Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі.  Жоғары дамыған жүйке жүйесі, ағзаның  таза адами қасиеттері  өмірдің  әлеуметтік жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер жасауға , еңбек етуге,  жасампаздыққа үйретті,  өзінің өмірін жақсартуға, ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді.  Еңбек іс-әрекеттер, жарқын келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру,  өмір сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі.

Адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі мен  кәсібін, білімі мен дағдысының, өмір тәжірибесінің, өзіне тән ерекшеліктерінің  жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады.  Жаңа туылған нәресте  — адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, өйткені  онда дағды мен тәжірибе, білім мен іс-әрекет, қоғамдық қтынас  әзірше  қалыптаса қойған жоқ. Ендеше жеке адам тек қана тарихи-әлеуметтік құбылыстың жемісі ретінде көрінеді, қоғамдық ортада  қалыптасады.

“Жеке адамның өзіндік ерекшелігі, оның қызметі мен дүниетанымынан, мінез –құлқынан, мұрат-мақсатынан,  талғамынан, сезімінен, қабілетінен, ынта қоюынан, дағды әдетінен байқалады”, — деп  тұжырымдайды профессор Құдайқұлов М.А. [15].

Демек, жеке адамның басты белгісі оның әлеуметтік қызметінде, ал мәні әлеуметтік санасында. Жеке адамның  әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелді бола бермейді. Жеке адам  қоғамнан тыс дами   алмайды,  өйткені адамның дамуы қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өзіне ғана  тән қасиеттері әлеуметтік жағдайға, нақтылы кәсібіне, іс-әрекетіне, білім  қабілетіне байланысты анықталады.  Жеке адам  психологиясы  айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық  тәрбиемен білім алу, кәсіптік қызмет атқару арқылы қалыптасады. Адам тек іс-әрекет жасау  үстінде ғана өсіп жетіледі.  Қызмет ету барысында оның қабілеті артады, іскерлігі мен дағдысы дамиды, кәсіптік шеберлігі  ұшталады, өмірлік  белсенді позициясы нығаяды, өз кәсібі бойынша мол тәжірибе жинақтайды.

Кез келген кәсіптік қызмет қоғамдық еңбек процесінде дамытылады. Адамдардың мұндай іс-әрекеттерінің  әрқашан қандай да бір  қажеттіліктен туатыныны белгілі.

Адамның іс-әрекетінің негізгі формалары: ойын, білім алу, ақыл-ой еңбегі, ғылыми ізденістер, физикалық еңбек, өнер мен шығармашылықпен шұғылдану. Бұлардың қайсысы болса да белгілі бір мақсат-мұратқа, шетке бағытталады. Осы келтірілген уәждерге сүйене отырып, іс-әрекетті адамның түрлі  қажеттерін өтеу үшін, белгілі бір мақсатқа жетуге  бағытталатын  еңбек процесі деп тұжырымдауға болады.

Адамның қызметі әрқашан да  қажеттіліктен,  мақсатқа ұмтылудан, оны орындауға қажетті білімімен және іскерлік  пен дағдыдан құралады. Іс-әрекет пен  білім алу,  іскерлік және дағды өзара байланысты дамиды. Мысалы, адамның білімі, дағдысы, ебдейлігі белгілі бір қызмет үстінде қалыптасады, кейіннен олар іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі шартына айналады.

Адамның кез келген қызметінің орындалу шарты саналы түрде орындалатын қимыл-қозғалыстар мен амал- әдістердің дағдыға айналуы болып табылады.

Адам бойына дарыған бір дағды екінші бір  дағдыны қалыптастыруға көмектессе, қайсы бірі  бір-біріне кедергі келтіреді.

Дағды  мен  білім  — екі  түрлі  процесс,  олардың қалыптасу жолдары да түрліше.  Дағды  — динамикалық стереотип негізінде  қалыптасса,   білім —  екінші сигнал жүйесі арқылы меңгеріледі [9,10,12,13].

Сонымен бірге адамның мақсаты  мен ниеті  әрқашан да белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдырады.   Мақсатты іс-әрекет  кезіндегі белгілі бір нәтижеге жету,  ал ниетті сол нәтижеге итермелеуші  күш деп түсіну керек.  Сондықтан кез келген әрекет алдымен ниетке таладау жасаудан басталады.  Ендеше ниет адамның іс-әрекетінің  сырын ашатын кілт іспеттес.

Адам мақсатқа жету үшін түрлі құрал-аспаптарды,  информацияларды, мәліметтерді,  әртүрлі амал-тәсілдерді пайдаланады.  Бұларды игеру үшін адамның белгілі бір  білім дәрежесі,  дағды мен іскерлігі болуы шарт  деп санаймыз.

Іс-әрекет психологиялық, әлеуметтік категорияға жатады.  Психологиялық тұрғыдан қарағанда  оның бірлік бөлігі  — амал болса,  мұның өзі операцияның элементі саналады,  ал операцияны белгілі бір істі орындаудың  тәсілі деп түсінуіміз керек.

Белгілі психолог К.К. Платоновтың зерттеулері  негізінде, адамның кез келген іс-әрекетінің құрылымы мынадай схема түрін болады:

Мақсат – себеп – орындау тәсілі  —  нәтиже.

Адамның іс-әрекеттерінің түрлері, әсер етуінің формалары мен тәсілдері сан алуан. Ол жеке адамның қызметі. Адамның қабілеті  тек іс-әрекет үстінде ғана  қалыптасатындығы белгілі.  Сондықтан   қабілет іс-әрекеттің бейнесі ретінде  түсіндіріледі. Адамның іс-әрекетінің жетілуі оның  рухани әрі  физикалық қабілетіне де байланысты. Өйткені адамның барлық қызмет  түрлерінің шығу көзі саналы еңбек деп есептейміз.

Психолог ғалым В.С. Мерлиннің пікірі бойынша адамның қызмет түрлері бойынша өмірлік бағыты:

  • жеке басы мүддесінің өзгешеліктеріне;
  • алға қойған  мақсаттарының ерекшелігіне;
  • өзінің қажеттілігін өтеуге;
  • жеке басының мақсат ұстауына байланысты жетілуі.

Қазіргі ғылыми -техникалық   прогресстің  қарыштап даму кезеңінде  жеке бастың өмірдегі  жетістіктері, белсенді еңбекпен,  ғылыми жаңалықтарды игерумен, қабілет-дарынан жетілдірумен тікелей байланысты деп түсінеміз. Келтірілген  жәйттерді ескере отырып жеке адамның іс-әрекетінің құрылымын философиялық және психологиялық түсіні тұрғсынан талдап көрейік.

Құрылым (структура) ұғымы философиялық категория, олай болса, іс-әрекет құрылымының  құраушы элементтерін, олардың өзара  байланыстарын, жеке ерекшеліктерінің тұтастығын анықтауға болады. белгілі психолог К.К.Платонов жеке адам   іс-әрекетінің   құрылымының төрт құраушысы бар деп санайды.  Ғалым оның біріншісіне  — жеке адамның  өзіндік бағытын, өзгелерге қатынасын,   моральдық бейнесін; ал екіншісіне – адамның іс-тәжірибесі арқылы меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын,  үшіншісіне – ойлауын, қабылдауын, түйсігін, сезімін, есте сақтау қабілетін, төртіншісіне —  адамның жеке басының  темпераменттік қасиеттерін жатқызады.

Келітірілген құрылым элементтері жеке адамға қатысты динамикалық  өзгерістерге ұшырайды; ал оның тұтас құрамды элементтері психологиялық функция ретінде қарастырылады. Аталған элементтер адамның жеке басының психологиялық қасиеттерін жинақтайды деп түсінеміз. Талданған динамикалық, функциональдық, психологиялық құрылым деп атауы  сәтті шыққан.

Адамның жан-жақты  үйлесімиді дамуы осы құрылымның барлық құраушыларының толық болуына тәуелді. Олардың бірінің әлсіз дамуы немесе кемдігі адамның жеке басының дамуындағы олқылықтарға соқтырары сөзсіз. Осындай олқылықтардың орын алуын немесе болуына адамдардың жеке басының әр түрлі кездесуі, олар: тиянақты,  тындырымды, аңғарымды, пайымды, ойлы, ойсыз,  айқын мақсатты, мақсатсыз, қызба мінезді, салқын қанды, еліктегіш, әершіл, ұяң, жалтақ, ерме, көнбіс, ұшқалақ, алғыр, шешімді, салмақты, отар, төзімді, іскер, т.с.с. болып келеді.

Адам, әсіресе,  жастық шағында, өзінің  мұқтаждары мен алға қойған рухани талап тілектерін өтеуге  сара жол таба бермейді, оның  түрлі қиындықтарға ұшырауы да заңды. Өйткені адамның материалдық қажеттері мен рухани мұраты өзінен-өзі  пайда бола қоймайды. Оның таныммен тәрбиені,  еңбек ету мен кәсіптік   мамандықты игеруі, азаматтық және отбасылық үрдістерді меңгеруі, мінез-құлықты баулуы,  іс-әрекеті арқылы қабілеті мен іскерлігін  қалыптастыруы  нәтижесінде   жүзеге асырылады.

Сонда ғана адам басқалардың қимыл әрекетіне соқыр сеніммен еліктеуді қойып, өмірді  өзінше саралайды. өмір мәнін ізденіс, іс-әрекет арқылы түсінеді. Олай болса адамның қабілеттілігі оның қандай іс-әрекетпен үздіксіз, белгілі бір мақсатпен шұғылдануын тәуелді деп айту ағаттық болмас еді. Іс-әрекет түрлері қабілеттілік те қоғам талабына, қоғам дамуымен байланыстырылады. Қоғамның дамуына, оның  әлеуметтік сипатына  қарай қабілеттілік  те дамиды.

Елімізде нарықтық қатынастардың орнығуына қарай  экономикада, өндірісте, ауылшаруашылығында   тың өзгерістер, жаңа қатынастар пайда болды, осыған орай адамдардың ойлауы, іскерлігі, қабілеттілігінде де  уақыттың жаңа талабына сәйкес игі өзгерістер байқалуда, ілкімді тұлғалар, іскер  кәсіпкерлер пайда болды. Соның нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты артты, жастардың білімге, ғыдымға, іскерлікке ынта-ықыласы өсті.  Елімізде техника, өндірісі, әдебиет, өнер, мәдениет, білім беру салаларында адамның  қабілетін, дарынын, талантын дамыту үшін көптеген келесі істер атқарылуда, “Болашақ”  бағдарламасы бойынша  мемлекет қамқорлығы аясында   дарынды жастарды өркениетті дамыған елдерге барып, білім алуға жолдама беру, ғылымға, өнерге, білім саласына, ғалымдарға, өнер  адамдарына, мұғалімдер мен дәрігерлерге жасалып жатқан қамқорлық осының айғағы болса керек.

“Қабілеттілік  — адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін  көрсететін  жеке басының дара қасиеті оның ойдағыдай дамуы үшін адамда  тиісті білім, іскерлік, дағдының белгілі бір жүйесі болу керек”, — деп тұжырымдайды елімізге белгілі педагог ғалым, профессор М.А.Құдайқұлов.

Ғалымның осы пікірін толық қуаттайтын мысал келтірейік. Мысалы, адам өзінің  техникалық конструкциялық қабілетін дамыту үшін математиканы, физиканы, сызу т.б.  ғылымдарда, конструкциялардың құрылысынан терең хабардар болуы керек, оларды  практикада пайдалану іскерлігі мен құрастыру дағдысының  болуы шарт деп есептейміз. Басқаша айтсақ білімі терең , икемід іскерлігі және  дағдысы қалыптасқан адамның  қабілеттілігі, яғни шығармашылық жұмысқа бейімділігі  жақсы дамиды.  Мүлде қабілетсіз адам болмайды, тек ол біреулерде күштірек, ал басқа біреулерде азырақ болуы мүмкін.   Қабілет үнемі жетілдіруді,   дамытуды қажет етеді.  Көп жағдайда  адамның   қабілеттілігі іскерліктің қалыптасуына сәйкес дамиды.  Демек, қабілеттілік пен іскерлік әрқашан өзара тығыз байланыста болады. сондықтан адамның қабілеті тек іс-әрекет жасау, белсенділік таныту, іскерлігін жетілдіру  нәтижесінде ғана дамиды деп есептейміз.   Біздің ойымызша қабілеттілік пен іскерлікті дзеректіліктің, аңғарымпаздықтың, ұйымдастырушылықтың, есте сақтағыштықтың, белсенділіктің маңызы зор.

Қабілеттілікті, іскерлікті, дағдыны жетілдіру адамның жас мөлшеріне қарамайды. Ол ұдайы ізденуге, жаттығуға байланысты [15].

Жоғарғы қабілеттілікті, қалыптасқан іскерлік пен дағдыны, ғылымдағы  бесаппаптылықты Ш.Уәлизановтың өмірінен көруге болады. ол бірқатар Еуропа және шғыс тілдерін меңгерген, этнограф,  фольклоршы,  географ, ботаник, әлеуметтанушы, тарихшы, саяхатшы және  әскери мамандықтарды игерген. Қазақ халқының сүйікті ұлы, дүниежүзіне белгілі ақыны Олжас Сүлейменов – геоглог, ақын, жазушы, дипломат, саясаткер екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар.

Адамның қабілеттілігі білім алу мен іскерлікті тез қалыптастыруды оңайлатса, керісінше олардың негізінде қабілеттілік те дамиды. Сол себепті оқушылар үшін игерілген білімді іскерлік деп түсінуге болады, ал бұл арқылы жеке адамның ерекшелік қасиеттері сипатталады. Белгілі психолог К.К.Платонов өз зерттеулерінде, іскерлікті адамның ең жоғарғы қасиеттерінің біріне жатқызып, оқыту процесінің түркі мақсаты – іскерлікті қалыптастыру деп  тұжырымдайды []. Демек кәсіптік іскерлігі қалыптаспаған адамның  білімін тыңғылықты меңңгерілген білім деп  санауға болмайды, ондай білім өмірге  қажетсіз “жалаң” теориялар деп санайды.

Сонымен адамның қабілеті іс-әрекет үстінде дамиды, қабілеттілікті жетілдіру үшін, білім, іскерлік, дағды керек, ал бұлардың өзі іс-әрекетсіз қалыптаспайды.  Бұл тірліктің  бәрі ойлау қызметі негізінде қауаттаймыз.

Адамның білім алу мен іскерлігін қалыптастыра білуге байланысты психологиялық ерекшелігі оның қабілеттілігін  білдіреді. Бірақ адамның қабілеттілігі тек қана оның меңгерген  білімі және іскерлігінің жүйесімен өлшенеді десек, қателікке ұрынамыз. Сонымен бірге адамның  қабілеттілігінің, яғни белгілі бір кәсіп бойынша  нәтижелі жұмыс атқару мүмкіндігінің шеберлік   дәрежесіне жетерлік  немесе жетпесін оның еңбек етуімен  іс-әрекеті көрсетіледі. Қабілеттілікті дамыту үшін баланың арнайы оқуы, тынбай жаттығуы, ерінбей еңбек ету, қызығушылығы , төзімділігі  т.б. қажет.

Қабілеттілікті  анықтай білу, сол адамның өзіне қоғамға пайда келтіретін мамандықты таңдауға жәрдемдеседі.

Әр  адамның қабілеттілік дәрежесін бағалау – ғылымда әлі шешін таппаған мәселе, бірақ қабілеттіліктьі дамыту үшін жалқаулықпен, еріншектікпен күресіп,  жүйелі еңбек етуге, еңбеке қызығушылққа баулу қажет.

“Адамның іс-әрекетін, қабілеттілігін, іскерлігін жетілдіруде  күндік режимді сақтап, жаттығуды дамытып,  өзінің ерік-жігерін  тәрбиелеп отыруды  да ескермесе болмайды”, — деген [15] Қ.Жарықбаевтың пікірін қолдауға тура келеді.  Қазақтың ғалым профессоры Қ.Жарықбаевтың пікірін басшылыққа ала отырып, ерік-жігерсіз, жаттығусыз, еңбексіз мақсат-мұратқа жету жолы оған көптеген қиыншылықтар тудыратыны ақиқат, бұған біздің сеніміміз мол. Қабілетті адамның өнер табуғағ жаңалық ашуға тың ұсыныстар енгізуге мүмкіндігі мол [17].

Соңғы кездерде психологияның ғылыми шығармашылық әдістеріне ықпалының күшейе түсуі байқалады.  Психологтар техникалық шығармашылықпен байланысқан   қызықты байқаулар мен пайымдаулар жасай алады. “Өнертапқыштық комикалық емес ой ұшқырлығы, ой ұшқырлығы мен өнер тапқыштық амалдарының арасындағы ұқсастық бар, бұл кездейсоқтық немесе сыртқы көрініс қана емес” деп жазды кешегі кеңес дәуірінің өнер тапқышы Генрих Буш [19].

Өнер тапқыштық шығармашылық ойлаудың жалпы заңдылықтарына негізделмеген. Өткір әзілді жасау процесі бастапқы білімнің   болу белгілерін , нәтижені бағалау  және  бірі-біріне алшақ ұғымдардың шоғырлануы тудыруды қосады.   әзілдік амалдардың негіздемелері: әдейі ұлғайту, пародия жасау,  әдейі кішірейту, әдеттен тыс телеп, процестер  мен құбылыстардың күтпеген  жақындасуы,  таңырқарлық ұқсастықты аңғару,  констросты айқындау, форма мен мазмұн  қайшылығы, нәрсенің үйреншікті  және күтпеген қызметі, құбылыстың қайталануы, логикалық  және праксеологиялық нормаларының бұзылуы, алмастыру,   қарама-қарсы қою, қосарлы зерделесу, кездейсоқ және алыс белгілерін қатарластырып сәйкестендіру  — өнертапқыштық мәселелерді шешуді іздестірудің  тиімді амалдары.

Адамның қабілеттілігін дамытуға қажетті кез келген мамандыққа байланысты кәсіптік іскерліктерді қалыптастырудың  негізгі  кезеңдерін К.К.Платонов төмендегі кесте бойынша түсіндірді

1 кесте.

Кезеңдері Психологиялық құрылымы
1. Іскерліктің алғашқы нысандары Іс-әрекеттің мақсатын түсіну, осыған дейінгі меңгерген білімдер мен дағдылардың негізінде оны орындаудың тәсілдерін іздеу, байқап көру және қателесу әдісі бойынша іс-әрекет жасау.
2. Біліксіз іс-әрекет әрекет жасаудың тәсілдері жайлы білімдерді бұрынғы меңгерілген дағдыларды осы ісәрекет үшін пайдаланады.
3. Кейбір жалпы іскерліктер Ісәрекеттің әр түріне, ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан кейбір тар мәнді іскерліктерді пайдалану мәселен, іс-әрекетті жоспарлау  іскерлігі, ұйымдастыру іскерлігі т.с.с
4. Жоғарғы дәрежелі іскерлік Алға қойылған мақсатты, оған жеткізетін  әдіс-тәсілдерді саналы түрде таңдап, орындалатын іс-әрекетке керекті бөлімдермен дағдыларды шығармашылықпен пайдалану
5. Шеберлік әр түрлі іскерліктерді шығармашылық тұрғыдан қолдану

Таланттылық пен қабілеттілік адамды еңбек  етуден босатпайды, керісінше, көп еңбектенуді, шығармашылық ізденуді,  бейімділікті, төзімділікті қажет  етеді. Қабілетті адамдар мен талантылардың  ерік-жігері әрқашан жоғары деңгейде көрінеді. Қабілеттіліктің басыт көзі еңбек, алайда оны тек еңбекпен өлшенеді деу таңсаттық деп ойлаймыз. Қабілеттілік адамның табиғи ерекшеліктеріне, мінез-құлықтарына т.б. жағдайларға байланысты. Түрлі дәрежеде болады [15].

Адамның ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін (ойлаудың орамдылығын, сын көзбен қараушылығын,  байқағыштығы мен зейінділігін, зеректігі мен тапқырлығын, т.б.) жалпы қабілеттілікке жатқызамыз. Адамның іс-әрекетінің  жұмысты нәтижелі орындауға  мүмкіндік  беретіндей  жеке жақтарынан көрінуін арнаулы қабілеттілік деп есептейміз, бұған суретшінің, ақынның, конструктордың қабілеттіліктерін мысалға келтіруге болады.

Талант – күрделі, қиын іс-әрекетті өзіндік ерекшелікпен сонылық дәрежеде нәтижелі орындай алуға мүмкіндік беретін әр түрлі қабілеттіліктердің жиынтғы деп түсінуіміз жөн.

Ғалымдардың, мектеп оқытушыларының тәжірибелеріне сүйене отырып, балалардың жалпы ерекшеліктерінің ақыл-ой дағдыларын төмендегідей ақиқаттығына көз жеткіземіз:

  • ұқыптылық, аңғарымпаздық, жинақылық;
  • еңбек етуге әрқашан даярлығы, жалықпайтындығы;
  • ойлау шапшаңдығы, талдау мен қорытындылау мүмкіндігінің жоғарылығы, ойының жүйелілігі, ойлау қызметінің нәтижелілігі;
    • ой өрісінің кеңдігі, ауқымдылығы, ойлау белсенділігі.

Дарынды оқышулар мен ғалымдар жүргізген эксперимент нәтижелеріне сүйенетін болсақ, ғылымдық шығармашылық қабілеттіліктің құрамына:

  • анализ және синтез жасай білу;
  • негізгі қосалқы нәрседен ажырата білу;
  • зерттейтін құбылыстар мен процестердің өзара байланысын анықтай білу.
  • Кәдімгі, әдеттегі, үйреншікті оқиғалар,  фактілер арасындағы қарама-қайшылықтарды байқай білу;
  • Мәнді-мағыналы ойлау білу сияқты компоненттердің енетіндігі анықталады.

Педагогикалық әдебиеттерді талдап оқу нәтижесінде адамдардың практикалық қабілеттілігінің  адам өмірінің  ерекше орын алатындығын байқадық. Мәселен Л.И.Уманский 400-ден аса қабілетті басшы қызметкерлер жұмысының қыр-сырын зерттеу арқылы оларға тән ерекше қасиеттерді даралап, ұйымдастырушылық қабілеттіліктің мынадай құрылымын анықтаған:

  • басшының жігерлігі,  басқа қызметкерлерге ықпалын тигізіп, сол арқылы олардың белсенділігін көтере білуі;
  • жан-жақты даму деңгейінің жоғары болуы, білімдарлық;
  • ойының оралымдылығы, тапқырлығы, практикалық мәселелерді дер кезінде орынды шешуі;
  • қызметкерлердің психологиялық ерекшеліктерін үнемі  ескере отырып, мәселені практикалық тұрғыдан дұрыс  шеше білуі (психологиялық талғампаздығы);
  • сыншылдығы, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлығындағы кемшіліктерді көре, өз шешіміне  талдау жасау;
  • қызметкерлерге талап қойғыштығы, ұстамдылығы және табандылық көрсете білуі;
  • мәселені өз бетінше шеше білуі және өзін-өзі меңгере білетіндігі;
  • істің жетістігі мен кемшілігін, жаңалығы мен жарамсыздығын байқағыштығы;
  • кез келген адаммен тіл табысып сөйлесе білуі (коммуникативті қабілет);
  • жұмыс атқару қабілетінің жоғарылығы, өз  іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра  білуі.

Сонымен адам өзінің бағытты, мақсатты іс-әрекеті арқылы: дүниені, әлемді, табиғатты таниды,   тылсымдағы қыр-сырларына үңіледі, құпияларын әлемге  әйгілейді;  айнала қоршаған ортаны өзгертеді, оны өзінің ыңғайына бейімдейді; заттардың қасиеттерін зерттейді, оларды өз мұқтаждығына  жаратады.

Адамның іс-әрекеті жалпылама алғанда төмендегідей құраушылардан тұрады:

  • мақсат қоюын, сол мақсатқа жету үшін  ең ойтайлысын таңдай білу;
  • түрлендіруші немесе жетілдіруші сипатты; мұнда адам өз іс-әрекеттері арқасында өзін қоршаған ортаны өзгертеді, жетілдіреді.
  •  Нәрселік немесе заттық сипаты; мұнда адамның материалды дүниемен қарым-қатынасы көрініс береді;
    • саналылық сипаты.

Адам іс-әрекеттерінен келтірілген мәнді қасиеттерінің жекелеген түрлерімен емес, олардың көп нұсқалылығымен, өзара байланысы бірлігі тұтастығымен ерекшеленеді.

Адам табиғатты өзгертумен қатар өз табиғатында өзгертеді, ол өзінің іс-әрекеттерін санасымен, зердесімен байытады. Іс-әрекет процесінде адамның ойлау, ойлана білу қабілеті дамиды, ал ойлау нәтижесінде іс-әрекет түрлері жетіледі. Оның тиімділігі артады, қаражат метариалдық шығын үнемделеді, іс-әрекет нәтижесінде пайда болатын шығармашылық туындылардың, өндірілетін материалдық  игіліктердің сапасы жақсарады.
Тағы рефераттар