Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Дивиденттік саясат ұғымы және негізгі теориялары
2.2Дивиденттік саясат түрлері
2.3Дивиденттік саясаттың кейбір мәселелері
2.4Дивиденттердің төлеу тәртібі
2.5Дивиденттік саясатқа әсер ететін факторлар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындардағы дивидендтік саясаттың мазмұны».
Келесі жұмысымның мақсаты кәсіпорындардағы дивидендтік саясаттың мазмұнын анықтау.
Дивидендтік саясаттың негізгі мақсаты табыстың ағымдағы қолданысы мен оның болашақтағы өсімі арасындағы қажет прапорционалдықты орнату болып табылады, ол инвестициялық қаржыландыруды қамтамасыз етеді, яғни дивидендтік саясат арқылы кәсіпорынның нарықтық бағасын арттырып, стратегиялық дамуын қамтамасыз етуге болады.
Дивидендтік саясаттың мақсатына байланысты оны қолданыстағы және қосымша капиталға жұмсалатын табыс арасындағы пропорцианы кәсіпорынның нарықты бағасын арттыру мақсатында оңтайландыруға негізделген кәсіпорынның жалпы қаржы саясатының құрамдас бөлігі деп түсіндіріледі.
Дивидендтік саясат-бұл тапқан пайданы дивиденд түрінде төлеу немесе оларды фирма активті ретінде қалдыру жөнінде шешім қабылдау.
Әлем тәжірибесінде дивидендті төлеудің әр түрлі нұсқаулары дайындалған. Олар келесі:
- Акцияның кіріс саясаты . Бұл саясатты көптеген компаниялар пайдаланады, себебі бұл саясатты инвесторлар қолдайды.Дивиденд тұрақтылығы компания тәуекел деңгейі төмен екенін көрсетеді.
- Дивиденд түрінде төленетін тұрақты пайда бөлшегі (акция дивиденді).Осы саясатты ұстанатын компаниялар пайданың тұрақты бөлшегін тұрақты бөлшегін дивиденд түрінде төлейді.Таза пайданың мөлшері тұрақсыз болғандықтан дивиденд көлемі де өзгеріп отырады.
- Ымыра саясаты. Компания үшін тұрақты долларлық және пайыздық дивиденд сомасының арасындағы ымыра бір акцияға тұрақты, өте жоғары емес долларлық соманы, оған қосымша сәтті жылдары пайыздық өсім төлеу болып табылады.Мұндай саясат компания жұмысындағы икемділікпен қатар инвесторлардың алатын дивиденд мөлшері не деген?- сенімсіздігін арттырады.
- Қалдықты дивиденд саясаты.Компанияның инвестициялық мүмкіндігі тұрақсыз болған жағдайда, оның қаржы менеджерлері өзгеріп отыратын дивиденд саясатын жүргізуі мүмкін.Мұндай саясат жағдайында сақталған кіріс сомасы ағымдағы жылдағы инвестициялық мүмкіндіктердің болуына байланысты.Компания өз инвестициялық қажеттілігін қанағаттандырғаннан соң, қалған қалдық кірісінен дивиденд алынады.
курстық жұмыс / 21 бет
Тағы рефераттар
- Акустика
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау
- Ядролық қарусыз әлем құрудағы– Қазақстан Республикасының ролі
- Қазақстанның топырағы, өсімдіктері, жануарлар әлемі
- Қауіпті жағдайда қалдыру