Ғарыштық жілік N жүйелерін зерттеу космологияның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі болып табылады. Идеалды сұйықтықтың «Шаң тозаң бұлттары» үшін бұл жұмыстарда релятивистік модель зерттелді. Бірақ дене нүктелік бөлшектер ретінде емес, шексіз біртекті бұлт ретінде берілген. «Жіліктік бұлттар» түріндегі материямен берілген Эйнштейн теңдеуін зерттеуде 3 себепті бөлуге болады. Ол себептер мынадай: Біріншіден релятивистік жіліктер классикалық дәрежеде көптеген өзара әсерлесу мүмкіндігін туғызады. «Жіліктік бұлттар» моделінің бірі, ол жақыннан әсерлесу концепциясына негізделген теоретико-өрістік модель. Бұл формализм бөлшектердің әсерлесу зерттеулерінің идеяларына негізделіп жасалған. Сондықтан, біз осы логикаға сүйене отырып N жіліктік жүйеде келтірілген гравитациялық өріс қасиеттеріне дұрыс түсініктеме беруіміз керек.

Екіншіден, ғаламды кеңістіктік денелер қосындысы деп қарастыруға болады. Осылай біз ғарыш объектілерінің қасиеттерін зерттеу үшін «жіліктік шаң-тозаң» космолгияның жақсы модельі болатынын көреміз.  Оған қоса галактикалардың үлкен масштабты сипаттааларының қалай болғаны қазіргі астрономяның фундаменталды проблемаларының бірі болып табылады.

Үшіншіден, жаңа зерттеулер ғарыштық жіліктердің бар екендігін растайтын қосымша аргументтер беріп отыр.

Жоғарыда айтылған жұмыстар жіліктік бұлттарды жалпы салыстырмалы теориясында зерттеуде оның сфера-симметриялық шашырауын көруге мүмкіндік берді және көпқабатты жұлдыздың қарапайым модельін құруға жол ашты. Бірақ, бұл жұмыстарда тұрақты масса тығыздығы бар жілік қарастырылды, ал ол уақытқа тәуелді.
Тағы рефераттар