Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өмір өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі.Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізінде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез-келген экономикалық субьект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады.Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қамтамасыз өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі.Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналасының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншіден оларға деген тапшылық орын алды.Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін

жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбек ақы төлеуге және тағы басқа мүмкіндіктер тудырады.

Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есепшотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді.Қолма-қол ақшасыз есеп экономикадағы есептеулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.

Қолдағы ақшалардың айналымға түсуін және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.

Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналасушы экономикалық субьектілердің өмір сүру мен жалпы халық шаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын рөлі өте зор екен
Тағы рефераттар