Мазмұны
Кіріспе
1. Әлемдік қаржы дағдарысы
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
2.3. Банк жүйесіне әсері 2.4. Инвестицияға әсері
3. Қазақстанның дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары
3.1. «Дағдарыстан дамуға». Дағдарыстың Қазақстанға беретін перспективалары
3.2. Үкіметтің антикризистік бағдарламасы және оның мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.
АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға, сондықтан да осы курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда өте актуалды.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы туралы ұғым және дағдарыстың дамуын қарастырдым.
Екінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының жағдайы: ұлттық өндірістің даму мәселелері, Ұлттық бюджетке, банк жүйесіне, инвестицияға, әлеуметтік инфрақұрылымға әсері туралы мәселелерді нақты сараптамаларға сүйене отырып толық ашып көрсеттім.
Үшінші тарауда, еліміздің дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары және Қазақстанның қаржы дағдарысы барысындағы қазіргі даму тенденциясы туралы мәселені талқыладым.
Курстық жұмыс / 28 бет
Тағы рефераттар
- Коммерциялық банк курстық жұмыс
- Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан
- Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру
- Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
- АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ (1777-1864)