Абылай хан туралы қазақша реферат

Абылай  хан   Әбілмансұр  (1711 [ Ресей  деректерінде  1713] — 23.5.1781, Оңтүстік  Қазақстан     Арыс  жағасы) — ұлы   мемлекет  қайраткері,  қолбасшы  және  дипломат.  Арғы   тегі   Жошы   хан,  бергі  бабалары  Қазақ   даласының   негізін   салған   Әз – Жәнібек,  одан  соң  Еңсегей   бойлы      Ер   Есім  хан,  Салқам    Жәңгір  хан:  Абылай – Жәңгір   ханның   бесінші   ұрпағы.   Жәңгір  қайтыс   болып   таққа   Тәуке   отырғанда,   Уәлибақы  хандыққа   өкпелеп,   Үргенішті  билеген  нағашы  атасы  Қайыр   ханның   қолында   болады.   Уәлибақының   баласы  Абылай   жекпе – жекке   шыққанда  жауы  шақ   келмейтін    батыр   болып,   Қанішер   Абылай   атаныпты.  Осы  Абылайдан  Көркема  Уәли  туады.  Оның Әбілмансұр  (кейін  қазаққа хан  болып  Абылай       атанған)  «ақтабан  шұбырынды»  жылдарында   жетім  қалып,  үйсін Төле  бидің  қолына  келеді.  Аш  жалаңаштықтан  жүдеген  өңіне,  өсіп  кеткен  шашына  қарап  Төле  би  оған  «Сабалақ»  деп  ат қойып, түйесін  бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын  да   бағады.  Бұл,  Шоқан  Уәлихановтың  айтуына   сүйенсек,      Абылайдың 13  жасар  кезі  болса  керек    Онда  Абылайдың  1710  жылы  туған  деугенегіз  бар)  Төле   бидің  Тәлім – тәрбиесінде  болуы  Абылайға  зор  ықпал  жасады.  Қазақ даласының   даналығын  бойына  жинаған баба   ақылы  мен  парасатына,  ел  билеу  қабілетін,  анталаған    жауға  қарсы қазақ  халқы  басы  біріске  ғана  тойтарыс  бере  алатынын  жас  баланың  санасына  ұялата  білген.  Оған   қоса  бала  кезінен  көрген  жұпыны   тіршілік,  өмірлік  тәжірибе  Абылайдың  ел  өміріне   ерте  араласуына  себепші  болды.  Бұқар,   Үмбетей  жыраулардың  т.б.  Ауыз  әдебиетінің  ірі  өкілдерінің  мәліметтеріне  қарғанда,  Абылай  20  жасында  қан  майданда  ерлігімен  танылған.     Бұқардың  Абылайға  «Сен  жиырма  жеткен  соң,  Алтын  тұғыр үстінде  Ақ  сұңқар  құстай  түледің»    деуі  осының  дәлелі.  Қай  жылы  туса  да,  1730 – 1733 жылдар  аралығында  болған  бір  ұрыста  бұрын белгісіз  жас  жігіт Әбілмансұр  жекпе  жекке   шығып,  қалмақтың  бас   батыры,  қоңтажы Қалдан  Сереннің  жақын  туысы (кейбір  деректерде:   күйеу  баласы) Шарышты  өлтіреді  Үлкен    әкесінің  аруағын  шақырып,  жауға  Абылайлап  ат  қойған  Әбілмансұр   жеңісті  ұрыстан  соң,  Орта   жүздің  сұлтаны  деп  танылып,  қазақ  даласындағы  ең  беделді  әміршілердің  біріне  айналады.  Бұдан соңғы  жерде  Әбілмансұр  есімі  ұмытылып,  Абылай  атанды.  Абылайдың 20  жасы  қай жылға    сәйкес келуіне  байланысты,  қай  шйқасқа    қатысқаны  туралы  болжам  айтуға   болады.  Бұл   Әрине  Абылай  қатысқан   алғашқы  соғыс  емес.  Ел  әңгімелері,  тарихи  жырлап  Сабалақ  әуелде  Бөгенбай  жасақтарының  құрамында  жорық – жортуылдарға қатысқанын айқындайды, Аңырақай  шайқасына   қатыспады  дегенінің  өзінде  де,  Абылайдың  1730 – 1733 жылдары  да  (бірнеше  үлкен  ұрыстар)   болған  бір  ірі  шайқасқа  қатысқаны  дау  тудырмайды.  Тарихи  деректерден  Орта  жүз  жасақтары    мен  жоңғарлардың  арасында  1930 – 1931     жылдарда  бірнеше  үлкен  ұрыстар  7  мыңнан  астам  әскері  Орта  жүздің  шығыс  шетіндегі        ауылдарына  шабуыл  жасап,  тегеурінді  Тойтарысқа  тап  болады.  Абылайды  жиырма  жасы  1733  жылға  сәйкес  келсе,  дәл  сол  жылы  қазақ   пен  қалмақ  арасында  үлкен  майданы  болған  қытай  деректерінде  атап   көрсетілген  Абылайдың  әскери  қайраткерлігі,  қолбасылық  қабілеті  30 – 40 жылдардағы  шайқастарда  көрінді.  Осындай  жан  алысып  жан  беріскен  соғыстардың  бірін  Бұқар  жырау  «Қалдан  менен  ұрысып,  жеті  күндей  сүрісіп…»  деп  суреттейді.  Ол  соғысқа  Абылайдың  қанды  көйлек  жолдастары  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Шақшақ  Жәнібек,  Қарақалпақ  Қылышбек,  Шапырашты  Наурызбай, т.б.  қазақтың  белгілі  батырлары  тізе  қоса  қатысады.  Бұл  да  Абылайдың  жауға  қарсы  қазақ  халықтың  басын  біріктіре  білгендігінің  дәлелі болып  табылады.  Бірте – бірте   ұлыстағы  бар  өкім  Әз – Тәуке   ханның  немересі  Әбілмәмбет  ақылшы  аға  болып   қалып,  кеңесші  хан  дәрежесімен   шектеледі. [6;12]

Бүкіл  өмірін  Абылайдың  оң  тізесін  басып  отырып,  оған  ақыл – кеңес  айтумен  өткізген  Бұқар  жырау  Қалқаманұлының  ханға  «Алтын  тақтың  үстінде,  Үш  жүздің  басын  құрадың»  деуінің  негізінде  тарихи  шындық  жатыр.  Абылай  Ресей  мен  Қытай  империяларының  арасында  орналасқан  Қазақ  елінің  геосаяси  жағдайында  иемденген  саясат  жүргізді.  Қытай  әскерлері  жоңғарларды  жойып,  Орта  Азия  мен  Қазақстанға  ене  бастаған  кезде  мұсылман  елдерінің  басын  қосуға  ұмтылып,  Ауған шаһыАхмад  Дурранимен  келіссөз  жүргізді.  Түркияға  елшілік  жіберу  ниеті  де  болды.  Қытаймен  қатынас  жақсара  бастаған  кезде  орыс  бодандығынан  бойын  тартып,  патша  әкімшілігінің  шақыруымен  хандық  белгілерді  қабылдау  үшін 1779 жылы  қазан  айында  петропавл  бекінісіне  барудан   бас  тартты.  Пугачев  соғысы  кезінде  3 мың  әскерімен  «Қасірет  белдеуі»  («Горькая  линия»)  бойындағы  орыс  бекіністерін  шапты.  Шоқан  Уәлиханов:  «1771  жылы  хан  сайланғанда  да,  ол  орыс   шекарасына  барып ,  ант  бергісі  келмеді.  Сөйтіп  ол  өзін  халық  қалап,  баяғыда – ақ бұл  дәрежеге  лайықты  қойғанын,  Көктің  ұлынан  және  өкілеттік  қағазы  барын  желеу  етті», — деп  жазды.  1779 жылы  4  қазанда  Орынбор  әкімшілігіне  жолданған  патша  жарлығында:  «Ордадағы  Абылай  ықпалын  әлсірету  мақсатында,  онымен  тайталасқа  түсе  алатын  адам  табу»   шаралары  да  қарастырылады.

Абылай  өмір  жолын  ат  үстінде    жорықтарды   өткізіп,   Арыс  өзені  жағасында  қайтыс  болды.  Сүйегі  Түркістан  қаласындағы  Қожа  Ахмет  Иассауи    кесенесінің  ішінде   Қабырхана  мен  Ақсарай  арасындағы  дәлізде  жерленген.  Абылайдың  артында  12  әйелінен  30 ұл,  40  қыз  қалды.  Қазақ  халқының  жадында  Абылай  қажырлы  мемлекет  қайраткері,  батыл  қолбасшы  дарынды  дипломат  ретінде  сақталып  келді.  Оның   есімі  тәуелсіздік  символына,  жауынгерлік  ұранға  айналды.  Азаттық  күрестің  жалынды  басшысы  Абылайханның  асқақ  тұлғасы,  ақыл — парасаты Бұқар,  Үмбетей,  Шәді  төре  Жәңгірұлы  жырларында,  ақындар  Көпбай  Жамантайұлы,  Мәжит  Айтбаевтың  дастандарында,  Ілияс  Есенберлиннің, Әбіш  Кекілбаевтың

Қ.  Жұмаділовтың,  т.б.  туындыларында  сомдалды.  Оның   ұлағаты  өмірі  мен  ішкі,  сыртқы  саясаты  отандық  және  шетел  ғалымдарының  назарын  аударып  келеді.
Тағы рефераттар