жылғы 1 шілдеге жедел мәлімет бойынша облыс көлемінде барлығы 48663 мүгедек бар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 4489 бала бар.

Облыста 12 интернат-үйі қызмет етеді, оның ішінде – қарттарға және мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 8 интернат-үйі, мүгедектер мен психохрониктерге арналған 3 интернат-үйі, ақылы жетілмеген балаларға арналған 1 интернат-үйі. Ағымдағы жылдың 5 айында интернат-үйлерге  163 адам жіберілді.

Ардагерлерге арналған «Уба» шипажайында 2007 жылдың өткен мерзімінде 1000 ардагер мен мүгедек демалды және өздерінің денсаулығын түзеді. Шипажайды қаржыландыруға ағымдағы жылдың 5 айында 13237,8 мың теңге жұмсалды.

Облыста 42 жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерге үйінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді, сондағы 528 әлеуметтік қызметкер 4563 адамға қызмет етеді, оның ішінде мүгедектер – 1171 адам.

17 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі 1903 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетеді. 368 әлеуметтік қызметкер балаларға үйде көмек көрсетеді.

Осы мақсаттарға 2007 жылдың 5 айында 133574,6 мың теңге жұмсалды.

Облыста екі протездік-ортопедтік орталық жұмыс істейді — Өскемен және Семей қалаларында. 2007 жылы 992  мүгедектерге 21870,0 мың теңге сомасына протездік-ортопедтік көмек көрсетілді.

2007 жылдың өткен мерзімінде 1 топ мүгедектеріне 2083,4 мың теңге сомасына жекеше көмекші қызметі жасалды, есту бойынша мүгедектерге 1202,5 мың теңге сомасына ымдау тілі мамандарының қызметі жасалды, жекеше оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерге 9690,2 мың теңге сомасына міндетті  түрде берілетін гигиеналық құралдармен қамсыздандырылды.

2007 жылы 2575,0  мың теңге сомасына ересектерге арналған 30 серуен арбашасы, балаларға арналған 20 мүгедектер арбашасы сатылып алынды.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға ай сайын жәрдемақы төленеді. 2007 жылдың өткен мерзімінде жалпы 44134,7 мың теңге сомасына төлемдер жасалды.

Мүгедектерді оңалту бағадрламасын іске асыру мәселелері Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің тұрақты бақылауында.

Бюджет қаражы есебінен қызмет көрсету кезінде аумақтық орталықтарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның жолдамасы бойынша азаматтар қабылданады.

Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен қабылданады. Бюджеттен тыс қаражаттың есебінен қызмет көрсету үшін адамдардың қабылдауына рұқсат етіледі.

Егде адамдар мен мүгедектер әлеуметтік қызмет көрсетуге мынадай құжаттардың негізінде қабылданады:

1.уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражатының есебінен қызмет көрсету кезінде);

2.жеке куәлік;

3.тұрғылықты жері туралы анықтама;

4.денсаулық жағдайы туралы медицицналық карта (белгіленген үлгіде);

5.амбулаторлық картадан үзінді көшірме;

6.зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);

7.мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдар үшін);

8.мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;

9.мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді, қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар мөлшері, орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, жеке қасиеттері ескеріледі.
Тағы рефераттар