Жан Пиаженің генетикалық психологиясы туралы қазақша реферат

Ж. Пиаже ─ психология ғылымындағы генетикалық бағыттың ірі өкілдерінің бірі.

Ж.Пиаже  жүйелі құрылымдық талдауды  пайдалана отырып, ол өздігінен, қандайда  бір құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндірудің  жеткілікті құралы бола алмайтынын айтты. Құрылымдардың даму заңдары мен құбылыс шарттарын зерттеу арқылы ғана олардың табиғатын және қызметінің заңдылықтарын түсінуге болады.

Загрузка...

Ж.Пиаже  психологиялық зерттеудің әдістемелік ұстанымы ретінде генетикалық әдіс ережесін пайдалануды ұсынды.  Ж.Пиаженің  пікірі бойынша, жекелеген  ғылымдар ғана емес, танымдық теория да генетикалық  негіз бойынша жасалуы керек. Бұл оған генетикалық эпистемалогияны,  яғни адамдардағы  әр түрлі  білімдердің, ұғымдардың, танымдық операциялардың және т. б. қалыптасуының  алғы шарттары мен механизмдері туралы ғылымды жасауға негіз болды.

Ж.Пиаже өз талдауының бастапқы пункті ретінде біртұтас жеке адамның –психиканың немесе снаның емес – қошаған әлеммен   ара-қатынасын қарастырды.

Ж.Пиаженің пікірі бойынша, онтогенетикалық даму барысында сыртқы әлем балаға объект ретінде бірден білінбей, онымен белсенді ара-қатынас нәтижесінде білінеді.  Объекті мен субъектінің  өзара  тереңірек  әрі  толығырақ ара-қатынас жасу барысында олар бір-бірін  толықтырады:  объектінің сипаты жаңарған сайын, әлемді  тану және саналы түрде қойылған мақсатқа жету үшін, субъектіде  әлемге әсер етуші  күрделі амалдар қалыптаса  бастайды.

Ж.Пиаженің  басты мақсаты – адамның  ақыл-ойын зерттеу болды.  Ол оны эволюция барысындағы  төмен ұйымдасқан  органикалық құрылымдардың  табиғи дамуы ретінде қарастырды. Бірақ Ж.Пиаженің психологиялық  көзқарастары  даму үрдісін, ассимиляция  және аккомодацияның өзара байланысы сияқты жалпы биологиялық  тұрғыдан түсінуді  негіз етті. Ассимиляцалау кезінде  ағза өзінің мінез-құлық схемаларын  ортаға ұсынады, ал аккомадация кезінде  оларды ортаның ерекшеліктеріне  байланысты қайта құрды. Осы актілер арқылы ғана ағза өзінің айналасына бейімделеді.

Ж.Пиаженің психика дамуының  мәселесіне көзқарасы 30-шы жылдары түбегейлі өзгерді. Ақыл-ой актілерінің құрылымын сипаттау мақсатымен , ол арнайы логикалық-математикалық аппарат  жасады. Ж.Пиаже ақыл-ой дамуының кезеңдерін, олардың мазмұны мен мағынасын басқаша анықтай бастады.  Енді ол баланың танымдық дамуының  басқа адамдармен қарым-қатынас жасау емес әрекет көрсетеді деп санады.

Ж.Пиаже ақыл-ойды зерттеу кезінде кескін әдісін пайдаланды: ол әр түрлі жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижесін  салыстырады.  Бұл әдіс баланың ақыл-ой әрекетіндегі  кейбір өзгерістерді өзгерістерді көрсетті.  Бірақ бұл әдіс баладағы жаңа ақыл-ой амалының, ұғымының, білімінің, психологиясының қалыптасуын ашып көрсетеді.

Ж.Пиаже  концепциясының басты кемшілігі: баланың толық тұлғалық дамуын ескермей, ол ақыл-ой  дамуының басты қозғаушы күші ретінде ақыл-ойдың өзін көреді. Ақыл-ойдың даму факторларының  арасында іс-әрекет сияқты фактор болған жоқ.

Ж.Пиаже ақыл-ой дамуының  бір деңгейден екінші деңгейге өтуінің маңызды шарты ретінде үйретуді жете бағаламайды. Көптеген  зерттеушілер баланың ойлау қабілетінің  дамуы дұрыс ұйымдастырылған үйрету жүйесіне байланысты болатынын көрсетті

.
Загрузка...

Тағы рефераттар