БТҰ-ның эксперттерінің болжамдары бойынша, 2010 жылға қарай әлемдегі сапарлар саны  2 есеге өседі және миллиардтаған туристік келулерге жетеді, оның  146 млн Орталық және Шығыс Еуропаға келеді (ТМД және Балтия елдерін қоса алғанда).

БТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристер саны 2010 жылға қарай 1 млрд 18 млн адамға жетеді.

КСРО Ғылым Академиясында жұмыс істейтін  кеңес географтарының мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемнің барлық елдерінде 25,3 млн шетелдік келуші тіркелген, ал 1968 жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл жер шары халқының 4%-ін құраған.

Загрузка...

Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-60 жж. – бұл жаппай қонақүйлерді, мотельдерді, көңіл көтеру мекемелерін салу кезеңі. Еуропалық туризм американдық туристерді қабылдауға басым бағытталды және қабылдаушы ел үшін долларлық түсімдердің көзі болып табылды. 60-шы жылдар мен 70-ші жылдар ортасына дейін кіру және шығу туризмінің өсімі байқалды және туристік кәсіпорындар саны мен олардың өндіріс көлемінің өсуі де байқалды.

Халықаралық туризм көшбасшылары

1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел – АҚШ болды. 1970 жылы туристік келу саны бойынша біріншілікке Италия шықты. 1990 жылдан бастап,  шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция болды. Франция ХХ ғасыр соңына дейін халықаралық туризмде көшбасшы болды.

Тура ХХ ғасырдың соңында туристік қызметтер экспортынан түскен жалпы әлеуметтік түсімдер салыстырмалы жоғары көрсеткіштерге жетті. 1998 жылы туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ долларын құрады.

ХХ ғасырдың соңында АҚШ халықаралық туризмнен түскен табыс бойынша көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000 жылы – 95,2 млрд доллар болды.

2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы 10 елдің қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл цифр 21,2 млн адамға жетті.

БТҰ-ның статистикалық мәліметтері 2000 жылы халықаралық туризмдегі келу бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен түскен түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.

БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі, мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай әлемде туристік келу саны 1561,1  млн адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін бұл кезде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері қызықты оқиғалы және спорт туризмі болып табылады.

2020 жылға қарай жалпы келу көлемімен арақатынастағы аймақаралық туризмнің үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия – 85%; Таяу Шығыс – 63%; Африка – 43%; Америка – 38%; Еуропа – 15%.

2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады: күн және жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық парктер; конгрестік туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.

Ұлттық Туристік ұйымның (НТО) ХХI ғ. таяу онжылдығындағы басты бағыттары мыналар болды:

—            маркетингті күшейту, бағыттылығы мен агрессивтілігін көтеру;

—            өнімді, оның сапасы немесе бағасын дифференциалдау арқылы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге үнемі тырысу;

—            ұзақ мерзімді жағдай мақсатында туризмді тұрақты дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігін мойындау;

—            мемлекеттік бақылауды азайту, мемлекеттік–жеке меншік серіктестерін кеңейту.

1950 жылдан бастап келген халықаралық туристер саны 28 есеге өсті және 2000 жылы 698 млн адамға жеткен. Бұл цифр 2020 жылға қарай 2 еселенеді және 1,6 млрд жетеді деп болжануда. Қазіргі кезде туристердің 80% жуығы Еуропа мен Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиеді, тек 15% — Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағына және 5% — Африка,  Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияға келеді.

2020 жылға қарай Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы Еуропадан кейін халықаралық туризм бағытының әйгілігі бойынша 2-ші болады деп күтілуде.

2020 жылға қарай ең әйгілі түрлері: қызық оқиғалы; экологиялық; мәдени-танымдық; тематикалық және круиздер.

Халықаралық туризмнің дамуының қазіргі факторларына жер шары халқының бейбіт өмір сүруі, халықаралық туризмді дамытып отырған көптеген елдерде мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық байлықтың өсуі, жұмыс уақытының қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің жетілуі жатады. Демографиялық факторлар да (өмір сүрудің орташа ұзақтығының өсуі, урбандалу деңгейінің көтерілуі) әсер етеді.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторларды да бөліп қарастыруға болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің тым алыс орналасуы, сейсмикалық белсенділік пен апаттық жағдайлар, азаматтық соғыстар мен дамушы елдердегі экономикалық төмендеулер, халықаралық терроризм.

Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:

  1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, басқа жағынан туризм индустриясында қызмет ететін адамдарға үнемі мәселелер тудырады;
  2. Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндіктері туралы туристердің ақпараттылығы өсті. Туристер саяхат кезінде өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;
  3. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі және әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігі кеңейді;
  4. Жаңа қызмет түрлері ұсынылады (кәсіпкер өте қолайлы комбинациялар әзірлейтін болды. Мысалы, демалысты саудамен, білімді ағартушылықпен, бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);
  5. Халықаралық туристер үшін фирмалардың бәсекелестік күрестері күшейді;
  6. Қазіргі кезгі ақпараттық технологиялар қызметтерді сатуға, орындарға тапсырыс беруге, әртүрлі  туристік орталықтар мен көрнекіліктерді оқып-зерттеуге жаңа жолдар ашты;
  7. ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады, яғни туристің қажеттілігін максималды ескеру мен оның әкелетін зияны арасында тепе-теңдікті сақтауға негізделеді.

2020 жылға қарай шығу туризмі бойынша көшбасшы елдер 

Туристермен жабдықтаушы елдер

Халықаралық сапар саны, млн

Нарықтағы үлесі, %

1

Германия

163,5

10,2

2

Жапония

141,5

8,8

3

АҚШ

123,5

7,7

4

Қытай

100

6,2

5

Ұлыбритания

96,1

6,0

6

Франция

37,6

2,3

7

Нидерланды

35,4

2,2

8

Канада

31,3

2,0

9

Ресей

30,5

1,9

10

Италия

29,7

1,8

БАРЛЫҒЫ

789,1

2020 жылға қарай кіру туризмі бойынша көшбасшы елдер 

Туристермен жабдықтаушы елдер

Халықаралық сапар саны, млн

Нарықтағы үлесі, %

1

Қытай

137,1

8,6

2

АҚШ

102,4

6,4

3

Франция

93,3

5,8

4

Испания

71

4,4

5

Сяньгань

58,3

3,7

6

Италия

52,9

3,3

7

Ұлыбритания

52,8

3,3

8

Мексика

48,9

3,1

9

Ресей

47,1

2,9

10

Чехия

44

2,7

БАРЛЫҒЫ

707,8

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар