АҚШ Атқару билігі туралы қазақша реферат
Оларға заң шығару, сыртқы, ішкі сауданы бақылау, ақша шығару, почта жұмысын реттеу, армияны жинау және ұстау, полиция, соғыс жариялау, сыртқы қарыздарды алу сияқты құқықтар берілген. Және осыған қоса халық арасында пайда болған көтерілістерді басу туралы актілерді шығару құқығы берілген. Штаттарға басқа штаттармен одаққа тұруға, шет ел мемлекеттерімен бір коалицияга кіруге, өзіне әскер жинауға рұқсат етілмейді. Бірақ олардың қолында азаматтық қылмыстық, процессуалдық құқықтар бар.
Атқару билігі АҚШ-тың Президентінің қолында болады. Ол екі сатылы сайлаумен төрт жыл мерзіміне сайланады. Оның жасы отыз бестен төмен болмауы керек. Президент өз қызметіне тек ант бергеннен кейін кіріседі. Конституция бойынша ол қызметке тек келесі жылдың наурыз айынан бастап кіріседі. Президент армия мен флотты басқарады. Өз кабинетінің кез келген адамын ауыстыра алады. Мемлекеттің басшысы ретінде ол елшілерді қабылдап, оларды тағайындайды.
Сенаттың келісімі бойынша ол АҚШ-тың жоғарғы сот пен федералдық құрылысының судьяларын тағайындайды. Президент федералдық заңдарды орындауды қадағалайды. Бас бостандықты әперуге құқығы бар. Екі палата келіспеген жағдайда Президент сессияның мерзімін өзгертуге құқылы. Ол керек кезде екі палатаны да шақырып ала алады.
Президент Конгрестің қарауына кез келген істі ұсына алады. Әрбір Конгреспен қабылданған билль Президенттің қолын талап етеді. Егер он күн мерзімінде өзінің ойын айтпаса, оыда ол билль заң болып қалыптасады. Егер Президент ол бильмен келіспесе, онда ол всто қояды. Ветоны алып тастау үшін ол билльді Конгрестің бірден үш бөлігімен қабылдауы керек. Президенттің құқықтарымен қысқа таныстырғанның өзінде оның құқықтарының өте кең мазмұнға ие болғандығы байқалады. Жоғарғы соттық билік АҚШ-тың жоғарғы сотына беріледі. Оның өкілдері Президентпен қойылады. Және қызметтерін өмір бойы сақтайды. Конституция олардың жалақыларын қысқартуға рұқсат бермейді. Жоғарғы соттың заң құрылысы өте жақсы құрылған деп саналады.
Конституция өте қатал деп саналады. Оған түзетулер штаттардың бірден үш бөлігінің қабылдауымен ғана күшіне енеді. Сондықтан да конституцияны өмір сүргениен бастап оған жиырма алты ғана түзету енгізілген. Конституция бекітілген кезде заң жиналысы оның баптарына азаматтардың бас бостандығы туралы баптар мен толықтырулар енгізуді сұрайды. Халықтың басым бөлігінің жөне франдуз төңкерісінің әсерімен 1789 жылы басшылық таптар Конституцияға он екі түзету енгізуге мәжбүр болды. Онда алғашқы он түзету маңызды рөлі атқарған.Түзетулердің бірінші циклын америкалық заң туралы билль құрастырады. Ол өз күшіне 1791 жылы енді. Бірінші түзетуде сөздің, баспасөздің, діннің бостандығы туралы айтылады. Халықка бейбіт түрде жиналып және үкіметке өздерінің талаптарын айтуға рұқсат берді. Екінші, үшінші түзету хадыққа өзінің милициясын осын құруға, қару-жарақ алуға рұқсат берді.Төртінші түзетуде адамға қол тигізбейтіндігі туралы, үйіне, құжаттарына, мүлкіне қол тигізбеу туралы айтылады. Тұтқынға алуды, тінтуді белгілі санкциясыз істеуге болмайды. Бесінші бап присяжный сотын енгізді. Сегізінші түзетуде былай делінгені федералдық конституциямен штаттардан тартып алынбаған құқықтар штаттың немесе халықтың қолында болады.
Заң туралы билльдерді қабылдау үш үлкен прогрессивтік рөльге ие болады. Ойды ташық күрестің нәтижесі ретінде және демократиялық күштің жеңуі ретінде қарастырған жөн. Бірінші он түзету сол кездегі өте үлкен буржуазиялық — демократиялық жеңілдіктерді және Америка азаматтарының құқықтарын бекітеді. Конституцияның өзінде мемлекетті қалай басқару мәселелері шешілді, ал азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы ете аз айтылған еді. Сондықтан бұл кемшілікті толтыру үшін осы құжат қабылданған. Америка демократиясының негізі де сол. Еркі мен саяси ерікке тыйым салу ретінде ар-ождан еркі мен саяси шек қою.
Халық азаматтык құқығын сақтауга және қару-жарақ ұстауға құқықты. Осы түзетуді Д. Буш АҚШ президенті болған кезде өзгерткісі келді, бірақ бұл бап бұрынғы түрінде өзгермей қалды. Жеке адам және тұрғын үйдің дербестігі туралы ерекше айтылған. Негізсіз тіптеу және қамауға алу кезінде адамның жеке басына, тұрғын үйге, қағазға және мүлікке деген құқықтары бұзылмауы керек.
Төртінші түзету Еуропа құрлығына белгісіз. Ол үлкен қылмыстардың болмауын және жіберілмеуін қадағалап, сондай-ақ өзін-өзі кінәлауға арнайы құқық шығару жөнінде ақысыз жеке меншікті тоқтату жөнінде қаулы шығарды.
Ашық сот құқығы маңызды құқықтарға жатады. Айыптаушының құқығын, оны қорғау үшін мемлекеттік айыптаушы жағынан қозғалған істерді алдын ала жариялау бекітілді. Құқық жөнінде Билльдің екі жағдайына көңіл аударайық.
АҚШ заң жүйссінің негізгі 7 принципі бар. Заңның билігі. Әрбір азамат өз құқығын тәуелсіз сотта заң бойынша қорғай алады.
Биліктің бөлінуі. Заң шығару билігі халық сайлаған депутаттардан тұрады және ол заң қабылдайды. Атқару билігі қабылдаған заңдарды жүзеге асырады. Сот қабылданған заңдарды талқылап, шиеленісті жағдайларды шешеді.
Тәуелсіз сот.
Соттың қайта қарауы. Сот істі қарап отырған жағдайда атқару немесе заң шығару биліктерінің қауымы немесс бұйрығы Конституцияға қарсы екенін тапса, ол оны жоюға құқықты.
Жарысу процесі.
Тиісті процесс. Үкіметтің қызметінен немесе заңның қатесінен зиян көрген азаматтар өздерінің шағым арызын жазып, ресми түрде позициясын түсіндіріп, алған кемістігін қайтаруға немесе шығарған бұйрықты жұмсартуға құқықты.
Тағы рефераттар
- Порталдың ғылыми-әдістемелік-ұйымдастыру жұмысының бағыттары
- Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
- Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
- Литосфера қабатындағы өзгерістер
- Ойын-өмір мектебі (балабақшадағы семинар)