ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАЗМҰНЫ 4
1.1 Қаржылық менеджменттің мәні 4
1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары 8
1.3 Қаржылық менеджмент — басқару жүйесі ретінде 11
1.4 Қаржылық менеджмент — басқару кешені түрінде 12

2 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ 15
2.1 “CАЯ” ЖШС жалпы сипаттамасы 15
2.2 “CАЯ” ЖШС экономикалық — шаруашылық жағдайын талдау 17
2.3 “CАЯ” ЖШС басқаруды ұйымдастырудағы талдау 21
2.4 “CАЯ” ЖШС қаржылық менеджментін жетілдіру жолдары 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМШАЛАР 27

КІРІСПЕ

   Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын  қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ресурстарының  жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін  анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық  параметрлері оның нарықтағы орны мен  экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы  мәселелердің барлығы экономиканы  басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын  арттыра түсті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі  ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен  анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың  айналым процесінде олардың қалыптасуын  және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің  әл — ауқатының максималды көбеюі болып  табылады. Қаржыны бақаруда оңтайлы  нәтижеге жету үшін,бизнестің жалпы  құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.

Еліміз  нарықтық қатынастардың дамуын, жеке меншік секторды өз экономикасында шетелдік әйгілі фирмалардың қазіргі заманғы  қаржылық басқару әдістерін ескере отырып, ішкі экономикалық қатынастарды ұлғайтуға тиімді қолданып отыр.

Менеджмент  дегеніміз – белгілі жетістіктерге  жету үшін обьектіге мақсатты түрде  әсер ету әдістерінің жиынтығы.

Қаржылық  менеджменттің ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы – бұл пайда түсіретін кәсіпорын  мүлкінің қаржылары. Капитал – кәсіпорынды  құру және дамытудың басты экономикалық базасы.

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық  жағдайындағы басқару ісі қаржы  менеджменті деп аталды. Қаржы  менеджменті – әлеуметтік – экономикалық процестерді басқарудың негізгі  құралы.

Қаржылық  менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану  және байланысты, ақша айналымы мен  қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын  басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: қаржылық менеджменттің мәнін аша отырып, оны кәсіпорынды тиімді басқаруда  және көзделген нәтижеге жету үшін оңтайлы екендігін айқындап көрсету.

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан  тұрады.

Курстық жұмысымда қаржылық менеджменттің  мәні, оның принциптері мен функциялары  қарастырылған. Сонымен қатар тақырыбыма сай кәсіпорынға қаржылық талдау жасалған.

 Курстық жұмыс / 28 бет
Тағы рефераттар