Ислам  Меккеде  өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен  елді  мекені. Оның төңірегі құлазыған  шөл  дала,  өсімдік те – аз:  түйе  жейтін жантақ,  қой-ешкіге  жетерлік  шағын  жайылым  ғана  болды.  Жері  егін  егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ  түйе, ешкі, қой  сияқты  түлік  түрі  аяғынан  тозып, азық айырдан  демесең,  мал  ұстауға да  мейлінше  қолайсыз. Құдықтар  суы  өте  тереңнен  шығады.  Сондықтан  да Меккенің  тұрғындары  не мал  өсірумен, не егіншілікпен  айналыса алмады. Мекке  сауда  керуенінің  жолындағы  зәмзәм бұлағының  бойында  өмірге келген [35].  Зәмзәм  суының  шипалы қасиеті  бар.  Сондықтан  Мекке  бірден  қасиетті  мекенге айналды. Зәмзәм  бұлағында Каоба  Храмы араб  бедеуилерінің  атамзаманнан табынатын  орны  болған [13].  Ол  храмды   Абрам (Ибрахим)  мен оның египеттік күңі   Ажардан  туған  баласы  Исмайл  салғызған  деген  аңыз сақталған,  тек  Палестинаға  келгеннен  кейін,  пұшпағы  қанамаған  бедеу  әйелі  Сара  өз  қожасынан  бала  болмайды  деп  ойлаған  соң,  Египет  перғауыны  ханымына  тік тұрып қызмет  қылсын  деп  жанына  қосып  берген күні  Ажарды  құдай  қосқан  қосағы  Ибрахимге тоқалдыққа  алып береді.  Кешікпей  Ажар  Ибрахимге  Исмайлдай  ұл  тауып  береді.  Жасы  жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті  күштінің  желеп-жебеуімен  жүкті  болып,  Исках  есімді  ұл туады.  Сара  Ибрахимді  Ажарды  қуып  жіберуге қимады.  Бірақ  жаратқан  Сараның  талабына  құлақ асты да,  Ажар мен  Исмайлды  құдіреті күшті  иллара  етке  Арабияның  бір  түкпіріне апарып  салуға Ибрахимді  мәжбүр етті….  Жалғыз  қалған  Исмайл  шырылдап  жылап,  жер тепкілей  бастады…. Баланың  тепкілеген жерінен тұп-тұщы  ауыз  судың көзі  ашылып,  бұрқ ете  қалды…  Пайда  болған  зәмзәм  қайнарының  жанында кейін  Исмайлдан тараған  арабтар  Қағба аталған  “Құдай  үйін”  салды.

Қағбадағы  қара  тастың  құпиясы  әлі  күнге  дейін  жұмбақ.  Ол  басында әппақ  болған – мыс.   Кейін  пұтқа  табынушылар  көп  сипалай  берген  соң  қап-қара  болып  кетіпті.  Бірнеше  рет болған  су тасқыны  Қағбадағы  қара  тасты құлата  алмаған.

Қала  осы  ежелгі  қасиетті  Храмның  төңірегіне орналасқан.  Ол  храмды Меккеліктер  “Алланың  үйі”  деп, ал  өздерін  “Алланың  көршісіміз”  деп атаған.  Голландық   ориенталист  К.Х. Снус  Хюргроанья:  Аллах  өзінің  көршілеріне  Зәмзәм  суы  мен  тастардан,  құм  мен  тастардан, құм мен аптап ыстықтан  басқа ештеңе де силаған жоқ  деп  жазыпты.  Мекке  сауда- саттық, алым-берімге  таптырмайтын  жер.  Қалтарыс, қаға  берісі мол  жолдар  мазасыз,  жыл он екі ай бойы  ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік  Арабияға,  Иранға, Сирияға, Жерорта  теңізіне сапар  шеккен керуендер  осы  өңірді  басып өтеді. Алайда  Меккенің  атының  шығуы  оған байланысты  емес.  Онда  арабтың  көптепген   тайпалары  пір  тұтатын  көне  аруақтары мен әулиелі орындары  көп  еді.  Сондықтан    да  Мекке киелі  орын деп айырықша  дәріптелді. Арабияның  түкпір – түкпірінен  сабылып келіп,  әулиелі орындарға  түнеушілер жыл он екі ай  бойы бір үзілметін [14].  Солармен  алым-берім, сауда-саттық  шағын  шаһардың күнелтуіне  жарап  тұрды.  Меккеден  жылына  екі  рет қыста және жазда үлкен сауда  керуендері  шығатын.  Оның  біріншісі (қыста) – Иеменге,  ал екіншісі – Солтүстікке  қарай,  Палестина  мен Сирияға, Иракқа, тіпті  Египетке  бағытталған.

Ол  сауда  керуендерін  Меккеден  құдіретті  тайпа-курейштер  ұйымдастырылатын.  Ол  керуенге  кез  келген  Меккелік  кіре  алатын.  Керуендер  алып  шығатын  тауарлар  құны  әр   кезде,  әр  түрлі  болды.  Дегенмен  орта  есеппен  50 мың  алтын тиын  болатын. Курейштердің омейя  руы  ғана  5-6 мың  ақшалық  тауар   жөнелтетін  керуенді  де  сол  ең  қуатты Омейя  руының  өкілдері  басқаратын.

Үлкен   керуендерді  жол  білетін серіктер  мен  қорғаушы  күзет  жасағы  алып  жүретін.  Түйелерді, оны  айдаушылар  мен  жүк  тиеушілерді   көшпелі  бедуиндерден  жалдайтын.  Тәжірибелі  жол  сілтеушілер  құдықтар  мен  түйе  жайылып, қоректене  алатын  жерлерді  жақсы  білетін.  Керуен басшысы  жүйрік  түйеге  мінген  пысық  жігіті  арқылы Меккемен  үзбей  байланыс жасап  отыратын  Хиджаздықтар  мен Недждіктер  Қағбаға  қажылыққа  келіп  отыратын  қасиетті  айлар  белгіленді.  Ол   айларда  кек  қайтарып, қан  төгуге  қатаң  тыйым салынды.  Мекке  мен  оның  төңірегі “Храм”  деп,  яғни  адам  өлтіру  сияқты  ауыр  қылмыстыларға  жол берілмейтін “қасиетті  мекен”  деп жарияланды.  Сауда  Мекке  тұрғындарының  басты  кәсібі  болды.  Бұл қалада  кім саудагер  болмаса,  оның  тамағын  тауып ішуі қиын  болатын.  Ислам  діні  шыққанға  дейін  Меккеде  өзінің  ақша  жасайтын  сарайы  болмады.  Саудада   Византия  мен Иран, Иемен  ақшалары (алтын, күміс монеталары)   пайдаланылды [29].

Саудамен  қатар  Меккеде  өсімқорлық  та  кең  қанат  жайды (арабша –“риба”).  Әжептәуір  табыс  табуға  болатын  саудаға  қатысу  үшін шағын  және  орташа байқуатты  адамдар  өсімқорлардан  қарызға  ақша  алып  отырды.  Бай  көпестер  саудамен  де,  өсімқорлықпен де айналысты.  Айталық,  Вакыди: “Аббас өз  тайпасының   адамдарына  көп  ақша қарыз  берген”, — дейді.

Бір  диркен — бір диркемге, бір  динар — бір динарға  қарызға  берілетін, яғни  бір динар  қарызға  алған  адам  кейін екі динар  етіп  қайтаруы тиіс болған (100 %  өсіммен).

Меккелік сауда  керуенінің  тұрақты  бір  мүшесі  Тайф қаласының  тұрғындары,  оның  ішіндегі қуатты  сакиф тайпасының  өкілдері  болды.  Меккемен  Тайфтың  экономикалық  байланысының  тығыз  болғандығы  соншалықты,  ол  қалаларды  “Маккатани” – яғни   “екі  Мекке”  деп атаған.

Тайф  пен оның  маңындағы  ауыл  тұрғындары  бау  бақшасы, жоқ  меккеліктерді жеміс-жидекпен,  көкөніспен қамтамасыз  етіп отырған.  Тайфтың  маңында меккеліктердің   жазғы  ыстықтарда паналайтын дачалары болатын [10].

Меккедегі  тайпалардың  ішіндегі  ең қуаттысы  Омейя  руы болды.  Осы  рудың  өкілдері бай  өсімқорлар болды.  Солардың арасынан  сауда керуен басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін  қолында  ұстаушылар  шығып  отырды.  Олар  Қаабаның  төңірегінде,  ал-Батха  деп аталған тегіс жерлерде, алаңдарда  тұрды.

Курейш  басшыларының  тек  ақшасы мен тауары  ғана болып  қойған жоқ,  сонымен қатар олардың  егістік жерлері,  малдары  мен құлдары да көп  болды.  Олар  асыл тұқымды  жылқылардың иесі болды.

Меккеде, оған жақын  жерлерде  курейштен  басқа  хавазин, гатафан  тайпалары  қоныстанды.  Ал  тайфте скиф тайпасы тұрғанын   жоғарыда  айтып өттік.  Меккеде  сондай-ақ “одақтастар”  деп аталған “ахлафтар” да тұрды.   Бұлар  басқа  тайпалардан  келіп  қосылған  кірмелер  болса  керек.  Меккенің  шет  жағында  “завахир”  деп  аталған  кедейлер  тұрды.  Меккеде  христиан, иудей, зароастра  дініндегі  шетелдіктер  де  тұрып  жатты.  Олар  да  сауда- саттықпен  айналысатын. Курейш  тайпасының құрылымы  онша  күрделі  болған жоқ.  Ірі  көпестер  мен өсімқорлар  тобы “мала”  деп  аталды.  Құлдардан  полиция  құрылды. Ол  “АХАБИШ”  деп  аталға.  Жиналыс   үйі  жұмыс  істеді.  Ол  ақсақалдар  кеңесінің  билігінде  болды.  Аңыздарда  “Жиналыс  үйінің” (дар  анназва)  негізінен Кусайя  Ибн-Килаба  қалаған  дейді. Табаридің  айтуынша  Кусаяның  қолында  өз тайпасы (курейш)  сеніп  тапсырған  билік,  яғни Хиджаба, Сикая, рифада надва  және  Лива  болды.  Хиджаз  дегені – Қағбаның  кілтін  ұстаушыс,  Сикая – Қағбаға  табынуға  келген  қажыларды  сумен  қамтамасыз  ету міндеті,  рифада – ішерге  тамағы  жоқ  табынуға  келгендер  үшін  жиналатын  қорды ұстауы. Ол  қорды  курейштер мен  т.б. тайпалар   жинайтын. ЛИВА  дегені  ақ матадан  жасалған ту.  Ол  найзаның  ұшына  байланатын.  Соғыс  кезінде ол ту  әскер  қолбасшысы – райсқа  табыс  етілетін. Кусайя  курейш  тайпасының  омейя  руынан  болатын.  Ал  ахабиштер, яғни  полиция,  бай  курейштердің  африкандық  құлдарынан  құрылатын.  Олар курейштер қазынасы  сақталатын  қағба,  бай  курейштердің  үйлерін  күзететін [40].  Айтылып отырған  кезде  Батыс  Аравиядан  бір құдайға  табынушылық  дегеннің еш  құпиясы  жоқ  болатын. Христиан, иудей  діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп жүрді, Меккенің өзінде  тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін  қабылдап та  жатты. Бірақ араб политейашінің  маңызды  орталығы болып отырған.  Меккеде  ланифизмнің (бір  құдай)  тарауына  жақын  ұйымдастырылып,  қалыптасып  қалған  қағба  дәстүрі (культ)  кедергі  жасады. Ондағы  идеолдарға  көшпелі  бедуин  тайпаларының  қажылығы  курештердің экономикалық  жағдайына  байланысты  болатын.  Әртүрлі  құдайға  сенетін  бедуин  тайпалары Қағбаға  көп  мал  алып  келіп,  курештерге  пайда  келтіретін.  Сондықтан  да  курейш  ақсүйектері  көп  құдайға,  пұтқа  табынушылықты  барлық  күшін  сала қорғап бақты.

Барлық  Аравиядағы  политиамның  ақыры  жақындап  келе  жатты.  Алғашқы  қауымдық құрылыстың  ыдырауы,  қауым  мүшелерінің  байлар  мен кедейлер  бөліне  бастауы,  тайпалық  одақтардың  құрылуы  осының  бәрі  бір денеге,  бір  құдайға  сену  арқылы  бір орталыққа  бағынған  мемлекеттің  құрылуын  қажет  ете  бастады.

Араб  монетейзмі  түріндегі  ханифизм  политейзмге  қарсы  күреске  кірісті.  Ханифизм  өкілдері  тайпалардың,  жергілікті халықтардың  жекелеген  көп  құдайларының  орнына  барлық  арабтарға  бірдей  жалғыз  рахманды  және  бір  дінді  ұсынды.  Бұл  күрес  алдымен  әрине  Меккеде  қызу  жүрді.  Себебі,  Меккедегі  Кағба  политизмінің  базисі  еді.

Осындай  жағдайда  Ислам  діні  өмірге  келіп, қалыптаса бастады.  Оның  негізін  Мұхаммед  Ғалайһи С-Салам  пайғамбар (570-632жж.) қалады.

Мұхаммед  Пағамбардың  ата-бабасы  қағбаның  кілтін  ұстаушылар  болған,  ал  қағбаның  негізін  Ибраһимнің (Абраһале)  Ажар  деген  египеттік   күңінен  туған  баласы Исмайл  қалаған дедік.  Исмайлдан  мирас  болып  қалған  Жарһумды  қағбадан  Бану  Хұзов  тайпасы  қуып  шығыпты.

Кейінірек  Исмайлдың  Құрайш  деген  ұрпағы  үйлі-жайлы  болып,  қағбаға  қайтып  оралды  да,  оны  тәртіпке  келтірді. Оны Құрайш – Мекке  қаласының  негізін  қалаған  тайпаның  арғы  атасы  болды.

Құрайштың  жетінші  ұрпағы  қосай  Меккеден  қалған  азды-көпті  Хұзаолар  қуып  шықты.  Сөйтіп,  440-450  жылдары  аралығында  құрайштар  Меккені  басы-байлы  иемденді.  Ал  Қосай – Мұхаммедтің  төртінші  атасы  болатын. Ол  480  жылы қайтыс болған.  Оның  мұрагері  Хашім – Мұхаммедтің  үшінші  атасы.  Ол да  Қосай  сияқты  Меккенің  дуанбасы  болды.  Хашім  қайтыс  болғанда  оның артында  қалған  сәбиі  Шейба  Мұхаммедтің  үшінші атасы.  Ол да Қосай  сияқты Меккенің  дуанбасы болған.  Хашім  қайтыс  болғанда  оның  артында  артында  қалған  сәбиі  Шейба  Мұхаммедтің  екінші   атасы  болатын.  Ол  Ясрибтегі  нағашыларының  қолында өсіп,  ержеткен  соң  әкесінің інісі Мүтәлібтің  қолына келді.  Меккеліктер  Шейбан  Мүтәлібтің   құлы  екен  деп  Әбд –ал-  Мүтәліб  деп  атап  кеткен (Абд – олла- құдайдың  құлы).  Осы  Шейба — Әді Әл — Мүтәлібтен  Мұхаммед  Ғалейһи – ас — салам  пайғамбардың  әкесі  Абдолла туған  [39].

Шейбанның  көпке  дейін  баласы  болмапты. Бір күні  Қағбада   бүкіл  халықтың  көзінше  құдайға  жылап  жалбарынып,  бала сұрапты.  Егер алла  10  ұл  берсе  біреуін  құрбандыққа шалар  едім  деп  ант береді.  Бұл  тілегі  алланың  құлағына  шалынып,  Әбді  әл-Мүтәліб  он  екі  ұл  сүйді.

Ол  берген  антын  орындау  үшін  бір  ұлын  құдайға  құрбандыққа  шалу  үшін  жеребе  тастайды.  Ол  жеребе  өте  сүйкімді  ұлы  Абдолланың  (“Құдай  құлы”)  үлесіне  түсті. …

Ақыры  Абдолланың  орнына  100  түйе  құрбандыққа  шалынды  (Әбді  әл-Мүтәліб  сәуегейдің  айтқанын  орындап  Қағбаның  ішінде  Абдолла  мен  10  түйе  алып  келді.  Жеребені  он  рет  сү рағанда  10  рет  Абдоллаға  шықты.  Құрбандық  жолы  Абдоллаға  түскен  сайын  он  түйеден  айдап  әкеліп  қосып  отырды.  Тек  түйе  саны  100-ге  жеткенде  жаратқан  адам  қанының  өтеуіне  осы  жарайтынын  білдірді.

Әбді  әл-Мүтәліб  қателесуден  қорқып,  2  рет  садақа суырды,  2  ретінде  де  құрбандық  жебесі  түйеге  түсті.  Енді  күмәндануға  негіз  қалмады.  Сүйтіп,  Абдолла  ажалдан  аман  қалды).

Шамамен  569  жылы  Абдолланы  әкесі  Әминаға  үйлендірді.  (Әмина-“Кіршіксіз  адам”  дегенді  білдіред).  569-570  жылдары  Сананың  билеушісі  Абдраханың  қолбасшысымен  иемендіктердің  Меккеге  жорығы  басталды.  Жорыққа  Эфиоп  әскері  қатысты . …  Бірақ  олар  сәтсіздіктерге  ұшырады  (торғайлар  тас  лақтырыды ;   әскер  шешек  дертіне  шалдығып,  қырыла  бастады.  Аман  қалғандарды  кері  қашты.  Сол  жылы  иемендік  арабтар  Эфиоп  әскерін  елінен  қуып  шықты.  Оларға  Иран  көмектесті.

Болашақ  пайғамбар,  құрайыш  тайпасының  Омейя  руынан  шыққан  Абдолла  мен  Әминаның  отбасында  570  жылы  29  тамызда  (биыл  17-18  шілде)  дүниеге  келді.  Мұхаммед  туардан  2-3  ай  бұрын  әкесі  өлді.  Әкеден  қалған  мұра : бес  түйе,  бірнеше  қой  және  ассирийлік  күн  Барақат. …,…. көшпенді  тайпаларға  тәрбиеге  беру  дәстүрі  барды.  Бұл  жолы  Меккеге  балаларды  тәрбиеге  алуға  құрғақшылық  салдарынан  жоқшылыққа  ұшыраған  Бану-Сал,  Бану-Бәкір  тайпаларының  әйелдері  келіп  еді.  Олар  қолақы  төлемі  аз  бола  ма,  ал  жесір  әйел  тұрмысқа  шықса  жаңа  күйеу  тіпті  ештеңе  татырмай  ма  деп  әкесіз  жетім  Мұхаммедті  алғысы  келмеді [39].

       Басқа  пысық  әйелдер  баға  шартына  келісіп,  ауқатты  тәуір  үйлерден  бала  алып  жатқанда,  Халима  деген  әйел  құр  қол  қайтпау  үшін  күйеуінің  рұқсатымен  Мұхаммедті  ала  кетті.  Сүйтіп,  алты  айлық  нәресте  көшпенділер  қолына  түсті.  Сонда  4  жыл  тәрбиеленді. … Мұхаммед  пен  оның  емшектес  ағасы  қозыларды  қарап,  үйден  алыстау  жерде  ойнап  жүрген.  Бір  кезде  олардың  жанына  ақ  киім  киген  екі  адам  келді.

Олар  Мұхаммедтің  шалқасынан  жатқызып,  кеуде  сүйегін   ашып,  жүрегін  шығарып  алған.  Жүрегінде  қара  дақ  бар  екен,  соны  алып  тастап,  баланың  жүрегі  мен  ішкі  сарайын  аппақ  қармен  жауып  тазартып,  жүрегін  орнына  Салғанда,  бұрылып  кете  беріпті.

Халима  Мұхаммедті  шешесіне  қайта  әкеліп  береді.  Алты  жасқа  толғанда  шешесі  Мұхаммедті  Ясрибте  тұратын  нағашыларымен  таныстыруға  алып  барады.  Қайта  келе  жатып  Әмина  жол  үстінде  кенеттен  қайтыс  болып , Абва  елді  мекенінің  жанында  жерленеді.

Мұхаммедті  атасы  Әбді  әл-Мүтәліб  (Шейба)  қолына  алды.  Ол  Қағбаның  кілтшісі  болғандықтан  уақытының  көбін  діни  орданың  жанында  өткізді.  Сүйікті  немересі  атасының  жанында  болады,  кейде  түнеп  те  қалатын.  Әбді  әл-Мүтәлібтің  басқа  немерелері  маңайлайда  алмайтын  кереует  Мұхаммедтің  жатса-жастығы,  қисайса-төсегі  болды.

Қағба  маңындағы  діни  Ғұрып,  жоралғылар  Мұхаммедтің  көз  алдында  өтіп  жатты.

Қағбаның  күнделікті  тірлігімен  етене  болу  Мұхаммедтің  бойында  дінге  деген,  діни  оқуға  деген  құштарлықты  ерте  оятты.  Мұхаммед  көрген-білгенін  бұлжымас  қағида  деп  түсінбей,  әр  сақ  қиялға  салынып  көп  ойланатын[30].

Мұхаммед  сегізге  толғанда  “сенің  табаныңа  қадалған  шөгір (мыңға) (тікен)  менің  маңдайыма  қадалсын”  деп  отыратын  абзал  атасы  Әбді  әл-Мүтәліб  қайтыс  болды.  Ол  өлерінің  алдында  үлкен  ұлы  Әбу Тәліпті  шақырып  алып,  Мұхаммедке  қамқор  болуды  тапсырды.

Жиырма  бес  жасында  Хубайли  қызы  Хадишаға  үйленіп,  тұрмыс  құрған  біраз  жылдан  соң,  Мұхаммед  ойламаған  жерден  таңғажайып  бір  дертке  шалдықты.  Дерттің  сырт  сұлбасы-талмаға  ұқсас  еді.  Ғажайып  түстер  мен  оқта-текте  ұстайтын  талма  дерті  Мұхаммед  бойына  жабысқан  кесел  емес,  тылсым  дүниемен  байланысатын  саңылау  деп  қабылдады.  Ол  жас  кезінде-ақ  Хадишаға  үйленбей  тұрып,  Құдайдың  жалғыздығы  туралы  ойға  бой  алдырған  еді.  Құдіреті  күшті  жаббардың  жалғыздығы  туралы  ой  сол  кезде  етек  алған  христиан,  иуда  діндерінде  бар  болатын.  Мұхаммедтің  ұлылығы  сонда-ол  Құдайдың  жалғыздығын  дәлелдеймін  деп  бас  қатырмай  оны  әрі  қарай  тереңдетіп  дамытты[41].

Хира  тауында  періште  арқылы  Мұхаммедтің  аузына  салынған  бес  жол  сөз  — Құдай  болмысы  туралы,  Құдайдың  адамға  деген  ықылас,  пейілі  туралы  терең  мазмұнды  әңгімелерге  арқау  болуға  молынан  жарады.  Рамазан  айы  арабтар  өзара  тұтатын  қасиетті  айы  еді.  Оның  үстіне  осы  айда  Алладан  аян  болып,  оның  қадір – қасиеті  тіпті  арта  түсті.  Сөйтіп,  бұл  орайда  Мұхаммед  иуда,  христиан  қағидаларынан  әрі  кетті.  Мұхаммед  арабтардың  пұтқа  табынушылық  үрдісінен  үзілді – кесілді  бас  тартып,  дүниедегі  ең  басты  философиялық  мәселе – мейірім  мен  зұлымдық  мәселесін  бірбеткей  шешіп,  Құдай  туралы  түсінікті  жаңаша  әліптеді.  Қай  діннің  де  негізгі,  түп  қазығы  Құдай  туралы         түсінік.  Христиан  діні  Құдайды  тайпа,  ұлт  шеңберінен  шығарып  оған                 жалпыхалықтық  мән  берді.  Ал  Мұхаммед  болса,  Құдайдың  жалғыздығы   туралы  ұғымды  шегіне  жеткізе  дамытты.  Дінді  теориялық  жағынан  бұдан  әрі  тереңдете  түсіндіру  мүмкін  емес [42].

Бұдан  әрі  тереңдетер  болсақ,  дін  жоғалып,  философия,  объективті  идеализм  үрдістері  басталмақ.  Қалай  дегенмен  де  Құдай,  дін  туралы  қағидаларды  Мұхаммедтей  терең  әліптеген  жан  баласы  болған  емес.  Мұхаммед  алғашқы  аянды  610  жылы  рамазан  айында  Хира  тауында  ұйықтап  жатып  алды.  Ол  біршама  күдікті  халдерді  басынан  кешіріп  барып,  әлгінің  түсі  де,  өңі  де  емес,  Алланың  аяны  екеніне  көзі  жетті.  Көзі  жеткен  соң  өзінің  ұстанған  діни  бағдарының  дұрыс  екеніне  де  кәміл  сенді.  Сөйтіп,  пайғамбар – барлық  жолға  бет  түзеп,  ден  қояды.  Ол  ұзын  арқан,  кең  тұсауға  салынбай  өзінің  діни  жолын  бірден – ақ  уағыздауға  кірісті [39]

Неше  жылдар  күдік  пен  күйзелісті  басынан  кешіп,  жалықпай,  талмай  іздене  жүріп,  қолын  аспанға  жайып  тілене  жүріп  тапқан  дінін  Мұхаммед  Ислам  деп  атады.  Ислам – “өзіңді  Құдайдың  еркіне  тапсыру”  деген  сөз.  Адам  баласы  арасында  мұсылман  үмметіне  енген  алғашқы  жан – Хубайлид  қызы  Хадиша.  Ол  мұсылман  дінін  күйеуінің  ыңғайына  бола  емес,  өзі  шын  жанымен  сеніп  қабылдаған.  Аспандағы  құдіретті – Құдай,  оның  жердегі  елшісі – Мұхаммед  пайғамбар  деген  тұжырым  оның  ойынан  шығып,  бірден – ақ  көңіліне    сену  керек  еді,  оған  шүбә  келтіру – Құдайға  да  шек  келтірумен  бара – бар [42].

Хадишаның  ізінше  Мұхаммедтің  ағасы  Абу  Талибтың  баласы  Әли  де,  асырап  алған  өгей  баласы  Зейд  те  мұсылмандыққа  енді.  Хашім  әулетінің  баскөтерері  Әбу  Тәліптің  қиын  жағдайларға  душар  болсаң  ара  түсіп  қолдаймын,  қорғаймын  деп  уәде  етуі – енді  діни  уағзаларды  ашық  жүргізуге  мүмкіндік  берді.  Өз  үй  жайларының  төрт  қабырғасына  қамалған  жаңа  оқу  енді  табалдырықтан  аттап  шығып,  Мекке  көшелеріне  ептеп  жайыла  бастады.  Өз  ағайындары  ешқайда  қашпайтын,  тулағанмен  далаға  шығып  кете  алмайтын,  ең  бастысы – жаңа  дін  аясына  басқа  аталардың  өкілдерін  тарту  еді.  Жаңа  дінің  шағын  ғана  уағызшылары  Мұхаммедтің  өзі  бас  болып  осы  іске  жарғақ  құлақтары  жастық  көрмей   жанталаса  кірісті.  Құрайштардың  арасынан  жаңа  дінге  алғаш  боп  ден  қойған  Әбу  Бәкір  еді.  Ол  құрайштардың  Тайм  атасынан  болатын.  Ислам  дінін  өзі  ғана  қабылдап  қоймай,  ол  сонымен  бірге  оның  белсенді  үгітшісі  айналды.  Басқа  аталардан  Әбу  Бәкірден  кейін  Ислам  дініне  ынта  қойып,  қалтқысыз  мойын  ұсынған  Әбді  Шаме  атасынан  он  үш  жасар  Осман  ибн  Афан.  Әбді  Шаме  Меккені  ашса  алақанында,  жұмса  жұдырығында  ұстап  тұрған  ықпалды  екі  қауымның  бірі [45].

Он  үш  жасар  Османның  Ислам  дініне  енуі — Әбу  Шаме  атасының  іргесі  сөгілуі  емес – ті.  Османмен  бір  тұста  мұсылман  жорасын  Асад  әулетінің  өкілі,  Мұхаммед  пен  Хадишаның  туысы  отыз  жасар  Әл – Зубейра  да  қабылдады.  Ол  Асад  әулетінің  ықпалы  жоқ ,  қатардағы  адамының  бірі  еді.  Ал  оның  есесіне  Зухра  әулетінен  Әбді  ар – Рахманның  Исламға  бой  ұсынуы  елеулі  жеңістердің  бірі  болды.  Осы  шамада  Зухра  әулетінен  он  жеті  жасар  Сайд  ибн  Уаққас,  Тайм  әулетінен  жас  Тальха  ибн  Ұбайдолла  да  мұсылмандықты  қабылдады.  Мұның  бәрі  Әбу  Бәкірдің  жігерінің  арқасында  жүзеге  асты.  Алтайда  енді – енді  орныға  бастаған  Ислам  дінінің  жолы  теп – тегіс,  даңғыл   бола  қойған  жоқ.  Алғашқыда  ол  жасырын  түрде  ағайындар  арасында  тарады.  Содан  біртіндеп  қанатын  жайып,  шеңберін  кеңейткендей  болғанымен,  іргеленіп  күш  алып  кете  алмады [13].

Үш  жылда  мұсылмандыққа  өткендердің  саны  бар – жоғы  қырық – елуге  жетті.  Араб  тарихшылары  ұзақ  жылдар  бойы  мұсылман  үмметіне  алғаш  енгендердің  тізімін  жасап  келеді. Соған  қарағанда   жаңа  дінді  жақтаушылардың  көбі  жастар,  өздері  жеке  бастары  атақ-абыройға  жете  қоймағанымен,  ауқатты  әулеттен   шыққандар  да  жоқ  емес.  Ал  бір  кезде тұтқын  болып  басы  азаттық  алған  адамдар  мен құлдардың  мұсылман болғандары   тым  аз  еді.

Құлдар мырзаларының  ықпалымен  жүріп  тұрды.  Мұхаммедті  қолдаушылар  негізінен  өзі  сияқты  ұсақ  саудагерлер  еді [39].

Мұхаммед  пен  оны  жақтаушылардың  Иасрибке  қоныс  аударуы  араб термининде  хиджра  деп  аталды.

Бұл  жерде    Мұхаммедті  оның тайпалары  қабылдаған,  солар  кіретін  жаңа  діни  қауымның бас  уағыздаушысы, билеушісі ретінде  таныды. Мұхаммедтің  жағдайы  қиын  болды.  Иасрибдтегі  тайпалар  көсемі  оның  жоғарғы  діни  беделін  мойындағанымен,  шындығында  билік  пен  күштің  барлығы  солардың  қолында  болды.  Мұхаммедтің  қауымының  ішкі  өміріндегі  ұйымдастырулардың  алғашқы  қадамдары  өте  сақтықпен  жасалды.

Дінге  сенушілердің  жаңа  қауымды  құрудағы  алғашқы  маңызды  келісімдердің  бірі  Мухаджирлер  мен  ансарлар   арасындағы  ағайындастық  құруы  еді. Бұл  арадағы   ағайындастық   құруда  оларды  туған  бауырластай  қылып жіберді.  Иасрибтағы   барлық  араб   тайпалары  ресми  түрде  исламды  қабылдағанымен,  олардың  арасынан  кейбіреулері  сыни  көзбен де  қарады.  Әсіресе  иудиліктер  жағынан  оппозиция  күшті  болды.

Олар,  әрине  Мұхаммедтің  құдайшылық  миссиясын  таныған  жоқ.  Мұхаммедтің  Иасрибке  келгеннен  кейінгі  жарты  жылында  ол  мұнда мешіт  салдырта  бастады  [44].  Иасрибтегі  позициясы  әбден орныққаннан  кейін,  оның  Меккеде  де  қарсылық  көрсететін  ешкімі қалмады.  Сауда  жолдарының  Иасриб  жанынан   өтетіндігіне  байланысты,  Меккеліктердің    керуендеріне  ауыр  соққы  жасауларына мүмкіндік берді.  Көптеген  нәтижесіз  шапқыншылықтардан  кейін,  Иасрибті  ұстап  тұрған  билігінің   жеткіліксіздігінен   Мұхаммед  өзі   шапқыншылықты   басқа  алады.  624  жылғы  ең  бірінші   жеңістері  Мекке   мен  Таиф   жолындағы  Нахл   қаласын  аздаған  мұсылман  топтарының  алуымен  аяқталды.  Ал  ислам  тарихындағы  алғашқы   өлімдер,  түсірген  (құлдар)  тұтқындар  мен  пайдалар  туралы  мұсылмандар  мен  ансарлар   арасындағы   қарулы қақатығыстар  төңірегіндегі  әңгімелерден  көреміз.  624 ж. 15  наурызда  Бадр  маңында  Мұхаммед  пен  Әбу  Бәкір  бастаған  Мұсылмандар  мен   меккеліктер  арасында  кескілескен  шайқас   болды.  Өте   күшті  қарсыласының  бүйтіп  тас-талқан  болып  жеңілуі   екі  жақты  да  таң  қалдырады [41]. Мұхаммедтің  екі  жыл  бойғы  Иасрибтегі   уағыздауы   идеологиялық  танымдылық  пен  ішкі  сыртқы   ерекшеліктердің    түрін  байқатты.  Мұхаммедтің  жеңістері  көпшіліктің   алдындағы  оның  дұрыстығын дәлелдей  түсті.  Иасриб  қарапайым  қаладан  мұсылмандар  үшін  Мадинат  ан-наби  немесе  Седина  деген пайғамбар  астанасына  айналды.

Бадр  түбіндегі  жеңілістен  Мединаға  қашқан  Абу  Суфиан   күйрей   жеңілгеннен  әбден  кектенді. Жалғыз  өзінің   күшімен  Мұхаммедті  жеңе  алмайтынын  білген  ол,  өз  жағына  Тафтың  сакифиттері  мен  ахабши  бірлестігіне  кіретін  тайпаларды  таратады.  Армияның  жалпы  санында  3000  адам  болды.  Бұл  армия  625 ж.  21  наурызда  Мадинадан  10  км.  оңтүстік-батыста  орналасқан  Зу–л–Хулайфы   жеріне  келеді [43].  Осы  кездерде   Медина  әлі  соғысқа  дайын  емес  еді.  Бірақ  адам  жинап  үлгерген  Мұхаммедтің  әскері   соғыс  аяғында  қашып үлгереді.  Соғыстың  Мұхаммедтер  үшін  жеңіліспен  аяқталғанымен,  оның  мединелік  жақтастары  арасында  беделі  түспеді.  Ал Мединаның  көршілес  көшпенді  тайпалары  Мұхаммедке, енді.  Ухудадағы  жеңілістен  кейін  де  Мұхаммедтің   соғыс   қозғалысы  бұрынғыдай  шығысқа  бағытталған  болатын.

Ухудадағы  жеңілістен кейін  де  Мұхаммедтің  Мекке  мен  Медина  арасындағы  тайпаларға  ықпалы  тоқтаған  жоқ.  Қарсыластарына  төтеп  беру  үшін  меккеліктер  Мұхаммедке  қарсы  ең  соңғы  күштерін  жинады.  627 ж.  наурыздың  аяғында Медина  жаққа  қарай  ондаған  мың  курайшиттер  мен  олардың  жақтастарының  әскері  жақындап  келді. Мұхаммед  меккеліктердің  негізгі  әскер- кавалерияға  қарсы  Мединадан  6 км. ор  қаздыртып  тасады.  Енді  соғысты  ордың  ішінде  өткізуге  тура  келеді [25].  Меккеліктер  Мединада  қалған курайза  иудей  тайпаларымен   астыртын  келіссөз  жүргізіп  жатқан  кезде,  Мұхаммед  басқа   тайпаларды  өз  елдеріне  кетіруге  итермелеген  еді.  Нәтижесіз  болған екі  апталық  ордағы  соғыстан  кейін   меккеліктер  бұл  жерді  тастап кетеді.  Осы  кездерде  Мұхаммед  курайз   тайпаларынан  кек  қайтарады;  еркектерін  өлтіріп,  әйелдер  мен  балаларын  құлдарға  айналдырады.  Мединедегі исламның ең  соңғы қарсыластары  жеңілуі   осылай  аяқталады.

628 ж. меккеліктер  бастаған  келіссөздерден  кейін  екі  арада  шабуыл  жасаспау  туралы  шартқа  келісім  береді.  Меккеліктердің   оларды  тең  жағындай  көріп,  келісім-шартқа   қол  жетуі – Мұхаммедтің  үлкен  саяси  жеңісі  болды.  Худайбидегі  келісімінен  кейін  мұсылмандар  Хайбар  оазисін  жеңіп  алады.  629 ж.  [23]  Мұхаммед  бастаған   2000  мұсылман Меккеге  қажылыққа  барып  келеді. 626  ж.  желтоқсанда  курайшиттермен  одақтас  тайпалар  Мұхаммед  әскерлеріне  Мекке  түбінде  шабуыл  жасайды.  Бұған   жауап  ретінде  630 ж. қаңтарда  ол  он мыңдаған  әскерін Меккеге   қарай  аттандырады.  Осымен  Меккенің   тағдыры шешілгендей  болды,  ал  Абу  Суфиан  ислам  дінін  қабылдайды.  12  қаңтар  күні  мұсылмандар    толығымен  Меккеге   басып  кіреді.  Осы  кездерде  Меккенің  солтүтік-шығыс   тауларында  мұсылман  шапқыншылығына  қарсы  хавазин  мен  скиф  тайпалары  дайындықта  еді.  Ай  аяғында  мұсылмандардың  12  мыңдық  әскері,  қарсыластарының   30  мыңдық  әскерін   үлкен   қиыншылықпен  жеңіп  шығады.  631  ж.  исламның  Аравияда  триумфалды  түрде  жүріп  өтуі  болды [40].  Бұл  Таиф   тұрғындарының   ислам  дінін  қабылдауынан  басталды  да,  Оталық  Аравияның   тайпалары  мен  Бахрейннен  елшіліктер  келе  бастады. Бұл  Мұхаммед  ілімдерінің  үлкен  саяси  күшке  біріккенін  дәлелдей  түсті.  Жылдың  соңында  Йамамның  солтүстік-шығыс  бөлігін  қоспағанда,  бүкіл  Аравия  түбегі  ресми  түрде  ислам  дінін  қабылдап,  Мұхаммед  өкіметін  мойындады.  Мекке  мұсылман  дінінің  орталығына,  бүкіл  мұсылмандардың “қасиетті”  қаласына  айналады.  Мұхаммед  мемлекет  пен  мұсылман  мешітінің  басқарушысы  болды.

Әлемге  жаңа  діннің  келуі  Еуразия  аймағын  үлкен  өзгерістерге   ұшыратты.  ҮІ-ҮІІ  ғасырларда  Аравия  түбегінде  онан  кейінгі  ғасырларда    Африка, Пириней  жарты аралында  және Азияның  біраз  бөлігіне  тарала  бастаған  ислам  осы  елдердегі  халықтың  тілін,  дінін,  салт-дәстүрін  толығымен  өзгертті. Исламды  бейбіт немесе соғыс  жолымен  болсын  қабылдауы  олардың  жаңа  дінге  сенім  тудырғандығы  анық  еді.   Осы  кезде  кең  тараған  пұтқа  табынушылық,  христиан,  иудей  діндерін  ислам  діні  ығыстырып  шығарды [33].
Тағы рефераттар