Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Психология’ бөлімінің мұрағаты

Басқару: ғылым және өнер

Басқару: ғылым және өнер туралы қазақша реферат

Басқару бір уақытта көне өнер және жаңа ғылым болып табылады. Ғылым ретінде басқару біртіндеп толықтырылып отыратын білімдер мен оларды алу әдістерінің жиынтығы ретінде  анықталады. Психологиялық менеджмент адамның басқа адамға, топтың тұтастай қоғамға тигізетін ықпалының механизмдері мен оны жетілдіру тәсілдерін түсініп, түсіндіру мақсатында оның табиғаты жайлы мәліметтерді іздестіруде. Толығырақ »

Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар туралы қазақша реферат

        Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Толығырақ »

Жануарлар психикасының түрлері

Жануарлар  психикасының түрлері туралы қазақша реферат

Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Толығырақ »

Адам психикасының айырмашылықтары

Адам психикасының  айырмашылықтары туралы қазақша реферат

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған. Толығырақ »

Адам психикасының физиологиялық негіздері

Адам психикасының физиологиялық негіздері туралы қазақша реферат

Адамның психикалық әрекеттердің, ақыл-ой санасының ағымдарын, өсіп, даму жолдарын білу үшін, олардың жүйке саласының, мидың құрылысын, оның әрекетін білу керек. Психика –ерекше ұйымдасқан материя –мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Психика айрықша ұйымдастырылған жоғарғы материяда болады. Ал, жоғарғы материя дегеніміз-ми, жүйке саласы. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекетін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың өсіп дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала түрлі химиялық заттардан бездермен бірге, адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адамның сыртқы дүниенің арасындағы қатынасты басқарады. Толығырақ »

Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттері

Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттері туралы қазақша реферат

Психика туралы матералистер мен идеялистер арасында ұзақ жолдар бойы бітпес айтыс жүріп келді.

Идеалистер – психика материядан бұрын – бірінші, яғни материяға қатыссыз дамиды деді. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттер – қабілет, мінез – темперамент, жеке адамның  адамгершілік сапасы – адамға дайын күйінде іштен туа беріледі деп есептейді. Яғни, құдайдың берген сыйы, ол адамның материалдық қасиетіне, ми қасиетіне тәуелсіз деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олар адам психикасына орта мен тәрбие ықпалын жоққа шығарады. Толығырақ »

Психиканың негізгі ерекшеліктері

Психиканың негізгі ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тұр, ал екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады. Толығырақ »

Психиканың пайда болуы және дамуы

Психиканың пайда болуы және дамуы туралы қазақша реферат

Ғылым  бүткіл органикалық  дүниенің мәңгі бақи бір қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерісер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүейене отырып түсіндіреді. Біз адам психикасы бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму жолдарымен біртіндеп даярланғандығын, екеуінің арасында сабақтастық байланыс бар екендігін жақсы аңғарамыз. Толығырақ »

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Толығырақ »

Виктор Эмиль Франкл

Виктор Эмиль Франкл туралы қазақша реферат

Жоспары:

Кіріспе

1. Түрмедегі психотерапевт

2. 1945 жылдан кейінгі өмірі

3. Экзистенциальді вакуум

4 .Экзистенциальді психотерапия

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Толығырақ »