Бұл кезеңдегі туризмнің дамуы міндетті түрде орындалды. Жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды. Жоспарлардың ұзақ мерзімі 5-10 жылға әзірленіп, туризм бойынша жоғарғы органдармен бекітілді. Жоспарлардың нормативті көрсеткіштері қатаң бақылауға жатқызылды. Бұл кезең әлеуметтік туризмді ары қарай дамытумен сипатталды. Туризм жас ұрпаққа тәрбиелік әсер ету құралы ретінде қолданылды. 1970 ж. маусым айында КСРО ағартушылық министрлігінің Орталық балалар экскурсиялық -туристік станциясы құрылды. Сонымен қатар, 1970 ж. жастар мен мектеп оқушыларының бүкілодақтық жорықтары мен экспедициялары жүргізілді. Мұндай жаппай туристік іс-шаралардың мақсаттары патриотизмге тәрбиелеу мен экскурсиялық өлкетану жұмыстары, спорттық жаттығулар болды. 1980- 1992 жж. аралығында емдік-сауықтыру туризмінің материалдық-техникалық базасы өсті, ірі қалаларда жаңа қонақүй кешендері пайда болды, қызмет көрсетудің жаңа түрлері — жанұялық демалыс пен курстық емдеу таралым алды. Курстық емдеу кезінде демалушылар пәтерлер мен жеке сектордың үйлерінде тұрса, ал емдеу мен сауықтыру курсын санаторийлерде алды.
Бұл кезеңде экскурсиялық қызмет көрсету жақсы дамыды. Ел бойынша экскурсиялық бюролар саны 900-ден асты. Ал рекреациялық қызмет көрсету санаторийлер мен демалыс үйлерінің базасында жүзеге асырылған. 1985 ж. туристік ұйымдар 38 млн адамға қызмет көрсетсе, экскурсиялық ұйымдар 21 млн адамға қызмет еткен. КСРО-дағы шетелдік туризмнің жыл сайынғы өсуінің ең жоғарғы қарқыны 1976-1980 ж. аралығына келді. Ол орташа әлемдік көрсеткіш 5-6 % болғанда, КСРО-дағы шетелдік туризмнің өсімі 10% құраған.
1972 ж. «Пионерская правда» газетімен орталық балалар экскурсиялық-туристік станциясы «Моя Родина — СССР» деген пионерлер мен мектеп оқушыларының бүкілодақтық туристік-өлкетану экспедициясы туралы қаулыны қабылдады.
Әкімшілік нормативті кезеңнің негізгі белгілері:
— туризмнің дамуы қатаң нормалау мен жоспарлау жағдайында болуы;
— туризмнің географиясының кеңеюі;
— жағымды территориялық-климаттық зоналарда рекреациялық қызмет көрсетудің шоғырлануы;
— қызмет көрсетудің жаңа формаларының таралуы;
— әлеуметтік және өзіндік туризм базасының қалыптасуы;
— туризмді зерттеудің ғылыми негіздерінің құрылуы;
— шетелдік туризм көрсеткіштерінің өсуі.
Тағы рефераттар
- Тоқыма
- Болмыс ұғымы
- Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
- Қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржыландыру
- Резинаны утилизациялау және қолданылуы