Амазонка ойпаты туралы қазақша реферат

Амазонка ойпаты (Амазония) Оңтүстік – Америка платформасының ең ірі иілімінде орналасқан. Оның негізін палеозой және үштік мезгілдің шөгінділері құраса беткі қабатын неогеннің көлді — өзенді жыныстары жауып жатыр. Ол жер шарының аса ірі ойпаты болып есептеледі – көлемі 5 млн. шаршы км –ден астам. Батысында ойпат өте кең әрі тегіс, өзен аңғарлары аса көп тілімделмеген. Амазонканың орта ағысында биіктігі 25 – 30 м, шығысында (Шығыс Амазония) ойпат Гвиана және Бразилия массивтерімен қосылып кетеді. Шығыс Амазонияның  беткі қабатын құрайтын ежелгі латериттік қабат, төрттік дәуірдің жыныстары, қалқандардың шеткі бөлігінде жер бетіне шығып жатқан жыныстар биіктігі  150 – 200 м болатын тегіс үстірттер (табулейрош) өзен аңғарларымен тілімденген. Бұл көрші массивтердегі кейінгі көтерілімдердің нәтижесі мен Амазонка өзен жүйесінің стөмен түсу үрдістерімен байланысты.

Анды таулары мен Бразилия таулы қыраты және Патагония арасындағы ойпаңды Ішкі жазықтар алып жатыр. Жазық негізінен  девоннан төрттік мезгілге дейінгі континеттік жыныстардың қалың қабатынан тұрады және  тегіс, аз тілімденген жер бедерімен ерекшеленеді. Бірақ қиыр солтүстік пен оңтүстікте орта биіктіктегі қалдықты массивтер бар: солтүстікте  Бразилия массивінің кристалды фундаментінің көтерілімдерініңәсерінен пайда болған  Орталық қырат 1400 м биіктікке дейін, ал оңтүстігінде  гондванидтер мен Пампа сьерраларының  жақпарлы жыныстары болывп табылатын, биіктігі 1200 м–ге жететін – Буэнос Айрес Сьеррасы. Парагвай мен төменгі Парана ағатын ойыстың білігін бойлай батпақты Ла – Плата ойпаты созылып жатыр.  Сондықтан оны кейде Парагвай, Парана жазығы деп те атайды. Жазық солтүстігінде жоғарғы Парагвайдың (Пантанал) өте терең тектонмкалық ойпатынан басталып, Гран Чако мен Междуречье өзен аралығы (Парана — Уругвай) жазықтарының шығысына жалғасады, одан әрі, оңтүстікте Пампамен аяқталады. Гран – Чаконың Анды тауы алдының бөлігінің батысына қарай 700 – 800 м дейін ысырынды конустар тән батпақты ойпаттар орналасқан.

Ішкі жазықтарға оңтүстік – батыста Кордильер алды мен Пампа сьерралары облысы шектеседі. Биіктігі 2 – 6 мың.м – ге жететін  жалпақ шыңды және тік жарлы жақпарлы массивтер ойпаңдармен алмаса кезедеседі. Бұл массивтер ежелгі шеткі платформалық құрылымдар. Олар Анды геосинклинальды облысындағы қозғалыстарға байланысты  көтерілген. Батыста олар Анды тауына жапсарласып кетеді.
Тағы рефераттар