Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдердi топтастыруда мағыналық принцип те негiзге алынды. (С.Аманжолов, Т.Қордабаев). Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнiң қарым-қатынасқа түсудегi екi арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды. Аманжоловтың “Қысқаша курсында” сабақтас сөйлемдердiң өзін 18 түрге жiктедi: Себеп-салдар, мезгiл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты, дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сiлтеу, үдетпелi т.б.

Бағыныңқы сөйлемдердi топтастыруда мағыналық-тұлғалық принциптер де негiзге алынды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгiлерi мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз байланыста қарастырылады (түсiндiрмелi, ыңғайлас сабақтас).   (Есенов)

Қазiргi кезде салалас құрмаластың 8, сабақтас құрмаластың 8 мағыналық түрi көрсетiлiп жүр.

Загрузка...

Сабақтастардың мағыналық түрлерін саралауда өзіндік ерекшелігі бар таптастырудың бірі — Қ. Шәукенұлының таптастыруы. Автор сабақтастарды төмендегідей мағыналық топтарға бөледі:

  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  3. Кезектес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  5. Мәндес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  6.  Сын-қимыл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  7. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  8. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
  9. Түсіндірмелі  сабақтас құрмалас сөйлем
  10.  Салыстырмалы  сабақтас құрмалас сөйлем
  11.  Болжалды  сабақтас құрмалас сөйлем
  12.  Көп тармақты  сабақтас құрмалас сөйлем [21: 188-229].

Автор көрсеткен кезектес бағыныңқылы, болжалды сабақтас құрмаластары қазақ тіл білімінде бұрын-соңды айтылмаған сөйлемдер екенін мойындауымыз керек.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар