МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………..3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ МЕХАНИЗМІ……5-8
1.1 Мемлекеттік бюджет түсінігі……5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджесі және құрылымы……7
1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы…….8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2008 – 2010 ЖЫЛДАРДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ …..11-15
2.1 Мемлекетік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі…..11
2.2 2008 -2010 жылдардағы бюджеттің атқарылуын талдау…..14
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі……15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ….18-24
3.1 Мемлекеттік бюджет механизмінде кездесетін мәселелер ……18
3.2 Бюджет жүйесін шешу жолдары …….19
ҚОРЫТЫНДЫ…….22
Пайдаланған әдебиеттер……24
Кіріспе
Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қло жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4- бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: « Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры ».Бюджеттің формасы-қаржылық жоспар, материалдық негізі- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым- қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң.
« Бюджет » деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
— ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
— ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
— ол экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм арқылы );
— ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
— ол барлық бюджеттік қарым- қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым- қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың суюъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттіліктерге байланысты.
1991 жылы қабылданған « Бюджет жүйесі туралы » Қазақстан Республикасының заңы республикамыздың бюджет жүйесін қайта ұйымдастырудағы аса маңызды құжат болды деп білеміз. 1991 жылы 17 желтоқсанда қабылданған жаңа заң Қазақстан Республикасының бюджеті қалыптастыруының негізгі қағидаларын, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық төлеу, басқа да төлемдер мен бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі бюджет қарым- қатынасын айқындады. Бұл заңның негізгі ұстыны мемлекеттің бюджет жүйесі бөліктерінің- республикалық және жергілікті бюджеттердің дербестігі болып табылады. Облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандардың, поселкелік, селолық және ауылдық бюджеттер жергілікті бюджетке жатқызылды.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының екінші Конституциясын қабылдау, экономикалық және саяси жағдайлардағы өзгерістер, нарықтық экономикаға көшу, 1995 жылы Салық кодексінің қабылдануы, Қазынашылық органдардың құрылуы 1996 жылғы 24 желтоқсанда « Бюджеттік жүйе туралы » Қазақстан Республикасының екінші заңын әзірлеу және қабылдауға себепші болды. Бюджет жүйесінің негізгі реформалары осы Заңмен енгізілді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Мемлекет шарушылықтың басым слаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді. Сондықтан, құнды үлестірудің ерекше бөлігі рнтінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің де қаржы тәрізді ерекшеліктері бар: бюджеттік қатынастар үлестірушілік сипатта болады, ақшалай нысанда жүргізіледі.
курстық жұмыс / 24 бет
Тағы рефераттар
- Кәсіпорын табысы тұрақтылық факторы ретінде дипломдық жұмыс
- Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер
- Халықаралық сауда теорияларының дамуы және экспортты реттеуде қолдану
- Банк ісіндегі бәсеке
- Төрт түлік туралы қазақша мақал-мәтелдер