М.Форвергтің ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасауы туралы қазақша реферат

70 жылдары Лейпциг пен Йенск университеттерінде М.Форвергтің басшылығымен ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасалды. Оның зерттеген саласы-өндірістік мекемелерге басшыларды әлеуметтік-  психологиялық  тұрғыда  дайындау болды. Тренингтің негізгі құралдар болып рөлдік ойындарды драматизация элементтерімен, тиімді коммуникация дағдыларын қалыптастыратын шарттарды жасайды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің өркен жаюы 80 жылдарда басталды.

1982 жылы Л.А.Петровскаяның теориялық және әдіснамалық аспектілерге арналған монографиясыжарияланды. Л.А.Петровская «әлеуметтік — психологиялық тренинг» ұғымында топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер етудің тәжірибесін ұғынуды ұсынды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты ретінде көптеген авторлар қарым-қатынаста компетенттілікті жоғарлатуды жатқызады. А.Петорвская қарым-қатынастағы компетенттілік ұғымында тұлғааралық қарым-қатынас барысындағы білімдердің дамуын, әлеуметтік нұсқаулар, икемділіктер мен тәжірибенің алмасуын түсінді.

В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы үшін келесі міндеттер шешу қажет деп көрсетеді:

-қарым-қатынастың икемділіктері мен дағдыларын игеру;

-тұлға, топ, қарым-қатынас психологиясы саласында білімдерді игеру;

-қарым-қатынасты жақсартатын білімдердің дамуы мен қалыптасуы,

түзетуі;

-басқа адамдар мен өзін адекватты бағадаудың қабілеттерінің дамуы;

-тұлға қарым-қатынас жүйесінің дамуы.
Тағы рефераттар