Жоспар
Кіріспе…..4
I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі…..7
1.1.26-ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары……7
1.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі…..17
II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуы…23
2.1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуының қазіргі жағдайы……23
2.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу мен олардың даму тенденциялары….26
III-ТАРАУ. Қосымша……30
3.1. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері…..30
3.2. Еңбек ақыдан ұсталатын міндетті төлемдер есебі…33
Қорытынды…..35
Пайданылған әдебиеттер тізімі…38
Кіріспе
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан –2030”Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi — халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі — Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.
Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі – жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.
Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.
ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен кепілдендірмесе зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.
Курстық мақсаты. Осы әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті Азия даму банкісі кеңесшілерінің толық және тығыз ынтымақтастығымен, «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген ХҚЕС-ке көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (ХҚЕС) қолдану кезінде ұйымдарға тәжірибелік көмек көрсету үшін әзірледі.
Берілген ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ХҚЕС болып табылмайды және Қазақстан Республикасында 26 «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік» БЕХС (IAS) (бұдан әрі – БЕХС 26) қолдануда тәжірибелік көмек көрсетуге ғана арналған. Берілген әдістемелік ұсынымдарда ешбір ереже БЕХС 26 теріске шығармайды.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетiлдiру бойынша әдістемелік нұсқаулар дайындап, ғылыми негiзделген ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
— тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;
— экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;
— тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;
— зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;
— зейнетақы қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми негіздеу;
— зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық – экономикалық тетіктерін жасау;
— зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну
Курстық жұмыстың негізгі тұстары:
- Берілген әдістемелік ұсынымдар БЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру кезінде қолданылады;
- Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады;
- Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, «зейнетақы схемасы», «еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы» немесе «зейнетақылық қамтамасыз ету схемасы» деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек қарастырады.;
- БЕХС 26 барлық қатысушылар үшін тұтастай, топ есебінде зейнетақы жоспары бойынша есеп пен есептілікке қатысты. Оның жоспардың жеке қатысушылары үшін олардың зейнетақы төлемдеріне құқығына қатысты ешқандай қатысы жоқ;
- Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік- экономикалық мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыру жүйесін тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуге енгізу қажеттілігіне тұжырымдама;
- Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастырудың әдістемелік негізі;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарды тиімді пайдалану, қор активтерін сақтандыру және салымшылар санын арттыру мақсатында зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық –математикалық үлгілері мен даму болжамы.
Курстық жұмыс / 38 бет
Тағы рефераттар
- MS DOS операциялық жүйесі
- Өтініш
- Пайда, олжа туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Акша массасы жане миндетти резервтер нормасы курстық жұмыс
- Иван Илларинович Кривенко