Африканың ішкі сулары туралы қазақша реферат
Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.
Ніл (лат.Nіlus , гр. Neіlos ) – Африкадағы және дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км, алабының аумағы 2870 мың км2. Орташа су ағымы Асуан маңында 2600 м3/с (әр жылдары 500 м3/с-тан – 15000 м3/с-қа дейін ауытқиды). Шығыс Африка таулы үстіртінен 2000 м-ден астам биіктікте басталып, Жерорта теңізіне атырау жасап құяды. Ніл Рукарара өзені болып басталып, Кагера өзені арқылы Виктория көліне құйып, одан Виктория – Ніл деген атпен ағып шығады. Альберт көлінен кейін Альберт – Ніл, Асуа саласы қосылған жерде Бахр-әл-Жебел, Бахр-әл-Газал қосылғаннан кейін Ақ Ніл (Бахр-әл-Әбияд) деп аталады. Хартум қаласының тұсында Ақ Нілге Көгілдір Ніл қосылады да, сағасына дейін Ніл деп аталады. Жоғарғы бөлігінде ағысы қатты, арнасы шоңғалды және көптеген суқұламалар жасайды. Ең ірісі – Мерчисон суқұламасы (биікт. 40 м). Таулы үстірттен шыққаннан кейін өзен аса кең, жайпақ қазаншұңқырды басып ағады. Ағысы баяулайды, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Аңғарында кристалл тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар пайда болған (Хартум мен Асуанның арасында 6 шоңғал бар). Көгілдір Ніл алабында жаңбыр жазда мол жауады. Сондықтан Ніл төмен ағысында жаздағы су шығыны сабасына түскен кездегіден 5 есе асып түседі. Ніл аңғары адамзаттың ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға, кеме қатынасына, халықты сумен қамтамасыз етуге, балық аулауға пайдаланылып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97%-ы тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған (ең ірісі – Асуан СЭС-і). Кеме жүзетін су жолының ұз. 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартум, Асуан, Каир, атырауында Александрия қалалары орналасқан.
Замбези — Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км2. Бастауын Конго-Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазынақұяды. Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі. Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км-ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8,0 мың км2 болатын атырау түзеді.Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салал
Ньяса (Nyasa), Малави – Оңтүстік-шығыс Африкадағы Мозамбик, Танзания, Малави жеріндегі көл. Шығыс Африка тау қыратындағы тектоник. жарылымда 472 м биіктікте орналасқан. Ньяса дүние жүзіндегі аса ірі, әрі терең көлдердің қатарына кіреді (тереңдігі 726 м). Аумағы 30,8 мың км2. Ұзындығы 580 км, ені 80 км. Жағалары тікжарлы, жартасты. Өзен ағыны мен жауын-шашын көлге жылына 72 км3 су қосады. Оның 66 км3-і булануға кетеді. Қалғаны Шире өзені арқылы Замбезиге қосылады. Көлде қолтырауын, бегемот және су құстары көп. Балыққа өте бай. Ерте заманнан бері су жолы ретінде пайдаланылып келеді.ары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді.
Чад — Орт. Африкадағы тұйық көл. Нигерия, Нигер, Чад, Камерун жерінде. Ұз. 270 км, ені 150 км. Климат ылғалд. жоғары кезінде (бұдан 5 — 6 мың жыл бұрын)көл ауд. 400 мың км2-ге жеткен, қазіргі ауд. 10 мың км2-ден (маусым — шілдеде) 26мың км2-ге дейін ауытқып отырады. Тереңд. 4 — 11 м. Көл айдыны 240 м биіктіктегіжайпақ қазаншұңқырда орналасқан. Батыс және оңт. жағалауы жазық әрі батпақты; солт.-шығыс және шығыс жағасы күшті тілімденген, көптеген аралдары бар. Көлге Шари және
Комадугу-Йобе өзендері құяды. ґзендермен жалғасқан жерлерінің суы тұщы, қалған бөлігітұзды. Ч. к-нің суы жақын маңдағы ауданның грунт суын толықтырып, үнемі жаңарыптұрады. Жануарлардан бегемот, қолтырауын, қаз, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді. Балықауланады. Шари және Комадугу-Йобе өзендері аралығында кеме қатынайды.
Тағы рефераттар
- Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні
- Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
- Стохастикалық программалаудың өзара екі жақтылық есебі
- XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз жеріндегі егіншілік
- «High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекеттерін талдау