Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдер туралы қазақша реферат

XX ғасырдың 40-жылдарынан бастау алған  ядролық қарудың негізі  адамзат қоғамының  қауіпті дертіне айналып,  «Атом өндірісінің» бағыттары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда.

XX ғасырдың бірінші ширегінде әлемдегі ұлы державалар арасында қару-жарақ бәсекелестігі орнаған болатын. Алғашқы ядролық қаруды жасау мен сынаудағы бестік мемлекеттер: 1945 жылы Америка Құрама Штаттары, 1949 жылы Кеңес Одағы, 1952 жылы Ұлыбритания, 1960 жылы Франция, 1964 ж. Қытай Халық Республикасы [1,78б.]. Ядролық қарудың пайда болғанынан бастап әлемдегі ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге саясатта өз өктемдігін жүргізе бастады. Ядролық державалардың мұндай әрекеті мемлекеттер арасында тұрақсыздық тудыратыны анық еді. Осы аталған елдер Халықаралық Атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) бақылауымен 1967 жылы 1 маусымда Венада Ядролық қаруды таратпау келісімшартына (ДНЯО) қол қойды. Ядролық қаруды таратпау келісімшартының келесі тармағының IV бабына сәйкес ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге «Бейбітшілік мақсатта ядролық энергияны өндіруге, пайдалануға, зерттеуге» құқылы екендігін жеткізді. ЯҚТКШ-ның кейбір тарауларына келіспеушілігін білдірген бірнеше мемлекеттер келісім-шарттың ұлттық алалау сыңайларының барын атап өтті. Үндістан, Пәкістан, Израиль, ОАР және Бразилия өздерінің ядролық қаруларын жасауды бастады. ХХ ғ. 80-жылдарында ОАР мен Бразилия өзінің ядролық арсеналын жойды. Алғашқы бес ядролық алпауыт мемлекеттер кейінгі мемлекеттердің ядролық қару жасау әрекетіне кедергі бола алмады. Олар өздерінің ядролық зерттеу жұмыстарын ЯҚТКШ-ның негізінде жүргізді. Ядролық державалардың ішіндегі әлемдегі алғашқы АЭС-тің негізін қалаған Кеңес Одағының ғылымға қосқан жаңалығы ядролық технологияның жетістігінде әскери және саяси, бейбітшілік маңызы жағынан әлемдегі елдердің қызығушылығын тудыратыны анық еді. Келісімшарт негізінде Кеңес Одағының жетпіс жылдық билігінен кейін, кеңестік билігіндегі мемлекеттер өз егемендігін алып, шет мемлекеттермен байланысын жаңа тұрпатта жүргізе бастады.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдер режимінің негізі (ДНЯО)  – Ядролық қаруды тартпау жөніндегі шарт, алайда соңғы жылдарда біз оның қағидаларын орындамау көріністерінің көбейіп бара жатқанына куә болып отырмыз. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт 1968 жылы басталып, 1970 жылы күшіне енді. Бес ел: АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай Халық Республикасы және Франция ядролық держава болып танылды. Бүгінде 188 ел қол қойған келісімшарттан Үндістан, Пәкістан және Израиль тыс қалса, 2003 жылы Солтүстік Корея одан шы­ғатынын мәлімдеді. БҰҰ ықпалымен 1967 жылы Антарк­тида, Латын Америкасы, Кариб бассейні, 1986 жылы Тынық мұхиты, 1995 жылы Оңтүстік Шығыс Азия 2009 жылғы 21 наурызда ядролық қару­дан азат аймақ деп жарияланды. Қазір әлемнің 115 мемлекеті сондай аймақ ішінде. Аталған белді ұйым Таяу Шығысты ядролық қарудан бос аймақ деп бұдан 17 жыл бұрын қарар қабыл­дағанымен, ұсыныс әлі жүзеге аспай келеді. Ол дүниежүзі мемлекеттері үшін 1996 жылы ядролық қаруды сы­нау­ды біржола доғару туралы ұсыныс жасаса, оны 181 ел қолдап, 150 мемле­кет бекітті. Келісім күшіне толық енуі үшін АҚШ, Қытай, Израиль, Иран, Пәкістан, және Солтүстік Корея қол қоюлары керек [2]. 2011 жылдың ақпанында Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың арасында стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты одан әрі қысқарту мен шектеу жөніндегі шаралар туралы шарттың күшіне енгеніне қарамастан, ядролық арсеналдарды қысқартудың екіжақты ресейлік-америкалық үде­рі­сіне ресми түрде де, мойындалмаған түрде де ядролық державалар болып табылатын басқа елдердің қосылуы мәселесі әлі де басы ашық күйінде тұр. Осы үдеріске көпжақты сипат беріл­мейінше шын мәніндегі ядролық қарусыздану жөнінде сөз етудің жөнсіздігі анық.
Үндістан мен Пәкстанның әлі күнге дейін Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылуға ниет танытпай отырғанын атап айтуға тура келеді. Корея Халық-Демократиялық Республикасының шартқа қатысуын қалпына келтіру ісінде де ілгерілеушілік жоқ. Солай дегенмен, халықаралық қоғамдастық бұл елдерден ядролық материалдар мен технологияларды сенімді сақтауды қамтамасыз етуді, олардың заңсыз айналымға түсуіне тиімді қарсы тұруды, сондай-ақ өздерінің ядролық нысандарын нақты қорғау режімін нығайтуды талап етуге құқылы. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал да күрделі.
Ядролық технологияларға ие 44 мемлекеттің арасында бірқатары қазірге дейін шартқа қол қоймаған, ал бірқатары – ратификацияламаған. Оған қоса, ядролық қарусыздану үдерісін тиімді алға жылжыту үшін ядролық мемлекеттердің әскери доктриналарында ядролық қару­дың рөлін сөз жүзінде емес, іс жүзінде азайту, олардың ядролық қаруға қолы жетпеген мемлекеттерге қауіпсіздік кепілдігін міндетті түрде беруі мәселесін шешу, зымырандарға қарсы қор­ғаныс жүйесін жасау жөнінде консенсусқа келу, сондай-ақ қарудың ядролық немесе кез келген басқа түрін ғарышта орналастыруға тыйым салу жөнінде келіссөз үдерісін бастау өте маңызды.
2010 жылдың сәуір айында  әлем назары Вашингтон қаласына ауды. Онда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит өтті. Әлемнің беделді мемлекеттерінің басшылары ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу мәселесін талқыға салды.  Бүгінгі таңда әлем бойынша ядролық қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселеге айналып келеді. Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Жаһандық саммитке 47 елдің басшылары мен бірқатар маңызды халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты [3,4-5б.].
АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит дүйім жұртшылықты дүр сілкіндірді. Осынау ауқымды жиын бүкіл адамзат атаулыны алаңдатып отырған ядролық қару-жарақтарды таратпау, оларды түбегейлі жою мәселесін жан-жақты талқылады, сөйтіп бұл бағытта бірлесе күш біріктіре отырып ядролық қарусыз әлем құруға нақты қадам жасады. Әлемнің 47 мемлекетінің басшылары қатысқан алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзінде тұңғыш рет Орталық Азияда құрылған ядролық қарусыз аймақтың ауқымын кеңейту және ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісім-шарттың талаптарын күшейтіп қайта қабылдау, сонымен қатар, «ядролық клубтың» құрамын қайта қарау туралы бастамалар көтерді. Вашингтонға осыншама көп елдің басшылары соңғы рет өткен ғасырдың бірінші жартысында, 1946-жылы жиналған екен.
Жетекші елдердің басшыларын қайта қосқан алқалы жиын 2012  жылдың наурыздың  26 және 27 жұлдыздарында Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында болып өтті. Сеулде өткен ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі саммит жаһандық саясаттың ірі оқиғасына айналды, ол қазіргі таңда күрделі кезеңді бастан кешіп жатқан ядролық таратпаудың халықаралық режіміне соны серпін қосты. Ядролық қарудан ада әлемге қол жеткізу жолындағы жекелеген табыстарға қарамастан, халық­ара­лық қоғамдастық кейінгі кезде ядролық қарусыздану және осынау тажал қаруының бүкіл әлемге таралуының алдын алу ісінде елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізе алмай келеді[3,4-5б.].     Егер 2010 жылдың сәуірінде Вашингтонда өткен алғашқы саммитте негізінен ядролық терроризмнің алдын алу мақсатында ядролық мате­риалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралса, Сеул саммитінде ядролық қауіп­сіздік саласында қол жеткізілген нәтижелерге баға беріліп,  болашақ қадамдар айқындалды. Сеул саммитінің күн тәртібіне жапонның «Фукусима» АЭС-індегі апат айтарлықтай ықпал етті, сон­дықтан форумда ядролық энергетиканы бей­біт мақсатта сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар белсенді талқыланды.

Сеул саммиті соңынан қорытынды коммюнике қабылданды. Онда физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі келесі саммит 2014  Нидерландыда өтеді деп белгіленді. Сеул саммитіне қатысқан елуден астам мемлекеттің көшбасшылары ядролық татарпау және атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану  бағыттарында мақсаттың ортақ екендігін бекітті. Олар «физикалық ядролық қауіпсіздікті нығайту шаралары мемлкеттердің іатом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану мендамыту  жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмейтіндігіне» сенім білдірді.

.

Тағы рефераттар