16 ғасырдағы Жетісу аймағындағы қазақ хандығындағы саяси жағдай туралы қазақша реферат
Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді [2].
Ал мұндай жағдайда Қасым хан Бұрындықтың жанында болуды қаламайтын. Егер жанында болса оған құрмет жасауға тура келетін. Оған құрмет көрсетілмесе аға алдында немесе хан алдында сынға ілінуі сөзсіз. Сол себептен Қасымхан Бұрындық ханнан іргесін аулақ ұстауға тырысатын. Бұрындық ханның ордасы Сарайшық қаласында орын тепсе [3], ал Қасым хан Жетісу аймағында Қарайол өзенінің бойында орналасқан. Ханның мұнда қыстауы да бар еді.
Бұл көрсетілген хабарлардан Қасымның беделінің қандай зор болып Бұрындықтың тірі кезінде-ақ хандық дәрежеде болғандығын көреміз. Мұндай жағдайға шыдамаған Бұрындық хан Самарқандтағы Михр Сұлтанханым деген қызының қасына көшіп кеткен. Оның онда вакфтық жері болған [4]. Бұл шамасы 1511 жылы күз айында болса керек. Бұдан соң Жәнібектің баласы Қасым 1511 жылдың тақыр күзінде толыққанды хандық дәрежесіне көтеріледі.
Қасым ханның билік басына келген кезі Орта Азиядағы біраз өзгерістері болған уақытта тура келген. Оның біріншісі Мұхамед Шайбани хан Иран шахының қанжалына түсіп 1510 жылы Мерв түбінде қаза болды. Оның әскерілері де қызылбастардың толық талқандауымен аяқталып Бұқара, Самаркандт және Түркістанның бірсыпыра қалаларында Темір ұрпағы Бабырдың қолына уақытша болса да көшкен еді.
Бұл жағдайлардың Қасым хан дер кезінде пайдаланып өзінің оңтүстік Қазақстанда билігін нығайтуға тырысты. Алайда дәл осы кезде тілегенге сұраған дегендей Сайрам (Испиджап) қаласының әкімі Кеттебек өзінің бір елшісін Қасым ханға жіберіп қаланы өзінің қарамағына алуды сұраған. Хан Сайрамның кілтін алған кезде Кеттебек Қасымға адал қызмет ететіндігіне уәде береді [5]. Бұдан ары Қасым Ташкенді алуға аттанды.
Алайда оны билеп отырған Әбілхайыр ханның баласы Сүйінші хан қалаға бекініп алады. Қасым хан қаланы бір күн қоршап одан артық уақыт өткізбеуді ойлап Сайрамға қайта оралады. Қасым ханға қаланың аймағының мал жайылымына қолайлығы қатты ұнаған. Сонда малын жайды деп жазады. М.Х.Дулати [6].
Қасым ханның Сүйінші ханға шабуыл жасағанын естіген моғол ханы Саид Қасымға барып қосылу үшін Ташкенге қарай асығады. Алайда Қасым ханнның қайтып кеткенін Кендірлік деген жерге келгенде естіп, енді Қасым ханның Ордасы тұрған Шу бойына ат басын бұрады.
Бұл М.Х.Дулати ауырып бара алмаған. Саид ханның Қасым хан өзін қалай жақсы қарсы алғандығы туралы айтып бергендігі туралы өзінің «Тарихи Рашиди» еңбегінде жазған. Моғол ханның Қасым ханға баруындағы басты мақсаты ¤збек хандығына бірігіп жорыққа шығып оған соққы беру іді. Алайда Қасым хан өте сыпайыгершілікпен бұл жорықтан бас тартқан. Оған біріншіден күз айы келіп қалды, алда қыс келе жатыр, бұл кезде әскер жинаудың қиын екендігін, екіншіден қысқа дайындалып қыстау қамын ойлау қажеттігін айтқан. Үшіншіден Қасым ханның жасы да ұлғайып қалған еді. Осындай себептерді айтып Моғол ханы Саидты өте сыпайы шығарып салған еді. Алайда ханның М.Х.Дулатиге айтуына қарағанда Қасым хан Моғол ханын өте жақсы қарсы алып қазақ халқының қонақжайлылығын, қонақ күту дәстүрін көрсеткендігін ұзақ жылдар бойына өмірінің соңғы кезіне дейін айтып жүрді деп жазады.
Екі ханның арасында дәм-тұз, ас алу кезінде де әңгіме-дүкен құрылады. Қасым хан қымыз құйған кесені ханға ұсынып тұрып, егер дәмін татсаңыз біз үшін үлкен мәртебе болмақ дейді. Алайда Қасым ханға ол ішімдікті осыдан біраз бұрын тастағандығын айтып қымызды ішуден бас тартады. Қасым хан бұл ішімдіктің басқадай ішімдіктерге ұқсамайтынын мұның жылқы сүтінен дайындалатынын емдік қасиетінің күшті екендігін айтып, қымызды ішпесе ренжігендей түр көрсетіп отырады. Саид хан қайтеміз сертті бұзамызда деп қымызды ішемізде дегенде Қасым хан Моғол ханына риза болып қуанып қалады. Шамасы қымыз ханның денсаулығына шипа болған болуы керек. Саид хан жиырма күндей қонақ болып күнде кесе таусып қымыз ішіп екі хан әртүрлі мемлекеттік жағдайда келісім жасасқан.
Моғол ханның қайтар кезінде Қасым хан өзінің жайылып жатқан үйір-үйір жылқысын көрсетіп, біздің қымбат байлығымыз жылқы, оның еті біздің ең дәмді тамағымыз болса, ал сүті ең сүйкімді сусынымыз оның қымызы. «Менің екі арғымағым бар әрбіреуі бір үйір жылқыға татиды» деп екі сәйгүлікті алып келіп көрсетеді. Саид ханның мұндай тамаша сәйгүліктерді ешқашан көрмегендігін айтады. Қасым хан Саид ханға осының екеуінің бірін алыңыз. Сіз менің құрметті қонағымсыз дейді. Саид хан «Оғлан Түрүк» арғымағын алады [7]. Сөйтіп екі хандықтың арасында достық қарым-қатынас орнаған. Бұл кез жаз айының аяғы еді. Қазақтар Қасым ханның бұйрығымен қыстауға қарай бет алған [8].
Жазба деректерге қарағанда Қасымхан жаулаушылықпен ешбір елдің жеріне шабуылға шықпаған, тек өзінің саяси-дипломатиялық тапқырлығымен келісім жасай отырып, өзінің жерін тыныштықты ұстай отырып кеңейтуге тырысқан. Ол тек өзінің жеріне шабуыл жасағандарға қарсы аттанып оларға тойтарыс беруге тырысқан.
Сонымен Қасымханның Жетісу жерінде моғол ханы Саид ханымен кездесіп екеуінің өзара келісімге келуінің өзі Қазақ хандығы үшін Орта Азиядағы халықаралық жағдайды тарихи маңызы өте зор болды десек қателескен болмаймыз. ¤йткені көрсетілген аймақта бұл саяси жағдай өте шиеленісіп жатқан кезі еді. Ал Қазақ хандығының осындай жағдайда халықаралық аренаға көтеріліп, саяси жағдайда беделі өте түсті. Сондықтан да Қасымхан Саид ханмен өзбектерге қарсы бірігіп жорыққа шықпаудағы басты себеп біріншіден өзбектерді өзіне қарсы қойғысы келмеді. Екіншіден егер жеңген күнде ташкент аймағына ие болатыныда сол моғол хандығы. Мұндай жағдайда моғолдар күшейіп Жетісу жерінде қазақ хандығының ие болып отырған жеріне олардың (моғолдардың) өздері қайтадан ие болуға әрекет жасауы мүмкін. Үшіншіден егер бұл жолы моғол ханына келісім берген болса онда қазақ сарбаздары Моғолстанның бұрын қол астында болағн жерлерді қайтарып алу үшін болайын деп болған жорықтарға қатысуға тура келер еді. Міне осындай жағдайларды алдын-ала ойластырған Қасымхан қыстың таяп келе жатқандығын сылтау етіп Моғол ханы Саид жылы шыраймен шығарып салған еді.
Егер Қасымхан Моғол ханының ұсынысын қабылдаған болса, Қазақ хандығының Жетісу аймағындағы қол жеткен табыстарын мүлде жоққа шығарып алуы сөзсіз еді. Бұл жағдайды да ескерді. Қасымханның көрегендігін көрсеткен іс еді. Қасымханның бұл көрегендігін көптеген тарихшылар ат үсті қарастырып оған терең қорытынды жасауға бармаған. Тек орыс тарихшысы А.П.Чулошников Қасымханның Ташкент түбіндегі сәтсіздігі, енді оның асығыс шешімін қабылдаудан абай болуға үйретті дейді [9]. Жоғарыдағы көрсетілген Саид ханмен Жетісу жеріндегі кездесуден кейін Қасымханның іс-әрекеті бұл аймақта ешбір жазба деректерде кездеспейді. Енді оның аты Түркістан аймағындағы қалалар үшін 1516-1517 жылдары Шайбанилердің жасаған жорығына қарсы тұрып олардың бетін қайтарған [10]. Бұдан Қасымханның іс-әрекеті 1518-1521 жылдарда Батыс Қазақстан жерінде ноғайларға қарсы күрескендігі туралы орыс деректерінде кездеседі [11].
Сонымен Қазақстанның біресе Жетісу аймағында, бірде Оңтүстік Қазақстанда, бірде Батыс Қазақстанда болуының өзі оның Қазақ хандығының территориясының көрсетілген аймаққа ие болғандығын көрсетеді. Бұл жағдайды М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда Жошыдан кейін атақты Қасымдай хан болған жоқ. Ол бүкіл Дешті Қыпшаққа билік жүргізді дейді [12]. Тарихшының бұл мадақтауынан Қасымханның кезінде Қазақ хандығының нығайып жері кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асып, халықаралық тарих сахнасына шыққанын көреміз. Сонымен Қасымханның кезінде Қазақ хандығының шекарасы оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауына жетіп Түркістан аймағындағы қалаларды өзіне қосып, оңтүстік-шығысында Жетісудың таулы етектері мен жазықтарының едәуір бөліктерін қосып алған. Ал терістік шығыс жағында Ұлытау мен Балқаш көлінің аймағына Қарқаралы тауларына дейін, ал терістік батысында Жайық өзені аңғарына дейін алып жатты [13].
Қазақ хандарының ішінде өресі ең биік болған Қасымға дейін ол туралы жоғарыда айтылды. Оның және бір басты дәлелі ел аузында аңыз болып осы уақытқа дейін сақталған. «Қасымханның қасқа жолы» деген аңыз. Бұл жол туралы әртүрлі талас та бар. Бірақта оның жазба деректерде сақталмағандығы. Кейбір зерттеушілердің қарастырғаны ма жоқ әлде халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты ойлап жатқандарыма ҚазақССР қысқаша энциклопедиясының І-томының А., 1984 жылы, 295-бетінде Қасымханның қасқа жолынан деп бес түрлі ережені көрсеткен онда [14]: 1. Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік); 2. Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу); 3. Әскери заң (аламан міндеті, қосып жасау т.б.); 4. Елшілік жоралары (шешендің, халықаралық қатынаста сыпайылық, майталмандық, әдептілік); 5. Жұртшылық заң (ас, той, мереке үстіндегі ережелер т.б.). Міне осындай ел ішінде заңдар қолданғандықтан да Қасымхан мемлекетті басқаруда оны ұйымдастыруда көптеген жетістіктерге жеткен атақты парасатты хан. Бұл ереже ешбір өзгеріссіх ХVІІІ-ғасырдың басына дейін жерін Тәуке хан өз кезіндегі билер кеңесінде «Жесір дауы» мен «Құн дауын» қосып «Жеті жарғыға» жеткізген деген пікір туады. Қасымханның туған, қаза болған жылдары туралы нақты деректер жоқ. Ғалымдардың шамалы болжау пікірлеріне қарағанда 1445 жылы туып 1521 жылы қаза болған [15]. Сарайшық қаласына жерленіп басына күмбез тұрғызылған.
Қасымханның кезінде Қазақ хандығының беделінің өсіп жері кеңейгенімен, бір орталыққа бағынған тас-түйін мемлекет болмаған. Оны ол қаза болғаннан кейін ел ішіндегі талас-тартыстың әсерінен хандықтың әлсірей бастағанынан толық көруге болады. Қазақ Ордасын алғаш тұтастырушының жолын көп жылдарға созылған қантөгістерден соң, соң Хақназар хан ғана жалғастыра білгені тарихтан мәлім.
Политическое история исследования развития Казахского ханства на территории Семиречья в ХVІв.
В статье сделан обзор историографии, исторических исследований и исторических источников связанных с становлением и развитием Казахского ханства на территории Семиречья.
Research level of development of Kazakh khanste in Zhetisu territory Х‡І centuries
This article is considered review of historoigraply, historical researches and sources connected with lecoming and developing of Kazakh khanste in Zhetisu territory.
Пайдаланған әдебиеттер:
- М.Х.Дулати. Көрсетілген еңбек, 270 бет.
- М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, А., Тұран баспасы, 2003, 270-бет.
- М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 30-бет.
- Қазақстан тарихы ІІ-том, А., 1992, 374-бет. (Академиялық здания көне заманнан бүгінге дейін бес томдық)
- М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 307-бет.
- М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 307-бет.
- М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 309-310-беттер.
- М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 310-бет.
- А.П.Чулошников. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. Ч.1. Древнее время и средние века. Оренбург, 1924, 125 бет.
10. МИКХ, 177 бет.
11. А.Исин. Материалы Посольского приказа русского государства о казахском ханстве Х‡І-начало Х‡ІІІ вв. Мына кітап: Вопросы историографии источниковедения Казахстана (дореволюционной период) А., 1988, 165 бет.
12. М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 111-бет.
13. Қазақстан тарихы, 2-том, А., 1998, 375-376 беттер.
14. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, І-том, А., 1984, 295 бет.
15. Б.Кәрібаев. Аты аңызға айналған хан. Қазақ тарихы, №2, 1996, 29 бет.
Н.Дәуірбаева
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралыққазақ-түрік университеті,
Түркістан қ.
Тағы рефераттар
- Шарт ұғымы және оның ережелері
- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың дамуы
- Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие жұмысына қолдану жүйесі
- Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж курстық жұмыс
- Фосфордың табиғатта таралуы