60-шы жылдары «мәліметтер базасын басқару жүйесі» (МББЖ) деп аталатын арнайы программалық кешендер құруға әкеліп соқтырды.
— Мәліметтер базасын ұйымдастыру үшін файлдық жүйелерді қолданудың алғашқы тәжірибесі бастау болды. Файлдық жүйелер үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеудің әртүрлі мәселелерін тапты және мәліметтер базасы теориясының дамуына негізгі бағыттарды қалады.
Қолданбалы ақпараттық жүйе, осы қасиеттері бар қандай да бір мәліметтерді басқару жүйесіне сүйенетін болса, онда бұл мәліметтерді басқару жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) болып табылады. Тексттік редакторлердің де, кестелердің де, графиктік редакторлердің де мүмкіндіктерін пайдаланатын интегрирленген пакеттерді жасауға талпыныс байқалып отыр. Бірдей операцияларды – мәліметтерді жасау және өңдеу деген сияқты, орындау үшін арналған әртүрлі программалардың көп болуы, ақпараттың әртүрлі үш негізгі түрі болуымен байланысты: сандық, графиктік, тексттік.
МББЖ ақпаратты сақтауға көбінесе қолданылады, олар осы мәліметтердің барлық типтерін, бір бүтінге біріктіруге мүмкіндік береді. Қазір ақпараттың басқа екі түрі дамып келеді: дыбыстық және видео ақпараттың. Олар үшін әлден редакторлары жасалған және енді олар мәліметтер базасының үзілмес бір бөлігі болулары да ғажап емес.
Келтірілген анықтама иерархиялық және желілік МББЖ-лардағы қойылған бағыт көрсетушілер үшін орын қалтырмайды. Осыған қарамай, МББЖ баба/ұрпақ қатынасын да жүзеге асыра алады, алайда, бұл қатынастар кестелердегі мәліметтер мәнімен ғана келтіріледі.
МББЖ-ның негізгі ерекшелігі – бұл тек мәліметтердің өзін ғана емес, сондай-ақ олардың сипаты мен құрылымын сақтау мен енгізуге арналған процедуралардың бар болуы.
МББЖ басқаратын және сақталған мәліметтердің сипаттамаларынан тұратын файлдарды, мәліметтер банкі деп атай бастады, содан соң «мәліметтер базасы» деп атады. МББЖ жұмыс ұйымдастырудың типтік сызбасын келтірейік (сурет 1).
Сурет 1. МББЖ-ны қолданғанда программалар мен мәліметтердің байланысы
Модельдер үш категорияға бөлуге болады.Олар:обьектілі, жазу негізінде, физикалық. МББЖ қолданушыларға мәліметтерді сақтауға, шығаруға, жаңартуға мүмкіндік беруі керек. МББЖ-ның қолданушыларға арналған каталогы болуы керек. Онда мәліметтер элементтерінің бейнеленуі сақталған.
МББЖ-ның негізігі мақсаты ол қолданушыға ақпаратты автоматты түрде беру. Комитет үш деңгейлі архитектураны қолдануға шешім қабылдады. Олар: ішкі, сыртқы, концептуалды.Қолданушы қабылдайтын деңгей ол сыртқы болса, ал МББЖ және операциялық жүйе ішкі жүйе арқылы қабылдайды. Концептуалды дегеніміз ол МБ-да қандай мәліметтер бар, олардың бір-бірімен байланысын суреттейді.
МББЖ- ның мәліметтермен жұмысының ішкі тілі екі бөліктен тұрады: Мәліметтерді анықтау тілі және мәліметтерді басқару тілі.DDL-тілі мәліметтер схемасын анықтауға қолданылса, DML – тілі ол мәліметтерді жаңартуға және оқуға қолданылады.
Мәліметтерді басқару операцияларына жататыңдар:
— мб -на жаңа мәліметтер еңгізу;
— мб-да сақталған ақпараттарды модификациялау;
— мб-да бар ақпараттарды шығару;
— мб-нан ақпараттарды өшіру.
Мәліметтер моделі деп мәліметтерді бейнелеуге арналған түсініктердің интегрирленген тобы. Мәліметтер моделін мына үш компоненттердің қосындысы ретінде көруге болады:
— құрылымдық бөлім, МБ құрыла алатын ережелер тобы;
— басқару бөлімі, мәліметтермен операцияларды жасай алатын типтер;
— мәліметтердің тұтастылығы.
ANSI-SPARC архитектурасының ерекшелігі ол схема туралы, қолданушылар туралы мәліметтері бар жүйелік каталогтың бар болуы. Жүйелік каталог немесе мәліметтер сөздігі ол ақпараттарды сақтаушы. Жүйелік каталогта келесі ақпараттар сақталады:
— элементтердің аты, типі, көлемі;
— қатынас аты;
— тұтастылыққа шектеулік;
— мәліметтерге рұқсаты бар қолданушылардың аттары;
— ішкі, сыртқы, концептуалды схемалар;
— статистикалық мәліметтер.
Жүйелік каталогтың келесі ерекшеліктері бар:
— мәліметтер жайлы ақпараттар орталықтандырылған бірге жерге жинақталып және сақталады;
— ақпараттардың мәнін түсінуге болады. Ол мәндер арқылы басқа қолданушылар ақпараттың не үшін керек екендігін біледі;
— хабарламалар жеңілдейді;
— орталықтандыру арқасында жетіспеушіліктер немесе ақаулар жеңіл табылады;
— мб-на жасалған өзгерістер протоколданады;
— қауіпсіздігі жоғарланады;
— біртұтастылық;
— сақталатын ақпаратқа аудит жасалады;
Тағы рефераттар
- Фонтанды арматура
- Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігі
- Фосфордың алынуы мен қолданылуы
- Білім беру саласынын қаржыландырудың негізгі принциптері
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ