Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттеің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.

Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісіне оған шикізат секторы қйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:

—         корпоративті табыс салығы

—         қосымша құнға салық

—         үстеме пайда салығы, бонустар, роялти

—         ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.

Қор келесі түсімдер арқылы құрылады.

1)    Республикалық және жергілікті бюджеттеің жоспарланған түсімдерінің 10% көлеміндегі арнайы трансферттер

2)    Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер

3)    ҚР заңымен шектелмеген басқада кірістер мен түсімдер

Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:

1)    Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыл бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығының өтеу үшін

2)    Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.

3)    Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазастан Республикасының Президенті:

1)    ҚР ұлттық банктін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды

2)    қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.

3)    қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады

4)    ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;

5)    қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.


Тағы рефераттар