Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы – мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

   Академик Г. Н. Волков  «… батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбисінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика  болмақ» — деп жазады.

Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасып, осы мәселе төңірегінде алғаш төл туындылар жазған демократ ағартушы Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың есімімен байланысты.

Қазақ қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен ,халқымыздың дара перзенті Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді.

          Адам баласының бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рахымдылық, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя білді. «Толық адам» тәрбиелеуде Абай жастарды оқу-білімге шақыра отырып, білімді де жан-жақты, саналы, ақылды, жүрегі ізгі қасиетттерге толы болсын дейді. Абай сомдаған «Толық адам» немесе жүрек тәрбиесі туралы ой қозғауы – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық тәрбие ойлары халық даналығынан бастау алған.

«Абайдың тәлім-тәрбиесі өзі өмір сүрген ортасы мен етене байланысты. Оның бойындағы барлық асыл қасиеттер – даналық, данышпандық сол ұлтынан берілген қасиет ».

Абайдың 38-қара сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе күніне бір мәрте, болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал». Ағартушы демократ Абай шығармаларының құндылығы – халық қазынасының озығы, ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеудегі таптырмас тәрбие құралы.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.  Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгігі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын пайдаланудың берері мол.
Тағы рефераттар