Орталық Азия аймағы XX ғасырдың басында ақ Ресей және Британдык, империялардың бәсеке орталығына айналған болатын. Бұл бәсеке екі ел арасында 1907жылы ағылшын — ресей келісмімен аяқталған. Империялар ыкпалдастық аймақтарды бөліске салып, шекараларын белгіледі. Ресей империясы Орталық Азияда орналасса, Ұлыбритания Үндістанда әкімшілік басқару жүйесін құрған еді.

Ауғаныстан екі империяны бөліп отырган буферлік мемлекетке айналды. Орталық азияның маңызды стратегиялмқ орталықта орналасқаны жөнінде XX ғасырдың басында геосаясат мәселелері бойынша маман Хэффорд Маккиндер континентальды орталык теорияны жасай отырып, атап өткен. 1919 жылы ол былай деген: «Кімде кім Еуропаның шығыс аймағында ықпалын арттырса, ол континенттің орталығына әсер етеді, ал континентальды орталыққа иеленгендер Әлемдік аралдары бағындары /Еуразия мен Африка/. Әлемдік аралдары иелеиген мемлекет дүниежүзін бакылайды» [17]. Бұл теорияны қазіргі таңда АҚШ мықты ұстануда.

КСРО ыдырағыннан кейін Орталық Азия жаңа «үлкен ойын» аймағына айналды. Оған көптеген мемлекеттер қызығушылығын білдірді. Егерде XX басында Британия мен Ресей арасында бәсекеге тартылған болса, қазір бұл жерде Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Сауд Арабиясы, Еуропалык мемлекеттер бәсекеге гартылды. Бұл мемлекеттердің басты мақсаты табиғи ресустар мен мұнай секторына бакылау орнату болып табылады. Қазіргі аталмыш елдерден кайсысы өз ұстанымдарын арттыру жөнінде болжам жасау қиынға тұседі, алайда ХХІ ғасыр Қазақстанның басты ұстанымы тұрактылықтың сакталуы, өркендеу мен демократияны дамыту болып табылады. Бұл жөнінде дәстүрлі дипломатиялық корпустың жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткен. Ол әр елдің тең құқықтық негізде өз орынын иеленуге және оны дамытуға құқылы деген [18]. Сондыктан АҚШ-тың жаһандану саясатын жүргізуші ел ретінде, Орталык Азияда, әсіресе Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарын мына себептермеи аныктауға болады:

-Қазақстан егемендігін алды және сыртқы саясатын өз бетінше жүргізуде;

-Қазақстан АҚШ-тың басты геостратегиялық бәсеке мемлекеттердің қақ ортасында орналасқан. Ол бір жақтан Ресеймен шектесіп отырса, екінші жақтан ҚХР мен және Ислам әлемімен тікелей байланыста;

-Бұл аймақ табиғи және энергетикалық ресустарға бай;

-Дүниежүзілік саяси мәні бар Қазақстанның уран рудасы мен ядролық технологиялары бар.

Сол үшін АҚШ-тың сляси кызығушылықпен қатар экономикалык қызығушылығы да басым. Ал Орталык Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бәсеке балансын да түрлендіреді. АҚШ-қа жаңа саяси одақ құратын мемлекет қажет. Себебі Ресей өзінің ішкі саяси-экономикалық проблемаларына байланысты біркелкі әлсіреген, ал Қытай болса өз ұстанымдарын күшейтіргенімен көшбасшылық дәрежеге дейін жете қойған жоқ.

АҚШ Қазақстанда глобальды саясат жүргізгісі келеді. Ол әскери және экономикалық қуатқа ие болғандықтан жаһанды тораб қалыптастыру саясатын жүргізуде. Бір жақтан АКШ-та Қазақстан үшін манызды серіктес мемлекеттердің бірі. Себебі аумақтағы кауіпсіздікті сақтауда, терроризмге қарсы күресте, халықаралық саяси және қаржы әлемде Қазақстан өз орнын иеленуде АҚШ-тың да колдауы маңызды болып келеді. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде былай атап өткен: «АҚШ-тың мақсатты геосаяси іс-қимылдардың арқасында аймаққа келуінің мүмкіндіктің ашылуы геосаяси құрылымының өзгеруі әрі қарай әсер етпей қалмайды. Бұл аймаққа АҚШ-тың антитеррористік коалиция шеңберінде қадам басуы, бұл ретте, менің көзқарасым бойынша, кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа көбірек ұқсайды» [19].

Қазакстан-АҚШ байланыстарының негізгі 25 желтоқсан 1991 жылы, АҚШ-тың рссми түрде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындауы мен қаланды. АҚШ бірінші ел болып Қазақстан мен дипломатиялық байланыстар орнатты және Қазақстанға деген қызығгушылығын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы бірінші шетелдік елшілік те Америка Құрама Штаттарынікі болды.

Бірінші рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ еліне 1990 жылдың шілде айында болып қайтты. Бұл жөнінде ол «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде сараптап өткен. Ол кезде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті ретімде болып қайтқан еді. Президент басқарған делигация Нью-Йорк, Вашингтон, Сан-Франциско, Лос-Анжелес, Жаңа Орленада болып қайтқан. Сол кезде Н.Ә.Назарбаев президенттің қаупсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Скауфортпен, оның орынбасары Гейтспен, мемлекеттік хатшының орынбасары Иглбергермси, мемлекеттік хатшының кеңесшісі Зоэлликпен, сенаторлар Доулмен, Брендлимен, Лугармен және т.б. кездесті. Шеврон компамиясымен қарым-қатынас та сол кезде қаланды. Кездесу барысында бағдарламада АҚШ басшылығымен кездесулер кірген жоқ.

Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының негізі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 1992 жылдың мамыр айында АҚШ-қа бірінші ресми сапар барысында қаланды [20]. Екі мемлекеттің басшылары да екі ел арасында жаңа қатынастарының орнатылатыны жөнінде мәлімдеді. Сондықтан да екі ел арасында қарым-қатынастар әр түрлі салаларда дамып келе жатыр. Оларды атап өтетін болсақ, біріншіден, қауіпсіздік және қарулануды бақылау, екіншіден, экономикалық және саяси байланыстарды орнықтыру, үшіншіден, экологиялық және медициналық салада, төртіншіден мәдени және білім беру саласында қарым-қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатыр.

1993 жылдың 30-маусым айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі У.К.Кортни АҚШ сенаторы Ричард Лугардың Қазақстан дамуына жоғарғы баға бергеп сөзінің арнайы нусқасын әкеліп ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тапсырды. «Ол Қазақстан дамуы жағынан ең үлкен үміт туғызатын елдердің бірі. Қазақстандықтар прагматизмге беймділігімен, тату-тәтті ұлттык қатынастарымен белгілі. Демократия мен нарық экономикасы жолында да маңызды қадамдар жасады Қазақстан жетістігінің мәні қандай? Қазақстан өткен жылдың жазында төтенше маңызды стратегиялық қарулануды шектеу жөніндегі келісімі /ОСВ-І (бірінші болып бекіткен мемлекет, экономика саласында Қазақстан бұдан бірнеше жыл бұрын аса ірі американдық мұнай компаниясы «Шеврон Ойлмен» бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге кол қойды. Ол бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы ең ірі бірлескен кәсіпорын болмақшы, оған Шеврон компаниясы шет елдердегі ең ірі капиталып салмақшы»-деген [21].

1993 жылдыңі желтоқсан айында Қазақстанға АҚШ-тың жаңа вице-президенті Алббер Гольд келді. Ол  Президент Клинтонның ресми шақыруын әкелген болатын. Алматыға жаңа мемлекеттік хатшы У.Кристофер келді. Жаңа әкімшілік ескі өкімшіліктің уәдесін орындап жатқысы келмеді. У.Кристофердің бұл сапардағы басты мақсаты ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шарта қол қойдыру болып табылады. Алайда бұған Н.Ә.Назарбаев келіспеді және ракеталардьң жойылмайтыны жөніндегі нақты жауап қайтарған еді. Ол СНВ-1 шарты бойынша ракеталарды басқа елдердің қалай қысқартып жатқанына қарап, біртіндеп қысқаратыны жөнінде мәлімдеме жасады |22|. Бұл сол кездегі жас президенттің нақты шешім қабылдайтын шеберлігімен айқындауға болады.

Кристофер қатты таң қалып, шамдана бастады. Дегенменде Қазақстандағы ядролық қарудың тағдыры мен оны бұзып әкету мәселесі ойынға айналмауы қажет деп ойлаймын. Содан соң ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың ақпанның 14-18 арасында АҚШ-та ресми сапармен болып қайтты [22]. Сол сәтте Қазақстан үшін сәтті аяқталған болатын. Жоспарланған құжаттардың барлығына қол қойылды. Атап өтетін болсақ, ең бастысы демократиялык ықпалдастық хартиясы еді. Осы күнге дейін ТМД елдерінің ешбірі де АҚШ пен мұнай келісімін жасаспағанын атап өткен де жеткілікті.

Қару-жарақ және әскери салада да өте маңызды келіссөздерге қол қойылды. 1993 жылы желтоқсан айында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы У.Кристофер мен Вице-президент А.Горд Алматыға сапар аталмыш салада келіссөздер жүргізді [23]. Ол бойынша Қазақстан мен АҚШ континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру кондырғыларын жою, апаттың ахуал салдарларын болдырмау және ядролық карудың таралуын жол бермеу туралы бес келісімге қол қойды. Қазакстан ядролық қатер көзін жою ісінде бірлескен қызметтің құқықтық негізіне айналған бұл құжатқа жеті жыл мерзімге қол койылды және 2000 жылы желтоқсанда бұл мәселе қайта қаралып тағы да жеті жылға ұзартылды |24|.

Сондай-ақ баска елдердің де рөлінің артуы, Орталык Азияда, соның ішіңде Қазақстанға мемлекеттен тыс ойыншылардың /халықаралық экстремистердің, террористік ұйымадардың, есірткі бизнесінің/ енуі заңдылыққа айналды. Олар қауіпсіздік жүйесіндегі ашық қалған саңылауды оңтайлы пайдаланып отырған сыңайлы. Жалпы тұрақсыздыққа мұнымен катар Орталык Азияға жақын жердегі бірқатар ашық ошақтары, атап өтетін болсақ Ауғаныстандағы тұрақсыздық, Пәкістан-Үнді қарсыластары және ықтимал, бірақ өте шиеленісін кетуі қауіпі бар, яғни Каспийдегі тұрақсыз жағдайлар ықпал етуде.

АҚШ өзінің геоэкономикалық айналымына Латын Америкасын, Батыс Еуропа, Шығыс, Орталық және Оңтүстік Еуропаны. Жапония, Шығыс Азияны енгізіп алған. Сонымен қатар Шығыс Азия шектестігі шеңберінде қозғаушы тудырушы екінші орталық Қытай болатын түрі бар. Бұл аймақтар шеңберіндегі негізгі сауда көлемі мен инвестициялар ағыны әжептеуір ауқымды, ал үштік өкілдерінің үлесіне әлемдік сауда және инвестиция ағымьшың 60-75% технологиялық тарсферттердің 90%-ке жуығы тиесілі. Осының нәтижесінде жаһандандырылған экономиканың шет пұштағында Африка, Оңтүстік Азия, бұрыңғы КСРО кеңестігі қалып отыр [25]. Екі ел арасында экономикалық қатынастар саласында елеулі байланыстар жасалды. Оларды атап өтетін болсақ энергетика, көлік, құрылыс, кен өндіру өнеркәсібі, телекоммуникациялар саласында инвестициялық ынтымақтастыққа басымдылық берілді. 1993 жылы ақпанда өзара сауда қарым-қатынастары туралы келісім күшіне енді.

Н.Ә.Назарбаевтің 1997 жылы қарашада АҚШ-қа сапары кезінде жүргізген келіссөздер нәтижесі бойынша он сегіз құжатка кол койылды. Олардың арасымда экономикалық серіктестік туралы іс-кимыл бағдарламасын атап өту қажет. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде оның теңдесі жоқ және 1994 жылы қабылданған «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» толықтыру болды. Қазақстан Президентінің аса ірі әлемдік компаниялар мен корпарациялар «Шеврон»,»Мобил» «АЕС» басшылармен кездесуі болды. ХВҚ-ньщ билік етуші дирокторы М. Камдесюмен келіссоздср жүргізілді. Дүниежүзілік банктің басқарушысы Дж.Вулфенсонмен кездссуде тараптар қысқа мерзімді жобалардын. орнына ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға көшетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізді |26|.

Дүниежүзілік банк басшылығы Қазақстанның ауыл шарушылығында реформаларды, сондай-ақ зейнетақы реформасын іске асыру барысын жеделдету идеясын қолдады. Қазақстанда заң шығару реформасын дамыту үшін несиелер бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Құрушылары «Шеврон», «Мобил» және «Филлипс Петролиум» американ компаниялары болып табылатын. Американ-Қазақстан іскерлік қауымдастығы ганыстыру болды. Қауымдастық Қазақстан мен АҚШ арасындағы экомомикалык қатынастардың дамытудың нақты мәселерін шешуге, Қазақстанда Американың қатысуын кеңейтуге көмек көрсетуге қызмет істейтін болды. Қазақстан-АҚШ қатынастардағы маңызды бағыт сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Сауда-саттық ағындыларының дамуы былай көрінеді:

АҚШ-Қазақстан экономикасын тікелей инвестициялаудың жиынтық көлемі бойынша бірінші орынға ие, ол шамамен төрт млрд доллор болды. Қазіргі таңда Қазақстанда 325 Қазақстан-АҚШ бірлескен кәсіпорындары және түрлі компаниялардың жүзге жуық өкілдігі тіркелген. Үкіметік емес ұйымдар бойынша келісімге сәйкес Қазақстанда елуден астам Американ үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді.

90-шы жылдардың ортасында Орталық Азияда саяси-экономикалық және демократиялық реформаларда басты жетістіктерге ие болып табылатын Қазақстанға АҚШ тікелей шетел инвесі щияларын еңгізе бастады. Статистикалык мәліметтерге қарағанда ЮСАИД линиясы бойынша АҚШ Қазақстанға адам басына 2,15 доллар каражат бөле бастады.[27].

2001 жылдың мамыр айында АҚШ-тың арнайы ұлттық энергетиканы реттейтін топтың әзірлеген энергетикалық саясатына байланысты жақын жиырма жыл ішінде АҚШ-тың мұнай сұранысы 33%-ке дейін өседі. Яғни бұл көрсеткіш бір күнде АҚШ-тың 6 млн беррель шығын ететінімен теңдеседі. Сондықтан АҚШ өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ету үшін 7,5 млн. беррель мұнайды жұмсау керек болады. [28] Бұл көрсеткіштер әрине АҚШ-тың Қазақстанға деген қызығушылығын арта тұседі. 2001 жылы екі ел Президенттері арасында табиғи ресустардын девирсефикациясы мәселесі бойынша келісімдер жасалды.

АҚШ бұл бағытта Баку-Жейхун жоспарындағы қызығушылығын арттырып, аймақтағы өз ұстанымдарын күшейтіруді көздеп отыр. Әрине 2005 жылдын 10 сәуір айында АҚШ Президенті ДЖ.буштың Грузияға шеккен сапарын атап өткен жөн. Себебі АҚШ үшін маңызды рөлді ойнап отырған мәселе біріншіден, Каспий аймағындағы табиғи байлықтар болса, екіншіден Қазақстанның Кіндік Азияда орналасуы оның әскери-саяси мақсаттарына тиімды болып келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі алдына қойған мақсаты Қазақстанның және онда тұратын халықтардың әрі қарай дамуы үшін елдің экономикалық потенциалын күшейту болып табылады. Сондықтан қалыптасу ұстіндегі елдің сыртқы саясатының стратегиясы елдін әлемдегі баска да мемлекеттермеи, соның ішінде маңызды болып табылатын АҚШ-пен әрі карайды сауда экономикалық байланыстарын кеңейтуге арналған.

АҚШ Қазақстан табиғи ресустарын импорттауға көп көңіл бөледі. Дамыған және ғылыми-техникалық прогреске жеткен дамушы елдердің  шикізат көзіне айналған Қазақстан қазіргі танда әлсіз мемлекеттер сатысына жатқызылады. Бірақ көптеген кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыруды қажет ететін сауатты халқы бар Қазақстан, бұл проблеманы шешуге қабілетті [29].

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа шығуының бірінші факторы эономика болып табылса, екінші факторы Қазақстанның ішкі және оның төңірегіндегі экологиялық жағдайы. Қазақстан мен АҚШ Арал теңізі ауданы мен Семей облысындағы қоршаған ортаны корғау саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға кірісті. Американ тарапы Арал тенізі проблемасын шешуге және атап айтқанда Қызылдорда диагностикалык орталыкты медициналык, жабдықпен жабдықтауға, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және аймақта су ресустарын басқаруға он бес миллион доллар берді. Арал аймағына тазарту құрылғылары жеткізіліп, құрастырылды.

Семейдегі полигон және көршілес елдердегі полигондар /Капустин Яр, Челябинск, Лоб-Нор/, Арал теңізіапаты, Каспийдің жағалауындағы аймақты су басуы, Байқоңыр ғарышайлағын рационалды пайдаланбау, елдің барлық әкімшілік бірліктеріндегі облыстар мен аймақтар-осының барлығы экологиялық дағдарысқа әкеліс соқтырды. Бір сөзбен айтқанда, қазақстанда дені сау бір аймақ қалған жоқ деуге болады [30]. Тәжірибе жүзінде АҚШ бүкіл дүниежүзіндегі экологиялық жобаларды іске асыруда жетекші рөл атқарады. Экологиялық тұрақтылыққа АҚШ әлеуметтік, техникалық және инженерлік көмек көрсетпеген бір де бір аймақ жоқ.

Атап өткендей Қазақстанның шет елдермен экономикалық және әсқери қарым-қатынастары мен қатар, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтағы маңызға ие. Ғылыми және мәдени байланыстар халықтардың бірін бірі рухаии құндылықтармен байытуға септігін тигізді. КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер калыптасқан кезде Қазакстан халқына, соның ішіндс қазақ халкына, кеңестік дәуірде идерлогияға байланысты кол жетпестей көрінетін әлемдік құндылықтарға айқара есік ашылды.

Бір жағынан ел ішіндегі қатаң цензуранын жойылуы, екінші жағынан, Қазақстанның және басқа мемлекеттердің мәдени мекемелері мен білім беру орындарымен байланыстардың кеңеюі қазақ халқының әлемдік мәдениетке етене жақындауына және әлемдік қауымдастыққа кіруіне септігін тигізеді. АҚШ үкіметтік деңгейде, сонымен қатар әр түрлі қорлар көмегімен /Сорос қоры, Макартур қоры және т.б. қорлар/ Қазақстан ғылымдары мен өртістеріне гранттар ұсынады. Қазақстандықтар әр түрлі мамандықтар бойынша АҚШ-та дайындықтардан өтеді [31].

Тараптар ынтымақтыстықтың құкықтык. негізін күшейтуге айрықшы көңіл бөледі. Қазіргі кезде саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және мәдеии салаларда жетпістен астам екі жақта құжаттар жұмыс істейді.

2001 жылдын 11 қыркүйегінен кейін халықаралық антитеррористік науқан басталысымен каспийдің маңызы батыс елдері үшін құрт арта түсті. Соңғы кездері бұл анық байқалады. Сондықтан осыған байланысты, неліктен бұлай болып отыр деген сұрақ ортаға шығады? Бұл мәселені бірнеше ссбсп термен ашуға болады [32].

Біріншідеи, АҚШ-тағы ланкестікке байланысты әлемдегі жалпы і сосаяси жағдай өзгерді, мұның өзі бать ста олардың Таяу Шығыс аймаі ындап.і іпергетикалық іәуелділікті азайту теңденциясын күшейте іұсгі.

Екіншіден, түтасгай алганда дүниежүзілік энергетика рыногында жағдай орнықты болмай отыр. Әлемдік рыноқа мұнай шығаратын негізгі ондірушілер арасындағы босеке ширығып барады.

Үшіншіден, Каспийдің негізгі энергетикалық қорын пайланау кезеңі жақындап келеді. Каспий шельфін барлау жұмыстары соңғы кезеңіне аяқ басты. Мұндағы ресурстар картасы неғүрлым айқындалып келеді, ынта тугызыи отырған мұнайлы аудандардың қарасы анықталып та қалды.

Осыдан келіп, мұныц барлығы Каспий ймағы төңірегіндегі геосаяси құрссгі күшейгіп оіыр. Атаи өту қажет, бұл процеске объсктивті қалыптасқаи жағдайларді.іц салдарынаи көптеген мемлекеттер озін-өзі кагысуға можбұр болады екен. Каспий гөңірегіндегі бірнеше күштің орталықтары, атап өтетін болсақ олар-АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ, Түркия, иран, Парсы Шығанағынын аса маңызды өмірлік мүдделері айрықша өткір қақтығысқа түскен. Күмән жоқ, мұның дәлеліне-батыс дипломатиясының Закавказье аймағында белсенділік танытуы, антитеррорлық күресте күш біріктіруді кеңейтуі, Каспийде 2002 жылдың тамыз айында соңғы он жылдағы ең ірі Ресей-Қазақстан әскери-теңіз жаттығуларының өтуі, АҚШ-тың Каспийдің бойындағы ірі мемлекет-Иранды «зұлымдық бмідеуі» деп аталатын шеңберге енгузуі жатады [33].

Осыған байланысты, Н.Ә.Назарбаевтің пайымдауы бойынша Каспий маңындағы геосаяси координаттар анықтамасына қатысты негізгі көзқарастарды ескере отырып, түтастай алғанда бұл аймақты Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс жерлері бойынша өзінше бір геосаяси қақпа деп сипаттауға болады. Сонымен қатар оны өзімен шектес аймақтардағы геосаяси жағдайлардан бөліп қарудың да бізше реті жоқ.

Осы мәселеге назар аудару қажет. Түтастай алғанда қазірдің өзінде аймақтағы орта мерзімдік кезеңдегі стратегиялық тұрақтылық энергетикалық немесе экологиялық аспектілерге емес, Каспий төңірегіндегі геосаяси құрылымын өзгерісіне байланысты болмақ. Сондықтанда мына жәйт талассыз шындыққа айналып келеді. Каспий мен Каспий маңындағы аймақтың геосаяси маңыздылығы бүгінде артқан ұстіне арта тұседі. Дәстүрдегідей мұндай геосаясат түрғысынан жоғары мән берілуі процесінде Каспий теңізі шельефінде және Каспий маңы аймағындағы құрлық бөлігінде қазірге дейін ашылған, сондай-ақ әліде зерттеліп анықтала тұсетін қуаты мол көмірсутегі мен табиғи газдың болжамды қоры ерекше орын алады. Бір жағынан, Каспийдің мұнай-газ қоры мен оған деген жоғары ынта-ықластың белгілі бір сәйкессіздігі бар сияқты көрінуі мүмкін. Онда бұл жағдайға басқа қырынан да үңілуге болады [34].

Дипломдық жұмыста Каспий аймиғына көңіл бөлу, оның маңыздылығын арта тұсетініне күмән жоқ. Сондықтан бұл мәселені ашу, АҚШ-тың негізге стратегиялық мақсаттарын жан жақты зерттеумен сипаттауға болады. Әлемдік қара алтын қорының Парсы шығанағы сияқты алтын аймақ ойыншылары мен салыстырғанда Каспий теңізінің көмірсутекті энергиялық қоры әжептеуір аздау екендігінде күмән жоқ.

Алайда мынаны ескеру қажет секілді. Каспий төңірегіндегі елдердің басым көпшілігі, демек Каспий теңізімен тікелей шектесетін елдер энергиялық қуаты зор шикізатты әлем деңгейіне шығаратын ірі-ірі мұнай-газ өнімдерін сатушылар болып табылады. Мәселен, Ресей мен Иран мұнай, газ өнімдерін сыртқа шығарып сатудан дүниежүзілік мұнай экспорты санатында ол Сауд Арабиясынан кейін үшінші эрынды иеленіп келеді [35].

Егер бұлай болса Каспийдің көмірсутегі қорының мөлшері дүниежүзілік шикізат өнімінің жағдайды жаңа сапада өзгерте алатын қосымша көлем бола алады. Тек Каспий арқылы ғана кейбір мемлекеттер негізгі мұнай шығаратын елдер жіктелісінде ресми түрде бірінші орынға жылжуы мүмкін. Бұл арада мына жайды да үмытпағаны жөн: бұл жүйеде тек кімнің қандай орынға ие болуы ғана мұнай экспорттайтын елдердің геосаяси артықшылыққа қол жеткеізуінде аса мәнді рөл атқарады.

Міне ресми емес осындай астарын теке тірес жарыстың салдарынан келіп Каспий төңірегіндегі геосаяси жағдайға жаңа даудамайлар қара көрсетіп отыр. Бұл жерде Ресейдің алатын орнм барған сайын маңызды бола беретін түрі бар. Ал АҚШ болса оны алқанында ұстағысы келеді. Сондықтан АҚШ-тың аса маңызды геосаяси саясаты астартын саясатты жүргізуде АҚШ Ирактағы мұнай құбырларды өз қолында ұстай алмайтынына көзі жеткеннен кейін стратегиялық саясатын өзгертті. МҰнда Қазақстан оның басты серіктестігіне айналды. Басқа бір жақтан Кавказ елінде өз позицияларын мығымдастырғысы келген Буш үкіметі Грузияда ұстанымдарын арттыра тұсірді.

Сондықтан Каспийдің маңызын ашу АҚШ Қазақстанға кеден қызығушылығына ашатынына күмән жоқ. Бүгінгі таңца Каспийдің барлық ірі көлік қатынастарының дәлізі бір бағытқа-тек Ресейге қарай шығады. Осы бағыт арқылы ғана Какспий мұнайы батыс рь ногына жеткізіледі. Сол үшін Батыс елдерімен бір жақтан Ресей бәсекеге енсе, екінші жақтан АҚШ өз мүдделерін арттыруда [36].

Түрікменстанның, Өзбекстан мен Қазақстанның газы да экспортқа Ресей арқылы жәнелтіледі. Магистралді мұнай құбырларын салу құрылысына КТҚ қызметінің біртіндеп алға басуына байланысты жан кіре бастады. Бұдан соң «Трансмұнай» мемлекеттік компаниясы жұмысын өрістетіп, 2000 жылдың көктемінде Шешенстанға соқпай Дағыстан жері аркылы Баку-Новороссийск мұнай құбырының жетпей тұрған бөлігін салып шықты. Соның нәтижесінде Новороссийскінің терминалдарына Әзірбайжан мұнайын кедергісіз жеткізіп тұру қамтамасыз етілді.

2000 жылы магистральді мұнай құбырларының тағы да басымдылығы жоғарғы екі бағытты анықтады: олар-Балтық құбырлар желісінің жүйесі және Йон Российскіге Украиианы айналып өтіп, Суходольная-Родтоновская бағыты бойымша жартылай магистраль [37].

Балтық құбырлар желісінің, жүйесі арқылы Орал мен Сібірдің мұнайы Балтық теңізінде салынып жатқан Ресейдің Приморск терминалдарына Латвия мен Литваның порттарын пайдаланбай-ақ неғұрлым қысқа әрі арзан жолмен жеткізілетін болады. Сондықтан АҚШ үшін жүргізіп жатқан геосаясаты маңызды орынға иеленеді.

Егер бұл жобалар толық көлемінде жүзеге асырылатын болса, онда Балтық құбырлары желісінің өзі-ак Балтық елдерінің портттарында қазіргі жөнелтіліп жатқан мұнайдын тең жартысынан астамын өңдеп жөнелте алар еді.

Балтық құбырлар желісі жүйесінің бірінші кезегінің жүк жөнелту мүмкіндігі жылына 12 миллион тонна. Ол үшін 270 мың киллометр мұнай құбыры мұнай құятын терминал және мұнай қоймасы салыну көзделген. Ал бұл жобаның келесі екінші кезегін іске қосу тағы да жылына 17 миллион тонна мұнай жәнелтуге мүмкіндік береді. Ілгері болашақта бұл жүйенің мүмкіндігін 32 миллион тоннага дейін жеткізу көзделген. Осы мәліметтерге қарағанда АҚШ бұл көрсеткіштердің тиесілі пайызын өзінің қалтасына салуды көздеп отыр. Сондықтан Қазақстан бір жақтан Ресейдің антипагиясын оятып алмау саясатын жүргізіп, екінші жақтан тиымды жолдарды іздестіруде. Сол үшін АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас екі елдің пайдасы тең бөлініпп шешілуді қажет етеді [38].

Суходольная-Родионовская мұнай құбырының үзындығы 250 километр. Демек бұл қазіргі Украина жері арқылы өтетін бағыттан 100 километр қысқа. Ал мұнай тасымалдау қуаты жылына 26 миллион тоннаны құрастырады. Жобаның құны 180 миллион доллар. Оның құрылысы осы таяу уақытта аяқталмашы. Каспий шельфінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде мұнай өндіруінің артуына байланысты шамамен 2010 жылға қарай /Н.Ә.назарбаевтің пайымдауы бойынша/ КТК бойымен тағы бір мұнай құбырын тарту мәселесі туындауы мүмкін [39].

Қазіргі жүзеге асырылып жаткан бұл : собалардан басқа Еуропаның бірнеше елдері арқылы Адриакатидадағы Хорват порты Омишальге дейін мұнай құбырын тарту жоспары да бір көрінеді. Бұл дружба-Адрия жобасымен толық сәйкес келеді. Бұған қоса Газпромның экспорт саясатындағы жоспарларып ескеру қажет. Олардың жұмысы қазірдің өзінде басталған Украинаға сокпай Белоруссия арқылы өтетін Ямал-Еурома газ құбырының бірінші учаскесі және Қара теңіздің астымен Түркияға тартылатын «көгілдір ағыс» деп аталатын аса ірі жоба.

Ресей компаниялары Ресейдің өз ішіндегі мұнай-газ қорларын таратып тасымалдауы аяқталғаннан кейін Каспий аймағын игеруді жеделдете бастады.

Осыған орай АҚШ-тың да соңғы уақыттары Каспий аймағына зор ынта таныта бастағаны өзінен-өзі түсінікті. Ақ Үйдің қазіргі әкімшілігі Каспий аймағының маңызына мән беруі бірден байқалады. АҚШ-тын, энергетикалық стратегиясында -бұл аймақтың өзіндік орны арта түседі. Ішінара айтқанда ол мына тұрғыдан көрінеді:

-Баку-Жейхан құбырын тарту жобасы бұрынғысынша қолдау тауып отыр;

-Қашаған кенешінен көмірсутекті қазынасьшың елеулі қоры табылғаннан кейін Вашингтонның бұл аймаққа ынтасы тіпті жандана түсті.

Мұның өзі АҚШ-тың әрекетін ширатты, оның ішінде Қазақстан рыногында жұмыс істейтін Еуропа инвесторларының мүмкіндігін жұмылдыру арқылы жүргізілетін іс-қимылдар бар.

Әрбір ынталы тарап Касиий байлығының түпкілікті әлуеті қандай екені туралы хабардар. Шынында да бағалаулар бойынша мұндағы мұнайдың дәлелденген корының өзі 4-6 млрд. тоннаны құрайды немесе бұл әлемдік кордың үш пайызына тең. Қазірдін, өзінде Каспий мұнайының өндіру кәлемі дүние жүзі бойынша өндірілген мұнайдың 1,5 пайызын, ал Таяу Шыгыс елдері бойынша 4 пайызды құрайды. Жалпы алғанда 2010 жылға қарай Каспийдің өндірістік әулеті 150-200 миллион тонна болады деп бағалануда немесе бұл сол кездегі Таяу шығыс елдерінің өндірістік қуатының 12 пайызына теңдеседі [40].

Каспийдің минералдық қоры осы өңір тиімділігі жоғары бірқатар өндірістер мен өнеркәсіп кешенін кең түрде дамытуға жеткілікті. Сондай-ақ Касиий жағалауыидағы елдер азат еткен, Түркіменстан, Әзірбайжан, Ресей, Ирак өздерінің экономикалық проблемаларын дүниежүзілік рыногына энергетикалык шикізат шығару арқылы шешуге ұмтылыс жасауда. Сондықтан мына жағдайды атап өту қажет. Каспий бойындағы мемлекеттердің стратегиясы бұл  ймақтағы отын-энергетика кешенін дамытуға ауқымды көлемде шетелдік инвесторларды тартуға неізделіп жасалып отыр.

Мәселен, Каспий мұнай мен газын өндіріп, іске жаратуға бұл күнде кырықка тарта компания қатысуда, олардың ішінде АҚШ-тан он бір, Жапониядан бес, Англиядан төрт, Франциядан үш, Түркиядан үш т.б. Мұнымен катар мына жайды да атап өтпеске болмайды. Каспий аймағы жаңа коммуникация жүйесінің нак ортасында орналаскан. Бұл аймақ аркылы халыкаралык маңызы бар мынандай көлік қатынастары өтеді: ТРАСЕСА, Солтүстік, Оңтүстік, ТАЕ ВОЛС дәліздері, әуе жолы қатынастары. Бұлар алдағы уақытта Еуразия косқұрлығындағы көлік-коомуникацмя байланыс торабында маңызды орын алуы мүмкін. Аймақтың Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы қатыната транзиттік маңызы да артып келеді. Сол арқылы тасымалға кететін уақыт қазіргі теңіз жолына қарағанда әлдеқайда қысқармақшы [41].

Каспий аймағы Еуразия экономикасының. жаңа әлі қалыптасу үстіндегі бөлігі. Бірқатар бағыттар бойынша аймақтык өзара қарым-қатынасты дамыту үшін Каспийдің экономикалык болашағы анық байқалады. Еуропа мұнаймен газды сырттан алдыруды диверсификациялауға ынталы, Таяу Шығыс елдеріне тәуелділікті азайтуға тырысады. Сондықтан Еуропа елдерімен АҚШ Каспий маңына өз қызығушылықтарын арттыра түсегініне күмән жоқ.

Энергия шикізатына мүлде зәрулік көріп отырған Түркия үшін Каспийден мұнай құбырларын бұл бағыты бойынша Түркия Республикасы және Иранмен бәсекелестікке түседі.

Шельфтегі Қазақстан секторы болашағы зор мұнайлы аймақ болып табылады. Каспий шельфінің Қазақстан өңірінде тұтастай алғанда оннан астам белгілі ұлтаралық корпорациялар жұмыс істейді. Олардың арасында Тексако-Мобил, Би Пи Амоко, шелл, Шеврон және т.б. Каспийде американдык ұлтаралық корпорациялар неғұрлым белсенділік танытуда. Америка капиталы Каспий шельфінің Әзірбайжан белігі бойынша жүргізілетін жұмыстардың бас үйлестірушісі АМОК-ті бақылауға алған. Ал оның Каспий құбырлары консорциумының магистралді бағыттарын түпкілікті анықтауда да маңызды орын бары белгілі.

Каспий аймағында Шеврон корпорациясы дсрбес әрі өте белсенді рөл танытып келеді және бұдан былайда таныта бермек. Бұл бағьпта маңызды жағдайды атап өткен жөн. Қазақстан мен шеврон бір-біріне тең дәрежеде ынталылық танытты. Шеврон Батыс Қазақстандағы алдын ала жүргізілетін және бастапқы жұмыстарға ірі көлемде инвестициялар жұмсады, ол болашақта да сондай көп инвестициялар жұмылдыруды жоспарлауда.

Батыс сарапшылары Шеврон акцияларының құндылығы артқанын теңіз келісім шарты жасалуымен тікелей байланысгырады. Қазақстан бұл келісімшартты кең түрде жарнамалай отырып, оны елді экономикалық дағдарыстан алып шығудың басты жолдарының бірі деп қарады, өйткені Шевронның Қазакстанда болуының өзі коптеген жекеменшік шетел инвесторларының келуіне үлкен кепілдік еді. Каспий мұнайын игеру жобаларында АҚШ-тан басқа Батыс елдерінің, әсіресе Франция, Италия және Ұлыбританияның ұлтаралық корпорациялары да белсенді жұмылдырылған [42].

Атап өткен жөн, дүниежүзіндегі көшбасшы мұнай компаниясы болып есептелетін Exxon Mobil бүкіл күшін мұнай мен газға шоғарландырып, энергияның жаңа жаңа көздеріне және қоршаған ортаны сақтаудан бұрынғы дәстүрдегіден басқа әдістерді қолдануға мүлде аз көңіл бөліп келеді [43].

Олай болса, дүниежүзілік ауқымда таяу болашақта энергияның қайталанбас көздерін қайталануға болатындай жолдармен алмастыру мүмкіндігі жайына қала тұрады. Шамасы бұл мәселе тек энергия шикізаттарының табиғи қоры әбден шегіне жетіп, сарқыланғанда барып шұғыл түрде қойыла бастауы мүмкін. Ресей компанияларының өзі Exxon Mobil идеологиясын ұстанып отыр.

Осыларды сараптап Н.Ә.Назарбаев «Болашақта дүниежүзінде энергия тұтыну құрылымын өзгертудің екі сценариі болуы мүмкін. Олардың біріншісі шындыққа жақын келеді. Ал екіншісінің ықтималдылығы біріншіге қарағанда аздай» деген болжамды жасаған Оның пайымдауынша бұл сценарийлер мыналар:

І.Консервативтік сценарий. Бұл сценарий бойынша көмірсутегі айналымының ауысуы көмір мен мұнайдан газға, одан қайта жаңғыртуға болатын энергия кешендеріне, мүмкін тіпті ядролық энергетикага иек артатын болады.

2.Революциялық сценарий. Бұл нұсқа таяудағы онжылдықтарда сутегі негізделген экономиканы жүзеге асырмақшы, ал оның базасы шағын отын көздері және жетілдірілген сутегі технологиясы болып табылады. Ондай технологиялар электр қутаны өндіруге мүмкіндік береді және зиянды қалдыктармен қоршаған ортаны ластамайды да.

Қазақстан-Американ қарым-қатынастарының маңызды бағыттарының бірі екі мемлекеттің оқу-ағырту саласындағы саясаты. Оқу-ағарту және ғылыми-зерттеу саласындағы алмасулар екі мемлекет арасын жалғайтын көпірге айналу мүмкін. Бұл өте маңызды болып табылады, өйткені Қазақстан ғылыми жоғары деңгейде дамыған мемлекет бола тұра, қазіргі таңда әсіресе бизнес, мененджмент, экономика, әлеуметтік саясат салаларында және журналистика, бұкаралық акпарат құралдары сияқты әлеуметтік даму және мәдениет салаларындағы жаңа оқу-ағарту және оқу бағдарламаларын даярлауда колдау мен көмекті қажет етеді. Қазақстанда мемлекеттік бюджет тапшылығы сезіліп отырған жағдайда АҚШ үкіметінің көмегі Қазақстан оқу-ағарту жүйесінің дамуына көп септігін тигізуде [44].

Ғылым, білім және мәдениет салаларында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында келісім жасау негізі 1994 жылы ақпан айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің АҚШ-қа ресми сапары барысында «Демократиялық әріптестік туралы Хартияға» қол қоюымен қаланды. Екі ел арасында тұсінушілікті тереңдету және «Демокртаиялық әріптестік туралы Хартияның» шарттарын орындау үшін Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында 1994 жылы 1 карашада «Қазақстанға АҚШ-тың көмек көрсету бағдарламаларын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар бойынша келісімге» қол қойылды. Бұл келісім АҚШ тарапынан қаржыландырылатын көмек бағдарламаларын жүзеге асыруға септігін тигізді. Солардың ішінде Білім дамыту Академиясы, Американ Колледждер консорциумы, Орыс тілі мұғалімдерінң американдық кеңесі, Халықаралық алмасу және зерттеу кеңесі /ІКЕХ/, Американ және Қазақстан білім беру орталығы және т.б. бар [45].

Мемлекетаралық және және үкіметаралыіқ деңгейден басқа, екі жақты әріптестік шебінде Қазақстан мен АҚШ білім министрліктерінің арасында келісімдер жемісті жұмыс атқаруда. Ол келісімдер негізінде мектеп окушылары, студенттер, аспиранттар және ұстаздар алмасулары жүргізіліи тұрады. Екі мемлекеттің университеттер өкілдері ұстаздық білім тәжірибелерін алмасады, оқу үрдісін ұйымдастыру мен танысады, оқушылардың білімін бақылау тәсілдерін және оларды аттестациялауды үйренеді. Американ және Қазақстан жоғарғы оқу орындары арасында біршама тікелей келісімдер мен келісімшарттар жасалған. Жыл сайын Қазақстан азаматтары екі мемлекет үкіметі және әр түрлі қорлар қаржыландыратын бағдарламалар бойынша АҚШ-қа оқуға барып келеді [46].

Қазақстан мен АҚШ үкіметтері екі мемлекеттің жоғарғы оқу орындары арасында білім беру саласында екі жақтық қарым-қатынас дамыту арқылы өзара тиімді әріптестік орнату саясатын жүргізеді. Бұл салада халықаралық әріптестікке Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі қызметкерлерінің сыртқы саяси жұмыстары зор үлес қосты.

Екі ел арасында білім саласында жоғарғы оқу орындары студенттер алмасу тәжірибесі жүзеге асырылуда. 1992 жылдың мамыр айында Қазақстанның АҚШ-қа мемлекеттік делегацияның бірінші ресми сапары кезінде АҚШ университеті мен колледждеріне жоғарғы деңгейдегі мамандар даярлау туралы келісімге, Нью-Иорк университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол бойынша Қазақсстан мамандарын экономика, информатика және биотехнология салаларында даярлау жүзеге асырылды. Кентукки штатындағы университетпен жасалған келісім негізінде 1993 жылы американ тарапынан экономика саласындағы мұғалімдерге стипендия бөлінді. Американ тарапы Кентукки штаты университеті тұсынан Қазақстан ғылым, білім және бизнес орталығын ашу инициативасын білдірді [47].

Американ колледждерінің Консорциуымен де мәдени және академиялық алмасу бойынша ынтымақтастық дамуда. Мысалы Әл-Фараби атындағы КазМҰУ-да 10 американдық студент оқыды. Өз кезегінде 10 қазақстандық студент Аризона мен Арканзас штаттарының университеттерінде білім алды.

АҚШ және Қазақстан университеттерінід арасында өзара тиімді және тең құқықты даму мысалы Оклохама мемлекеттік университеті мен Әл-Фраби атындағы Каз МҰУ арасындағы әріптестікті келтіруге болады. 1994 жылы басталған бұл бағдарлама саясаттанушылар кадрларын даярлауға, ғылыми зерттеулердің тиімділігі көрсетуге, саясаттану бойынша бағдарламаларды оптимизациялауға септігін тигізді. Сонымен қатар өтпелі қоғамдағы нарықтық экономика мен демократияның даму мәселелеріне арналған семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Посткоммунистік мемлекеттерде еркін және тәуелсіз баспасөзді дамыту арқылы адам құқықтары мен демократия мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Зор стратегиялық және кономикалық потенциалы бар Қазақстанның бұл проблемасы АҚШ-тың сыртқы саясатында маңызды орынға ие. 1997 жылдан бастап ОМУ мен Каз МҰУ арасында әріптестіктің жалғасуы да кездейсоқ емес. Осы бағдарлама арасында студенттер тәуелсіз баспасөздің жаңа моделдерімен танысуға мүмкіндік алды. Баспасөз бен баспасөз арқылы жүргізілген әріптестік, біздің ойымызша қазақстанда демократия мен адам құқықтарын дамытуға жәрдемдеседі [48].

Жоғарғы білім беру жүйесін көтеру мақсатында 1993 жылы қарашада шет елдің жетекші жоғарғы оқу орындарында кадрларды даярлау үшін қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясы белгіленген болатын. Бұл мәселе Н.Ә.Назарбаевтің соңғы жолдауында қарастырып, оның гранты екі есеге дейін өсті. Аталмыш бағдарлама жоғарғы оқу орын бітірген тілапты жастарға шетел оқу орындарында магистр дәрежесін алуға септігін тигізеді.

1994 жылдан бастап АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыруға Білім және тіл үйрену саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Американ Кеңесі /ASSELS/ жауап береді. Болашақ стипендианттарының көбі АҚШ-та оқиды. Жыл сайын осы бағдарлама бойынша АҚШ-та жүзге жуық стипендиант оқытылса, олардың әр қайсысына мемлекет жылына 25 мың доллар қаражат бөліп отыр [49].

Бірақ бағдарламаны жүзеге асыруда талапкерлерді іріктеуге байланысты кейбір кемшіліктер жіберілген болатын. Қазіргі кезде Қазакстанда туындаған жағдайды түзетуге арналған шаралар қолданылуда. Осы бағдарлама бойынша талапкерлерді іріктеу талаптары өзгертілді, іріктеуді бақылау күшейтілді. 1997 жылы қарашада Н.Ә.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары кезінде Техас штатындағы Хьюстон қаласында Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттерімен кездесті.

Алдағы уақытта АҚШ пен Қазақстанарасында осы салалардағы ынтымақтастық одан әрі дами түспек. Бұл қатынастар Қазақстан үшін сөзсіз пайдалы.

Оқу ағырту саласымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанның телеарналарында жаңа типті бағдарламалар, соның ішінде «Город будущего» атты телебағдарлама көрермендер назарына ұсынылуда. Бұл бағдарламаның авторы Б.Отарбаев да АҚШ-тын оқу ағарту бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барып келген. Аталмыш бағдарлама қазіргі жастардың білімін, ой өрісін кеңейтуге септігін тигізетініне күмән жоқ. Сондай-ақ білім беру жүйесіндегі рейтінгтік жүйе АҚШ-тың үлгісімен еңгізілген. Бұл жүйе өзінің әсерлігімен ерекшеленеді. Студенттердің сабаққа қатысу деңгейінің, сабақтағы белсенділігінің артуы осы сөзімізге дәлел ретінде болады. Себебі, жыл сонында әр бір студент белгілі бір көлемдегі балл мөлшерін жинап, соның нәітижесінде жақсы немесе өте жаксы көресткіштеріне ие болады [50].

АҚШ-Қазакстан екі жакгы карым-катынастары тек білім саласында ғана емес, сонымен катар экономикалық, әлеуметтік және медицина салаларында да айқын көрінеді. АҚШ тарапынан Қазақстан көптеген гуманитарлык көмек алуымен бірге, жаңа технология үлгілерін пайдалануда. Жас мемлекет үшін мұндай көмек еліміздің аяғынан тік тұрып кетуіне жақсы тірек бола алады.
Тағы рефераттар