Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.

Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екекуі бір арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады. Ғылыми негіздерге сүйенсек адам тәрбиесі методологиясын екіге бөлуге болады. Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», — делінген.

12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:

жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;

— әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

— оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіоіктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;

— жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген мүмкіндікті қолдану.


Тағы рефераттар