Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау туралы қазақша реферат

Өлшеу дегеніміз – зерттеу мақсатына қажетті белгілі бір сипаттағы сандық мөлшерді анықтау. Субъективті қасиеттерге (талғам, әдет, т.б) қарағанда, объективті қасиеттерді (адамдардың жасы, табысы, саны) өлшеу оңай болып келеді. Бұл  қасиеттерді бағалау үшін оларды белгілі бір сан жүйесіне, өлшем шкаласына ауыстыру керек. Адамдардың белгілі бір тауарға қатынасын қалай өлшеуге болады? Өлшем шкалаларының мынадай түрлері бар:

1.  Номиналды   шкала.    Объектілерді   айқындау   үшін оларға сандық мән беріледі (мысалы, әлеуметтік сақтандыру коды). Зерттеулер жүргізгенде ерлерге — 1, ал әйелдерге – 2 деген код берілуі мүмкін.

2.  Сипаттама шкаласы — «иә» немесе «жоқ», «келісемін», немесе «келіспеймін» деген жауаптарды пайдалану.

3.   Атаулар шкаласы — сандық сипаттамалар берілмейді, тек атаулар ғана пайдаланылады. Мысалы: «Сіз тұрмыстық техниканың қандай  маркасын  жиі  сатып  аласыз:   «Sony», «Philips», және т.б.

4.   Тізбек   шкаласы.  Тізбек   —   объектінің   мөлшерін сипаттайды:  мөлшер белгілі бір нәрседен «үлкен», «кіші» және онымен «бірдей» болуы мүмкін.

5.  Интервалды шкала – шкаланың жеке градациялары арасында  белгілі  бір  аралық  белгіленеді.   Шкала  біркелкі сипатта    деп    есептелінеді.

6.   Қатынастар шкаласы —  нөлдік нүктесі  бар  шкала. Мысалы, соңғы ай ішінде «Рамстордан» қанша мәрте тауар сатып алдыңыз? Жауаптар шкаласы: 0 ден 5-ке дейін 5-тен 10-ға дейін болуы мүмкін. Сатып алулардың көп екендігін көрсету қажет.

7.   Лайкерт шкаласы (сомалау арқылы бағалау әдісі) –объектіге  қатысты  сезімдердің  қарқындылығын  көрсетуге мүмкіндік беретін, кеңінен қолданылатын әдістеме. Мұндай жағдайда  бағалау  мынадай  ұйғарымдарды  пайдаланып,  5 баллды жүйемен жүргізіледі, ол: 5 – толығымен келісемін, 4 –келісемін, 3 – бейтараппын, 2 – келіспеймін, 1 – толығымен келіспеймін деген жауаптардан тұрады. Жауаптың жиынтық мөлшері қатысушыға әрбір ұйғарымы үшін алған баллдар жиынтығымен есептеледі. Салыстыру үшін іріктеме қатысушылары жиынтығының орташа тандарты мәні белгіленеді. Содан   соң   қорытынды   шкалада   сұрақтардың   қайсысы жоғары және төмен баллдар арасында екендігін білу үшін жауаптарға баға беріледі. Бұл  әдісті сауалнама құрастырғанда, мәнді сұрақтарды таңдау үшін пайдалануға болады.

Сұрақтарды жасау барысында керек өлшемді өлшеу үшін Лайкерт шкаласы сияқты дайын стандартты шкалалар түрлерін пайдаланған тиімді.

Таңдалған өлшем шкаласы сауалнаманың ақпараттық сипатын айқындап, статистикалық талдаудың қандай түрін зерттеуде пайдалану керектігін анықтайды.

Пікір сұрау жүргізгенде белгілі бір қателер болуы мүмкін:

ә) Сауалдар күмәнді болса, жүргізу уақыты дұрыс таңдалмаса, респонденттер пікір сұраудан бас тартуы мүмкін.

Б) Кейбіреулер өтірік жауап беруі мүмкін. Сондықтан зерттеуші жауаптардың нақты және дұрыс болуына ықпал етуі керек.

Ақпаратты жинау кезінде кездейсоқ және кездейсоқ емес қателер болуы мүмкін. Кездейсоқ қателер іріктеменің кемшіліктері, сауалнамаларға берілген жауаптардың қателері, респонденттердің жалған жауаптары сияқты факторлар нәтижесінде пайда болады.

Кездейсоқ емес қателер – ол: 1) респонденттер түгелдей жауап бермеген кездегі қателер; 2) мәліметтерді жинау қателіктері.
Тағы рефераттар