Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру туралы қазақша реферат

Қылмыстың тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы.

Осы қылмыстың затына – адамдардың өміріне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпараттар жатады.

Ақпараттарға – адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, құбылыстар, жер сілкінісі қаупі, зиянды газдардың, радиоактивті, химиялық заттардың таралуы, құрылыстардың, ғимараттардың апат қаупі, қоршаған ортаны залалдандыратын микроорганизмдердің, аурулардың таралу мәліметтері жатады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс обьективтік жағынан адамдардың өміріне немесе денсаулы-ғына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті адамның жасыруі немесе бұрмалауы арқылы сипатталады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 268-бабының пайда болуының заңдылық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 2-тар-мағында тікелей көрсетілген « адамдардың – өмірі мен денсаулығына қатер төн-діретін деректер мен жағдаяттары лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады » деген конституциялық қағида болып табылады.

Жасыру – тұрғындарға төнген қауіптің пайда болуы жөнінде ақпарат бермеу.

Бұрмалау – төнген қауіп жөніндегі шындыққа жатпайтын, толық емес мәлімет-терді хабарлау.

Қылмыс формальдық құрамға жатады. Ол осы көрсетілген әрекеттерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субьектісі арнаулы – халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті адам.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 268-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауап-тылық белгіленген

.

Тағы рефераттар