Ұлы географиялық ашылымдар – феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің   дамыуының  феодалдық  өндірістік қатынастар системасын ірітіп – шірітуші товар–ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарынының ұлғаюының  нәтижесі  болып  табылады.

Товар — ақша  қатынастарының  ұдайы  өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қажеттіліктерді  қанағаттандырудың  бірден — бір  құралына және  байлықтың ең  басты  түріне  айнала  бастады.(1- 29бет)

Алтынға құнығушылық  металл ақшаның санын барынша көбірек талап  еткен сауданың өріс алуына байланысты  мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шығыстан әкелінетін  товарларға  кетіп  жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металдың жетіспеушілігі күн санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға  деген  мұқтаждықты  қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың  ұғымы бойынша , Европадан  сыртқы жерлерде байлықтың  сарқылмайтын  қайнар көзі  жатқандай  болып  көрінді.

Европалықтар дүниеде ең бай ел Африка деп санады, өйткені Жерорта  теңізінің  жағалауындағы   қалалар   арқылы   күпецтер  Сенегал мен  Нигераның   алабында   өндірілетін   алтынды  Европаға  әкеліп  жатқан-ды. Мұнда , Сенегал мен Малидің , Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында XVII — ғасырдан XV — ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер : ғана, Мали және Сонгали құрылды. Осы елдердің бай қалалары, әсіресе  Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі орталығы Тимбуктың – Сахара арқылы  Жерорта  теңізімен қызу сауда — саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды. Купецтердің  әңгімелеріне  қарағанда,  Африкадағы   алтын қорлары  ғажайып   көлемде   болды.

Қытай, Индия, Индонезия  таңғажайып  бай  елдер  саналып,  көбінесе «Индиялар »  деп  аталды.  Бұл   атаулар   көптеген   жағдайларда   теңіздердің   ар  жағында   жатқан  сыры  белгісіз   елдерге   арналып айтылды  да,  Европаның  одан  жібек  және  басқа  заттар  алып  отыратын нақты Индияға оншалықты қатысы болмады. Осындай алып қашты жорамалдар XV- XVI ғасырлардағы ұлы  географиялық ашылымдарға әжептеуір   себепші  болды. Өйткені  бұл  лақаптар  теңіз  жихангездерін болуы   мүмкін   немесе   шынында   да  дүниеде  бар  елдерге  қайткенде  де  кетуге   ұмтылдырды.

Африканың  алтынын іздеп табуға XV — ғасырда  португальдық теңізшілер  аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика  мұхитына  келіп  құятын  үлкен  өзендердің   қайырларынан  атап айтқанда , солардың  Боходор    мүйісінің  маңындағы   сағаларының   бірінен табылып ,  өндірілуге  тиісті  болды.  Сондықтан   Алтынды   Өзенге,  теңізбен  Африканың  батыс  жақ  жағалауын  бойлай  отырып  жетуге   толық  мүмкін  сияқты    болып  көрінді.

XIV- XV ғасырларда Португалияда  сауда  мен  кеме  қатынастары жақсы дамыды. Бұған португальдықтардың , арабтың бай және епті купецтерімен XII — ғасырда-ақ   басталған  қарым — қатынастары   көмектесті. Португальдықтар арабтардың математикасымен, географиясымен және картографиясымен  танысты.  Мұның  өзі  келешектегі  теңіз  кәсіпшілігі үшін   маңызды  еді. Олар теңіз қатынастарына қажет кемелерді – итальяндық   Жерорта  теңіздік  кемелерге  қарағанда ,  желге  қарсы  жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында  жеңіл  және  ыңғайлы  каравеллалар жасап   шығарды.

Португалияның жүргізген сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан, ең  алдымен  Генуядан   қоныс   аударған   көптеген   купецтермен   теңізшілер  белсене қатысты. Өйткені XV — ғасырда түріктердің  жаулап  алына  байланысты Генуя купецтеріне шығыспен сауданы  Александрия  арқылы   Жерорта   теңізімен жүргізуге  тура  келді. Бұл  жерде  барлық  Шығыс Жерорта теңізіндегідей   венецияндықтар үстемдік жағдайда болды. Сауда — саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы  генуялық  купецтер  мен  теңізшілерді   бақытты   басқа жақтан іздеуге мәжбүр етті. Колумбпен Каботтоның Генуядан шыққандықтарын,  айта  кеткен  жөн.

Португалияға,   сондай- ақ  Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді  іздестіріп ,  басып  алға  түрткі  салған  себептер   ішкі  жағдайларға  байланысты  болды. Бұл  елдердегі  реконистік   жаугершіліктің заманы бітті. Тегін  олжалар  мен  әскери  авантюраны  аңсаған  соғысқұмар және  кедей   дворяндардың  басым  бөлігінің  айналысар  ісі  болмай  қалды. Ал  Африканы  алар  болсақ , осынау  бай  әрі  беймағлұм  өлкеге  арнайы экспедициялар   соғыс   қимылдарын  жүргізу  үшін  ұйымдастырылып отырды.  Өйткені маврлар Африканың солтүстік — батыс жағалауынан Испания   мен  Португалияның   кемелеріне , ал  кейде тіпті Пиреней түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.

1415  жылы   португальдықтар  Солтүстік  африкалық  жағалаудағы сауда —  саттықтың   ең  маңызды  пункті  Сеутіні  басып  алды. Бұл  жолмен, атап айтқанда,  Жерорта  теңізіне  алтын  тасылатын  еді. Сеутіге  ие  болу Португалияның отарлық экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері  мен  басқа  елдерден   келген  эмигрант — купецтер теңіздің  арғы  жағындағы   алтын  шығатын  шерлерді іздеп табу мақсатымен  теңіз  экспедицияларын  жабдықтап   шығаруға  кірісті.  Бұл іске  өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королінің інісі, XIX — ғасырдың  тарихшылары  «Теңіз саяхатшысы»  деп атап кеткен, принц Генрих,  үлкен  қамқоршылық   жасады.(2-18б)

Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда  сауда  монополияларына  ие  болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең  пайдалы  сауда  жергілікті  халықты  талан   таражға  салып,  құл саудасын жүргізу болды. Міне , осылар  португалдықтардың  әуел  бастан — ақ Индияға  апаратын теңіз  жолын  іздеп  табуды  көздегені  жайында  ешбір дерек  жоқ. Мұндай  мақсатты  олар тек 1460 жылдар  шамасында  ,  яғни Гвинея шығанағына кіріп , Африкандық жағалау шығысқа  қарай  кілт бұрылғаннан   кейін   ғана   қоюы   мүмкін.

Гвинея  шығанағынан   оңтүстікке  қарай , Оңтүстік  Африканың  батыс жағалауымен  ілгері  жылжи  беруге , арыны   қатты  қарсы  ағыстар  кедергі жасады. Бұл  ағыстарға  жоламау  үшін  теңіз  саяхатшысы   Бартоломей  Диас  1486  жылы   Козерог   тропигіне  жетті  де ,  жағалаудан   қашықтап , тура  оңтүстікке  қарай   ашық  теңізге  шығып  кетті ,  сөйтіп  мүлде орағытып  барып  Африканың  оңтүстік  шетінен  бір — ақ  шықты. Жағалаудың  одан  әрі   қарай  солтүстік – шығыс  бағдары  бар екендігіне және  өзінің   шынында  да материкті  айналып  шыққандығына көзі жеткеннен  соң ,  Диас  қайтар  жолында  Добрая  надежда   мүйісін   айналып өтті  және  бұл  мүйіске  өзі   нақ  осындай  ат   қойды.  Сөйтіп , ол  1487 жылы  декабрьде , 16 ай  бойы  жүзіп  жүргеннен   кейін  Лиссабонға  қайтып оралды.  Добрая  Надежда  мүйісінен  Мадагаскарға   шейін  жүзіп , осылайша  Индияға  жететін   жолдың   бір  бөлігінен  өту  мәселесі 1498 жылы  ғана  шешілді.

.

Тағы рефераттар