Мазмұны
Кіріспе………….3

І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі…..5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері…….7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі…….10

ІІ бөлім.  «БТА Банкі» АҚ-ның  ұйымдық — экономикалық сипаттамасы.
2.1.«БТА Банкі» АҚ-ның тарихы……..13
2.2.«БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы…….14
2.3.«БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы…..19

ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу……27
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі………30
3.2. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары…..33

Қорытынды…………37
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттер……..39

Кіріспе

Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.

Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Банктердің негізгі мақсаты – ақшалай қаражатты кредиторлардан борышкерлерге және сатушылардан сатып алушыларға жеткізуге делдалдық.

Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажетілігін қанағатттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау және реттеу объектісі болып табылады. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыраттатын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс — әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажеттілігі жатады.

Банктердің қызметтерін мемлекеттік бақылау жасаудағы басты міндет — халықтың ақшалай салымдарының сақталуын, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сияқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі ретінде «БТА Банкі» АҚ  алынған. Бұл объекті тақырыпты жан-жақты зерттеп, қолданудың ерекшеліктерін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмысты орындау барысында «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық жағдайы, қаржылық нәтижесі, қызметтерінің ҚР-да реттелу әдістері, дағдарыс кезңнде Үкімет тарапынан қолданылған шаралар және мемлекеттік реттеудің жетілдіру жолдары қарастырылмақ.

Курстық жұмыстың тапсырмалары:

—   Коммерциялық банктердің мәні мен оның экономикалық рөлін анықтау;

—   Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігіy және әдістерін көрсету;

—   Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесіне шолу жасау;

—   «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық — құрылымдық сипаттама беру.

—   «БТА Банкі» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау.

—   «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу:

—   «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесін қарастыру;

—   «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын анықтау:

Курстық жұмысты орындау барысында ақпараттық және әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының заң актілері, отандық авторлардың еңбектері және «БТА Банкі» АҚ-ның жылдық есептері табылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 38 бет


Тағы рефераттар