Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер туралы қазақша реферат

Маркетингтік зерттеулер – шаруашылық басқарудың элементі. Олар кәсіпорында,өндірісте – сатуды, жабдықтауды және сауда қызметін қосады.

Нарыққа тауарды шығару алдында, кәсіпорын мыналарға сенімді болу керек:

  • Ұсынылған өнім өз сатып алушыларын табады.
  • Сатушы ұсынған баға – өнім өндіруге кеткен шығыннан аз болмайды.
  • Өнімді дайындау үшін кәсіпорын нарықта материал, шикізат және т.б. компоненттер жеткілікті мөлшерде және тиімді бағамен сатылатындығы.

Кәсіпорын потенциалын бағалау.

Кәсіпорын күшті жақтарына потенциалды ресурстардың жеткілікті мөлшерде бар болуы (материалдық, қаржылық, еңбектік, ақпараттық және т.б.) сапалы өнім және сатып алушыларда жақсы атаққа иелік ету, аз шығын, шығарылатын өнімнің рационалды ассортименті, дамыған өнім өткізу жүйесі,тиімді менеджмент, инновацияға бейімділік, қосымша қызмет көрсету және т.б.

Кәсіпорынның әлсіз жақтарына қызметтің стратегиялық бағыттың толық жетілдірмеуі, нарық туралы толық білмеу, қиын шешілетін өндірістік мәселелер, жоғары мамандырылған қызметкерлердің болмауы, жаман жарнама, өндіріс рентабельдігінің төмен болуы және т.б.

Қауіп – қатер ықтималдығының пайда болуына кәсіпорынның маркетингтік жүйесі байқау жасау керек. Оған нарықта жаңа бәсекелестердің пайда болуы, нарық қарқының баяу өсуінің, макроэкономикалық көмек жүйесінің нашарлауы, сатып алушылардың талғамының өзгеруі және т.б. жатады.

Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтардың құрамы мен оның мүмкіндіктері мен қауіп — қатердің құрамын талдағаннан кейін олардың арасында байланысты талдау керек. Ол үшін біз мақсатты матрицаны құрамыз. Матрицаның сол жағында екі бөлікті («әлсіз жақтарын» және «күшті жақтарын») бөлеміз, оның құрамына жоғарыда айтып кеткен талдаулар жатады. Құрамына барлық анықталған мүмкіндіктер мен қауіп – қатер  кіретін матрицаның жоғарғы бөлігінде «мүмкіндіктер» және «қауіп – қатер» орналасқан.

Бөліктердің қиылысқан жерінде  төрт  бөлік: А бөлігі («күшті жақтар мен мүмкіндіктер»), В бөлігі («әлсіз жақтары мен мүмкіндіктері»), С бөлігі («күшті жақтары мен қауіп – қатер»), Д бөлігі («Әлсіз жақтары мен қауіп – қатер»).

Кәсіпорын жағдайының ерекшеліктері.                   Перспективалар
  Мүмкіндіктері     Қауіп-қатер
 1.  2.  3.  1.  2.  3.
    Күшті жақтары

1

2

3

 

А

 

С

   Әлсіз жақтары

1

2

3

 

В

 

Д

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ші кесте. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын ескере  отырып  мүмкіндіктері мен қауіп-қатерге матрицалық талдау.

Талдаудың қорытындысы бойынша А бөлігінде кәсіпорынынң күшті жақтарын ескере отырып, сыртқы ортада пайда болған мүмкіндіктерге жүзеге асыру үшін стратегияны жасау. В бөлігінде кәсіпорынның әлсіз жақтарын шешу үшін пайда болған мүмкіндіктерді пайдалану. С бөлігінде пайда болатын қауіп – қатерді жеңу үшін кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы оның күшті жақтарын пайдалану қажет. Д  бөлігі үшін кәсіпорын пайда болатын қауіп – қатерді және әлсіз жақтарын жеңуге бағытталған маркетингтік стратегияны әзірлеу керек.

Стратегияны жасау барысында мүмкіндіктер мен қауіп – қатерлер өзінің қарама – қайшылығына өтіп кетуі мүмкін. Қолданылмаған мүмкіндік қауіп – қатер болуы мүмкін, егер де оны бәсекелес кәсіпорын пайдаланса немесе керісінше.

Кәсіпорынның (фирманың) маркетингі.

Қазіргі кәсіпорынның маркетингі көп мақсатты мінез – құлықтан тұрады. Стратегиялық мақсаттарды жетумен бірге көптеген ағымды және оперативті шешімдерді шешу керек. Экономикалық мәселелерден басқа әлеуметтік, ұйымдастырушылық, ғылыми – техникалық мәселелер туындайды. Жиі қайталанатындар, дәстүрлі  мәселелерден басқа күтпеген жағдайда шешім қабылдау қажет.

Маркетингтік мақсаттардың жіктелуі мақсаттарды жобалуды нақтылау және сәйкесінше әдістер мен жүйені қолдану. Маркетингтің мақсаттарды әртүрліжәне олардың саны көп. Кәсіпорынның меншік түріне, формасына, масштабына қарамастан оның құрамын жүйелі түрде анықтамай жұмыс жасай алмайды. Кәсіпорында шаруашлық дамудың бағыттарының стратегиялқ құрамы және оның бәсекеге қабілеттілікті құру бағдарламасының қамтамасыз етілуінің рөлі 3-ші кестеде көрсетілген. Егер де кәсіпорын нақты даму мақсаттарын  анықтамаса, осы мақсатқа жетудің жолдарын қарастырмаса, ол нарқтық экономикада  өз қызметін жүргізе алмайды.

Маркетингті қайта құру біріншіден, ескі маркетингтік тәсілдерден жаңа тәсілдерге бір қалыпты өтуді, екіншіден, маркетингті қайта құру үшін бірнеше жағдайларды атап өтуге жақсы. Соның қатарында:

  • Фирмаға жаңа маркетингтік және ұйымдастырушылық   әдістерді енгізу үшін алдын–ала талдау жасау.
  • Қайта құрудың әдісі мақсатталған бағдарламаның жасалуы.
  • Осы бағдарламаны басқару үшін құрылымды құру.
  • Қайта құруды түзету үшін басқарудың әдістерін мен формаларын қалыптастыру.

Жаңалықты  енгізудегі кәсіпорынның қаржылық, материалдық және еңбектік ресурстардың бар болуы мен қатар оның жолында негізгі ұйымдық және психологиялық барьерларды анықтау маңызды.

Ұйымдастырушылық жоспарда мынандай кедергілер болуы мүмкін:

  • Бөлімшелер арасында конфликт.
  • Бөлімшелер арасында коммуникацияның жақсы дамымағандығы.
  • Ұйымдастырушылық жұмыстарға жаңа талаптар мен қалыптасқан ынталандыру жүйесі арасында қайшылықтар.
  • Не болсада қалыптасқан қарым – қатынасты сақтап қалу.

Барлық барьерлердің ішінен мамандар жоғарғы басқарушылық кәсіпорындардағы маркетингтің жаңа әдістеріне көп мән береді. Жаңалықты енгізгенде басшылардың көмегі маңызды, ал жаңартпашылықты енгізгенде кәсіпорын басшылары жағынан көңіл бөлінгенін талап етеді. Маркетингтегі жаңалық жауапкершілік пен өкілеттілікті қайта тағайындауды, шешім қабылдау процедураларын өзгертеді.

Нарық сегментін таңдау.

Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір – біріне ұқсамайтын әрбір нарықта ерекше тұтынушылардан тұрады. Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әр түрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Міне, осы нарықты сегменттеудің негізі болады.

Сонымен нарықты сегменттеу дегеніміз –нарықтағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.Нарықты сегменттеу ұғымын тұңғыш рет 50 жылдары Смит Уэнделл пайдаланды. Және  бұл тәсіл жалпы маркетинг стратегиясы ретінде ұсынылады. Сегменттеудің мақсаты өндірілген және жетілген және өткізетін тауарға нақтылы сатып алушыны қамтамасыз ету болып табылады. Маркетинг іс – тәжірбиесінде нарықты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:

  • Тұтынушылардың әртүрлі тауарға деген қажеттілігін қанағатандыру деңгейі максималды дәрежеге жеткізу.
  • Фирманың тауарды өңдеуге, өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды ұтымды және үйлесімді болуын қамтамасыз етеді.
  • Әлуетті тұтынушылардың іс — әрекетін айқындап, талдау негізінде қолайлы маркетинг стратегиясын жасауға көмектеседі.
  • Тауардың, фирманың бәсеке қабілетін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
  • Бұрын басқа фирмалар ескермеген жаңа нарық сегментіне шығу арқылы бәсекелік күресті жоюға немесе төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл бәсекеге кететін шығынды азайтады.

Тағы рефераттар