Мазмұны

Кіріспе……3
1. Халықаралық қаржылық ұйымдар түсінігі, мақсаты, міндеті….5
1.1. Халықаралық қаржылық ұйымдардың пайда болу тарихы……..5
1.2. Халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері мен жіктелуі……7
2. Ислам банктері — халықаралық қаржылық ұйымдар мысалында…….13
2.1. Ислам банктері пайда болу тарихы, қызмет ету принцптеріне талдау…..13
2.2. Ислам банктерінің Қазақстанда жүргізген операциялары……17
2.3. Ислам Конференциясы Ұйымы және Қазақстан……21
3. Ислам банкингі және Қазақстанның даму перспективасы….27
Қорытынды….36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……38
Қосымша

Кіріспе

Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді. Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде. Кейбір елдер бұл ұйымдарды өзінің стратегиясын жүзеге асыру делдалдары ретінде, басқалары оларға өздерін донор ретінде қатыстыру үшін, ал үшіншілері — реципиенттер – инвестициялық жобалар және бюджеттік қаржыландырудағы дефицит мәселелерінің шешімін табу мақсатында несиелерді тарту үшін пайдаланады. Төртіншілері, ең жаманы, оларсыз өз бетінше өмір сүре алмайды да, солардың алдында қарыздар болып тұрады. Осы ұйымдардың барлығын бір мақсат ортақтастырады  бірлестіктердің дамуы және біртұтастықты қамтамасыз ету және әлемдік шаруашылықтың  қиын жағдайын тұрақтандыру. Олардың арасында ең негізгі орындарын БҰҰ-ның ұйымдары алады:  Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Әлемдік банк тобы — Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы  — Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Көпжақты кепілді инвестициялық агенттігі (ККИА), сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар — Париж және Лондон клубтары. Халықаралық қаржылық ұйымдар халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде маңызды орын ала отырып, Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі әсерін тигізуде. Соңғы онжылдықта Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен тікелей мүшелік ету статусы немесе келісімшарт негізінде қатынастары белсене түскедігін аңғаруға болады. Осындай ұйымдарға мүшелік экономикамыздың дамуы мен қайта жаңғыртуын жүзеге асыруға  үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай халықаралық қаржылық және несиелік ұйымдарға мүшелік ету арқылы Қазақстан әлемдік бірлестіктермен жинақталған  валюталық, несиелік, қаржы сфераларын реттеудегі  тәжірибені меңгеруі өте маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл қарастырып отырған тақырыбымыздың өзекетілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты — Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен байланыстарының мәселелерін талқылап, даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

  • халықаралық қаржылық ұйымдардың классификациясын қарастырып, қызметтерінің мәнін ашу;
  • халықаралық қаржылық ұйымдардың негізгі түрлерін қарастыру;
  • халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстандағы қызмет ету жағдайын Ислам  банктерімен байланысы мысалында талдау;

Курстық жұмыстың зерттеу пәні — Қазақстанның ірі халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдарымен, соның ішінде Исламдық банктермен   байланысы мен олардың қызметтері және даму  перспективасы.

Курстық жұмыстың объектісі — қазіргі замандағы халықаралық валюталық ұйымдар мен олардың қызметі .

Зерттеудің методологиялық негізі болып, Қазақстан экономисттерінің жұмыстары мен ғалымдардың халықаралық қаржылық ұйымдар туралы еңбектері болып табылады. Тақырыппен жұмыстану барысында шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар мен нормативті актілер қолданылды.

 Курстық жұмыс / 38 бет
Тағы рефераттар